Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі»
ШЖҚ КМК
РЕФЕРАТ
Пән: Мейіргерлік істегі жұқпалы ауру Студенттің аты жөні: Сағидоллаева Аяжан
Мамандық: 0302000 "Мейірбикелік іс"
Біліктілік: 0302024 "Жалпы практикадағы медбике"
Топ: 4 сд С
2023 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жұқпалы аурулар кезіндегі зертханалық зерттеулерге материал жинау ережелері
Вакцинация тарихы.
Вакцинация бағдарламасы
Вакцинациядан кейінгі асқынулар
Ішек инфекцияларының алдын алу.
Ауа-тамшылы инфекциялардың алдын алу
Трансмиссивті инфекциялардың алдын алу
Сыртқы тері инфекцияларының алдын алу
Зооноздық инфекциялардың алдын алу
Медициналық персонал арасында парентеральды инфекциялардың таралуының алдын алу
Жұқпалы науқастарды күту және жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастарды тамақтандыру
Профилактика covid 19 Ковид 19 алдын алу
Жоспар:
1. Жануардың тірі кезінде ауруды балау үшін материал алу.
2. Патологиялық материалды консервілеу.
3. Жөнелтуге арналған материалға құжаттама әзірлеу Жануардың тірі кезінде ауруды балау үшін материал алу.
Жұқпалы аурулар кезіндегі зертханалық зерттеулерге материал жинау ережелері
Инфекция түріне байланысты клиникалық ауру малдан берілген ауруына сәйкес, өзіне тән жеке бастың қауіпсіздігінің шараларын сақтай отырып материал алады.
Сүт безінің секреті қоздырғыш сүтпен белсенді бөлінетін (туберкулез, сальмонеллез, желінсау) аурулар кезінде зерттеу объектісі қызметін атқарады. Сиырларда желінді сабынмен жылы суда жуады, емізіктерін 70%-дық спиртпен өңдейді.
Сүттің бірінші ақырын ағысын жояды, стерильді ыдыстарға сауып алынған 15...20 мл бірінші және соңғы порциядан секрет толтырады.
Қойлар мен ешкілерден сынамаларды желіннің цистернасының пункциясы жолымен алады. Операция жерін емізік қасынан шприцпен байланысқан стерильді инемен әзірлейді, пункция жасайды,шприцке секрет толтырады және оны резиналы тығыны бар стерильді пробиркаларға ауыстырады.
Несеп көбінесе лептоспирозға күдік туған кезде зерттеу объектісі ретінде қызмет етеді. Сиырлар мен мегежіндерден несепті тікелей катетердің көмегімен алуға немесе табиғи несеп шығуы кезінде таза пробиркаларға, құтыларға жинауға болады. Несепті малдардан таңертең тұрған кезде алған жеңілдеу болады, ал шошқаларда — күннің кез келген уақытында 1...2-сағат жатып тұрғаннан кейін.Нәжісті тура ішектен қатты жабылатын қақпағы бар стерильді ыдысқа алады. Тура ішектің қабырғасында шырыш, жуандану немесе басқа патологиялық өзгерістер кезінде қосымша қырындар. жасайды, оларды бөлек ыдысқа орналастырады.Жоғарғы тыныс алу жолдарынан және ауыз қуысынан бөлінулерді ыдысқа табиғи ағуы кезінде жинап алады немесе былай жасайды:м ұрын қанаты ж әне мұрынның алдыңғы бөлігін сумен жуады, кейін бөлінулерді стерильді тампондармен мұрынның түпкі бөліктерінен жинайды. Тампондарды 0,5 мл-ден стерильді физиологиялық ерітіндіден тұратын стерильді пробиркаларға орналастырады. Синовиальді бурса және абцессалар құрамын келесі түрде алады. Жүнді қияды, тері жабынын 70%-дық спиртпен өңдейді және йодтың тұнбасымен жағады. Кейін үлкен диаметрдегі инесі бар стерильді шприцпен пункция жасайды және пунктатты резиналы тығыны бар стерильді пробиркаға ауыстырады.Жара мен жарақаттан материалды зақымдалған шетінен және сау матадан қырып алу әдісімен алады.
Түктер мен тері бөліктерін тері ауруларына ұшыраған кезде зерттейді.
Осында түкті жұлып алады, ал қырындарын теріден скальпельмен зақымдалған Және сау матаның шетінен жасайды. Қанды серологиялық зерттеулер үшін ауру асқынған кезде, ал кей кездері 10...20 күннен кейін қайталап 10 мл-ден екі-үш ауру малдан түрлі пробиркалар ға алады.
Патологиялық материалды консервілеу.
Алынған сынамаларды зертханаға балғын күйінде жібереді; егер 24...30 сағ ішінде жіберу мүмкін болмаса, онда оларды консервантта белгілеп алады.
Бактериологиялық
Гистологиялық зерттеуге арналған зерттеуге арналған материалды 30%-дық патматериалды 10%-дық химиялық таза глицеринмен формалиннің сулы (физиологиялық ерітіндіде ерітіндісінде немесе 96%- жасаған дұрыс) немесе дық этил спиртімен вазелинді маймен бекемдейді. консервілейді. Консервант Патматериал және көлемі алынған консерванттың арақатынасы материалдың көлемінен 10 1:4 немесе 1:5. Қуысты есеге көп болуы қажет. сүйекті және ішекті әдетте ас тұзымен консервілейді.
Вирусологиялық зерттеу үшін материалды стерильдік физиологиялық ерітіндіде 30...50%-дық глицеринмен консервілейді. Патматериалдағы вирустардың биологиялық қасиетін сақтап қалудың ең жақсы және қарапайым тәсілі - салқындату. Сенімді жабылған флакондарды мақтаға немесе қорапты қағазға орайды және тығыздап 1/3 қармен немесе мұзбен толтырылған термосқа салады. Мұндай кезде термоста 12...24 сағ ішінде вирустар өзгеріссіз сақталып тұратын, температура 2...60С дейін ұсталып тұрады.
Женелтуге арналған материалға құжаттама әзірлеу
Алынған патологиялық материалға ветеринарлық дәрігер жолдамалы құжат дайындайды (3-форма). Құжатта шаруашылықтың эпизоотиялық жағдайын, малды емдегенін не емдемегенін; егер емдесе, қандай препараттармен, материал қалай консервіленгенін; жөнелтілген сынама қораптарының санын міндетті түрде көрсету керек .
Достарыңызбен бөлісу: |