Реферат пән атауы: «Қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000)» Тақырыбы: «Б. Момышұлының өмірі, шығармашылығы»


Намыс, ар-ұят туралы айтқанда, Сіздің жігер жаныған жалынды сөздеріңіз еске түседі. Сіздің түйсігіңіздегі намыс деген не?



бет2/5
Дата03.03.2023
өлшемі102,67 Kb.
#171008
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Айсәле сро 1960-2000

Намыс, ар-ұят туралы айтқанда, Сіздің жігер жаныған жалынды сөздеріңіз еске түседі. Сіздің түйсігіңіздегі намыс деген не?
– Намыс – азаматтың алтын туы.
Ал осы намыстың өлшемі қайсы? Сипаты неде? 
– Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді.
Сіздің өмірлік ұраныңыз қандай болды?
– Қайда, қандай қызметте жүрсем де жүректегі ұраным қазақтың: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», – деген мақалы болды. Ел намысы ер намысы деп білдім.
Ал арманыңыз ше?
– Арманым халқымның намысына дақ түсірмеу болды.
Атаққа қызыққан сәтіңіз болды ма? 
Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан емеспін. Олардың өздері келді… Генерал болсам, маршал болсам, герой болсам деген емеспін. Осы атағым да жетеді. Мен награда қуғамын жоқ. Ешкімнен награда сұрағаным жоқ. Мен награда үшін емес, еліміздің тәуелсіздігі, халқымыздың намысы үшін соғыстым.
Адам қандай сипатымен сыйлы болмақ?
– Адам қанша көкке көтерілгенімен топ етіп төменнен бір-ақ шығады. Өйткені, әркім жеткен жеріне дейін барады, жығылған жерінде қалады. Атағыңа атың сай келсе ғана сыйлы боласың.
Қандай адамды ардақтайсыз? Нені ұнатпайсыз?
– Ардақты ананы қадірлеймін. Ары бар азаматты ардақтаймын. Талабы бар жасты құрметтеймін. Маңғазсынған ағаны ұнатпаймын. «Бауке, мына сөзіңіз құдайский, сіз данышпансыз» деп көзге мақтап көлгірситін ініні жек көремін. Шын дос сыртыңнан мақтайды. Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды. Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.
Сізді біреулер мақтаған кезде немесе сынаған сәтте қандай сезімде болдыңыз?
– Мен өмірімде екі түрлі аңызды басымнан кешірдім. Бір кезде мені жер-көкке сыйғызбай аңызға айналдыра мақтады. Кейінгі кезде әркімдер аңызға айналдыра жамандады. Мақтады деп тасқамын жоқ, жамандады деп жасығамын жоқ. Қара қылды қақ жарғанды мақтайды да, боқтайды да ғой, қарағым.
Нені жақсы көресіз?
– Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Қазақтың досқа деген мейірбандығын ұнатамын. Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың қасиетті сезімі сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін сыпайылығын сүйемін. Жастардың ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл – адамгершілік негізі. Жас семьядағы жарастықты жаным сүйеді. Бұл – семья – мемлекеттің қауіпсіздігінің негізі. Кәрі-жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын. Бұл – жан-жақты өркендетудің сипаты. Әке мен баланың, ағайын арасының ұйымшылдығын ұнатамын. Бұл – мемлекеттік бірліктің басы. Тағысын тағылар…
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет