Реферат орындаған: Тексерген: Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі



бет15/19
Дата09.05.2020
өлшемі31,58 Kb.
#66758
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Реферат (2)

Жетілмеген остеогенез

Жетілмеген остеогенез мезенхиманың дұрыс қалыптаспауынан тіс тіндерінде коллагеннің жетіспеушілігінен дамитын және жиі тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатады. Сүт тістері мен тұрақты тістер бірдей жарақаттанады, тістер шыққаннан кейін тіс кіреукесі дентиннен тез ажырайды. Беті ашылған дентин тез арада қажалуға ұшырап, тістердің көлемі кішірейе бастайды.

 

Гипофосфатезия.

Бұл ауру сілтілі фосфатазаның құрылуының туа дамыған ауытқуы әсерінен дамиды. Ауру күрделі клиникалық белгілермен сипатталады: бас сүйегі күмбезінің сүйектену уақытының бұзылуы; аяқ-қолдың деформациялануы және жиі сынуы; шаш және тырнақтардың сынғыштығы, көкшілденуі (цианоз); жиі жүрек айнуы мен құсу; іш жүрмеуі; бұлшық еттердің тырысып тартылуы. Сонымен қатар тіс түбірлерінің толық дамымауы, кіреуке гипоплазиясы, уақытша тістер түбірлерінің ерте сорылып, уақытынан бұрын тісеуі байқалады.

Рентгендік тексеру кезінде альвеола өсіндісінің нашар дамуы, сүйек тінінің кеуектенуі, уақытша тіс түбірлерінің ерте сорылуы анықталады.

Ертеректе сипатталған тістің қатты тіндерінің туа дамыған патологиялық үрдестерімен қатар, тістердің көлемдерінің, пішіндерінің, түстерінің, санының өзгеруі, жеке тістердің немесе тіс қатарларынының жарақаттануы организмдегі көптеген патологиялық өзгерістермен тікелей байланысты болуы мүмкін.

Тістердің уақытында шықпауы рахит, туберкулез, жүйке және эндокриндік жүйе аурулары, дұрыс тамақтанбау, тіс ұрықтарының ауытқи орналасуы нәтижесінде орын алады. Сонымен қатар сүт тістерінің түбірұштары аймағындағы қабыну үрдістерінің, жақ сүйектерінің дұрыс дамымауының және сүт тістердің ерте жұлынуының да маңызы бар. Кешеуілдеп шығатын тістер қатарына жоғарғы сүйір тістерді, төменгі бірінші кіші азу тістерді және ақыл тістерді, ал шықпай қалатын тістер қатарына жоғарғы бүйір күрек тістерді, төменгі кіші азу тістерді және ақыл тістерді жатқызуға болады.

Тістердің дұрыс шықпауына баланың саусақтарын, тілін, жоғарғы немесе төменгі ерінін сору сияқты зиянды әдеттері де себепкер болады.

Тістер ұрығының шамадан тыс көп болуын атавизм белгісі және тіс құрушы пластинаның жоғары өнімділігінің нәтижесі деп санайды.

Тістердің көлемінің өзгеруі көбінесе генетикалық қасиеттерге және ішкі бездер қызметінің бұзылуымен байланысты болады. Бірінші жағдайда бала әкесінің ірі жақ сүйегін, анасының ұсақ тістерін алуы немесе керісінше болуы да мүмкін. Бұл кезде барлық тістер ұсақ немесе ірі, болмаса кейбір топтағы тістерде ғана көлемдік өзгерістер байқалуы мүмкін. Гормональдық жетіспеушілік кезінде екінші күрек және сүйір тістердің көлемдерінің кішіреюі байқалады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет