№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі
РЕФЕРАТ
«Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу»
Орындаған: ИФ-45 тобының білім алушысы
Айдарханова Б. Т.
Тексерген: Мырзалиева К. Ж.
Алматы 2021 ж
Педагогикалық шеберліктің шыңына шығу
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық – қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы.
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
- Кәсіби білім – педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері.
- Педагогикалық қабілеттер – коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер.
Педагогикалық техника – мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).
Өз сезімін (эмоциясын) басқару. Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік,ықыластылықќа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамѓа да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.
Қорытындылай келе, мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Педагогикалық шеберліктің шыңына жету үшін көп еңбектену керек.
Достарыңызбен бөлісу: |