Мақал-мәтелдердің басқа тілдегі баламалары
Қазақ мақал мәтелдері. Орыс тілінде. Ағылшын тілінде.
Ауру қалса да, әдет қалмайды. Привычка - вторая натура. Custom is a second nature
Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі. Двум смертям не бывать, а одной не миновать. A man can die but once
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Без труда не выташишь и рыбки из пруда. A cat in gloves catches no mise
Өтірік өрге баспайды. Шило в мешке не утаишь. Murder will out.
Ұрлықшының арты қуыс. На воре шапка горит. If the cap fits, wear it.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен. Нужны дела, а не слова. Deeds, not words.
Суға кеткен тал қармайды. Утопающий хватается за соломинку. A drowning man will catch a straw.
Көне түркі халықтарының мақал мәтелдері
"Диуани лұғат ат-түркте" халық арасына осыдан мың жылдай бұрын кең тараған мақал-мәтелдер, афоризмдер жиі ұшырайды. Ұтымды айтылып, қысқа қайырылатын даналық сөздер адамның сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туатыны мәлім. Мақал мен мәтелге айналып кеткен ғибрат сөздер — өмірдің қыры мен сырына әбден қанығып жасалған қорытынды пікірлер ретінде қабылданады.
Енді "Диуани лұғат ат-түркте" кездесетін осындай мақал мәтелдерден мысал келтіріп өтейік:
Батыр — майданда, ғалым — әңгімеде сыналар.
Күздің келетіні жаздан-ақ белгілі.
Бақыт белгісі — білім мен ақыл.
Әдептің басы — тіл.
Арыстан қартайса тышқан інін күзетер.
Қылымси білсе — қызыл киер,
Жарамсақтана білсе — жасыл киер.
Міне, осы секілді мақал-мәтелдер біздің әдебиетімізде де дәл осы күйінде, кейде сәл ғана өзгерген түрінде көп қолданылып келеді. Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде айтылып жүрген мақал-мәтелдердің бірқатары сонау көне заман жәдігері. "Диуани лұғат ат-түрктегі" осындай мақал-мәтелдерге қарап, бұдан он ғасыр уақыт бұрын айтылған даналық ойлар бүгінгі күнге дейін өзінің алғашқы мән-мағынасын жоғалтпағанына куә боламыз. Мысалы:
Кеңесті іс келісе береді,
Кеңессіз іс кері кетеді.
Құс қанатымен,
Ер атымен.
Көрікті тоның өзіңе болсын,
Шырын асың өзгеге болсын.
Алымшы — арыстан,
Берімші — тышқан.
Кіс аласы ішінде,
Жылқы аласы сыртында.
Ұлық болсаң, кішік бол,
Інген ыңыранса, бота боздайды.
Арнасыз ат жүрмес,
Арқасыз алып жеңбес.
Махмұд Қашқари еңбегінде бұдан басқа да көптеген мақал-мәтел оқырманын әділдікке, ар-намысты жоғары ұстауға, махаббатқа адал болуға, мейірімділікке, ізгілікке үндейді. Сөйтіп, бізге бұл еңбек арқылы көне заман куәгеріндей болып кеткен өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер халық көңіліндегі қайғы-қасірет пен қуаныш серігі екені даусыз.
Ал, "Диуани лұғат ат-түрктегі" әдебиет үлгілерінің көркемдік сипатына келер болсақ, түркі тайпаларының әртүрлі поэтикалық жанрларда көркем туындылар жасағанын көреміз. Мысалы, Махмұд Қашғари жинағындағы еңбек, ерлік, сүйіспеншілік т.б. мәселелерге арналған өлеңдердің барлығы лирикалық жанрдағы шығармалар болып келеді.
Сондай-ақ мұнда дидактикалық сарындағы поэзияның алғашқы нұсқалары да ұшырасып қалады. Бұл жырларда көбінесе мораль-тәрбие мәселелері сөз етіледі. Мұның бәрі халықтық фальклор мен жазба әдебиет жанрларының көптігіне ғана емес, сонымен бірге, кейбір поэтикалық формалардың түп-тамыры тереңде, алғашқы қауымдар қойнауында жатқанын көрсетеді.
Махмұд Қашғаридің осы еңбегіндегі өлең-жыр үзінділері фальклор мен жазба әдебиеттің үлгілері болып жазылған. Жинақтағы поэзиялық туындылар өзінің құрылысы жағынан, буын саны, бунағы, ұйқасы тұрғысынан қазіргі қазақ өлең-жырларына тым жақын болып келеді.
Халық ауыз әдебиеті өзінің тақырыптық жағынан да, идеялық тұрғысынан да сол кездің өзінде-ақ мейлінше дамып жетілгені даусыз. Ең бастысы бұл өлең-жырлар қоғамдық-әлеуметтік өмірдің сан түрлі, маңызды мәселелерін қамтып, олар жөнінде нақты пікірлер айтады. Қорыта айтқанда, Махмұд Қашғаридің теңдесі жоқ бұл шығармасы біздің еліміздегі түркі тілдес халықардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық тұрғыдан қарастырғанда ұрпақтан ұрпаққа жеткен бай мұра.
Достарыңызбен бөлісу: |