Егуден кейінгі асқынулар
Егуден кейінгі (поствакциналды) асқынулар вакцинациямен байланысты патологиялық өзгерістер қатарындағы ағзадағы өзгерістер, сәйкес вакцинаның болашақта қарсы көрсеткіш болып табылады.
Вакцинадан кейінгі асқынулар сирек дамиды және оның пайда болу себебі:
1. вакцинаның тасмалдауы мен сақталу шартының бұзылысы (ұзақ уақыт бойы шамадан тыс қызу, қатыруға болмайтын вакциналарды шамадан тыс суыту және қатыру);
2. вакцинаның сапасының сай болмауы;
3. енгізу техникасының бұзылуы (мысалы БЦЖ қатаң түрде тері ішіне енгіз тиіс);
4. вакцина енгізу бойынша нұсқаманың бұзылысы;
5. қарсы көрсеткіштерді сақтамау;
6. ағзаның жеке ерекшеліктері (вакцинаны қайталап енгізгенде күтпеген күшті аллергиялық реакция);
7. иньекция орнында іріңді қабынулар және инфекцияның қосылуы.
Поствакциналық асқынуларға жатады:
1) Күшті реакциялар: дене қызуының 400С және одан да жоғары көтерілуі, дірілдер (қалыпты температура фонында да) әдеттегідей емес ұзақ жылау (3 сағаттан көп), естен тану.
2) Аллергиялық реакциялар:
> анафилактикалық шок;
> есекжем;
>> Квинке ісігі;
3) Энцефалит немесе менингиттің дамуы.
Барлық аллергиялық реакциялар вакцинаны енгізгеннен кейін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін дамиды. Сондықтан, екпеден кейін 30 минут бойы баланы бақылау керек, бұл тез және мамандандырылған
көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Көбінесе АКДС енгізгеннен кейін поствакциналық асқыну жиі дамиды:
1. гипертермия (400С және жоғары);
2. енгізу орнындағы жұмсақ тіндердің ісінуі мен гиперемиясы түріндегі ауыр жергілікті реакция;
3. анафилактикалық шок;
4. Квинке ісігі;
5. ұзақ ащы айғай;
6. естен танумен жүретін фибрилді діріл;
7. энцефалиттің дамуы (дірілдер мен ұзақ естен танумен гипертермиямен, құсумен, гиперкинездермен, аяқ-қол шаласалданумен (парез), жергілікті симптомдармен көрініс береді). Энцефалит 1:250000-300000 мөлшер жиілігінде дамиды.
Иммунизаия бойынша ерекше шарттар
> Егер АКДС вакцинациясы кеш аяқталса, АКДС-3 пен АКДС-4 (ревакцинасы) екпелері арасында 1 жылдан кем емес интервал сақталуы керек.
* Егер АКДС вакцинасындағы көкжөтелдік компонентіне қарсы көрсеткіштер болса, келесі екпелерді құрамында көкжөтелдік
компоненті жоқ препараттармен жүргізу керек, яғни АДС- анотоксинімен.
> АДС-М балалардың біріншілік иммунизациясына жарамайды.
Балалардың 12 жастағы ревакцинациясы тек АД-М препаратымен жүргізілу керек.
> Бұрын егілмеген жасы 7-ден асқан балалар мен ересектер мына вакцинация типі бойынша егілуі қажет: 2 екпе аралығы 4 апта болатын АДС-М препаратымен, үшінші екпе 6 айдан кейін.
> 15 жастан асқан балаларға ВГВ қарсы егу-алдын ала ВГВ-ға маркерлік диагностика өткізілгеннен жүргізіледі. Тексеру нәтижесі оң адамдарға вакцинация жүргізілмейді.
> Онкогематологиялық науқастар, сонымен қатар иммуносупрессивтік терапияны қабылдайтын науқастар әлсіз иммундық жауапқа қарсы ВГВ-ға қарсы вакцинаның екі еселенген дозасымен егілді және вакцинация аяқталғаннан 6 ай өткен соң қосымша ревакцинация жүргізіледі.
• Туберкулезге қарсы екпе басқа парентеральді манипуляциялармен бір уақытта жүргізілмеуі тиіс.
Қан ұйығыштығы бұзылған (гемофилия) науқастарға барлық вакциналар қауіпсіздік шаралардың сақталуымен тері астына немесе тері ішіне енгізіледі.
> ҚКП және құрамында АКДС вакцинациясы бар қабаттастырылған вакциналар уақытында еңгізілмеген жағдайларда, олардың еңгізілуін біріктірмеу керек.Инфекциялық науқастармен қарым-қатынаста болу және карантин жоспарлы екпе жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылмайды!!!!!
Достарыңызбен бөлісу: |