Емдеу тəсілі
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Науқасты бөртпе пайда болғанға дейін 5 күнге дейін, пневония болса, 10 күнге дейін оңашаулау керек.
2. Науқаспен қатынасқандарды 21 күнге ажырату.
3. Қызбаның бүкіл кезеңі мен дене қызуының қалпына келгеніне дейін алғашқы 2 күн төсекте жатып емделу режимі сақталады.
4. Науқастың қатаң гигиенасы: жүйелі түрде жуындыру, көзін жылы, қайнатылған сумен, калий перманганат ерітіндісімен жуу.
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Ретинол пальмитаты – күніне 1 рет, 2 күн бойы: 6 айға дейін -50.000 Бірл, 6-11 ай-100.000 Бірл, 12 ай жəне одан жоғары - 200.000 Бірл.
2. Қызба кезінде – парацетамол* бір реттік дозада: 3 айға дейін-10 мг/кг, 3 ай -1 жыл -60-120 мг, 1-5 жас -120-250 мг, 6-12 жас-250-500 мг, 12 жастан жоғары (слмағы 60 кг-нан көп)- 500 мг. Ара қашықтығы 6 сағатан кем емес.
3. Жөтелге қарсы амброксол қабылдайды: 12 жастан жоғары - 30 мг тəулігіне 2-3 рет, 5-12 жас - 15 мг тəулігіне 2-3 рет, 2-5 жас – 7,5 мг тəулігіне 3 рет, 2 жасқа дейін – 7,5 мг тəулігіне 2 рет.
Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Уыттанудың айқындалған белгілері.
2. Асқынулар: пневмониялар, тарылуы (стеноз) бар ларингиттер, плевриттер, обструкциялы бронхиттер, энцефалит, менингит, энцефаломиелит, мастоидит, пиелонефрит, энтероколит, орбита флегмоналары.
3. Салдарлық жұқпаның қосарласуы.
4. Созылмалы аурулардың өршу
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
Интернет мәліметтері
Достарыңызбен бөлісу: |