Тақырыбы: Ковид 19 алдын алу Коронавирустық инфекция COVID-19 — SARS-CoV-2(2019-nCoV) коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру.Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады. Ауруға қарсы қандай да бір арнайы вирусқа қарсы емдеу немесе алдын алу құралдары жоқ. Көптеген жағдайларда(шамамен 80%) адамдар арнайы емдеулерсіз сауығып кетеді. Аурудың ауыр түрлері қарт адамдарда және демікпе, диабет және жүрек аурулары бар адамдарда дами алады. Төтенше жағдайларда өмірлік маңызды органдардың функцияларын қолдауға арналған құралдар қолданылады.
Коронавирустық инфекция қалай жұғады: - ауа тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескен кезде екі адамның аралығы жақын болса - байланыс жасау арқылы: қол алысу кезінде және беткі қабаттардан (мысалы, есіктің тұтқалары), азық-түлік өнімдері Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін төмендегі ескертулерді орындау қажет: - қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде кию; - қол гигиенасын сақтау; - әлеуметтік қашықтықты сақтау; - адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Коронавирустық инфекцияның ең көп кездесетін белгілері – дене қызуының көтерілуі (38 ° C дейін) және құрғақ жөтел. Кейде тамақ ауырып, шаршағыштық сезім пайда болып, буын ауруы, бас ауруы және ентігу сияқты белгілер пайда болады. Сирек кездесетін белгілер - мұрынның ағуы және диарея.
Коронавирустық инфекцияның алдын алу: 1. Қолды жиі жуып, антисептик қолдану
Жеке бас гигиенасын сақтау, қол мен бетті таза ұстау - коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы. Әр жарты сағат сайын қолды 20 секунд жылы сумен жуып, антисептик қолдану керек. Қол астыңызда арнайы тазарту құралы болмаса кез келген дәріханадағы кәдімгі спирт те жарамды. Егер оған аллергияңыз болса санитайзер қолданыңыз.
2. Қолма-қол ақша ұстамау
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустан қорғану үшін қолма-қол ақша ұстамауға кеңес береді. Оның орнына жеке картаңыз не телефонмен сауда жасаңыз. Ғалымдардың айтуынша, COVID-19 вирусы қатты заттың бетінде бірнеше күн тіршілік ете алады екен.
3. Телефонның экранын жиі тазалау
Смартфоныңыздың бетінде қолдарыңызға қарағанда жүз есе көп бактерия жиналады. Кейбіреуіміз, тіпті, телефонымызды күні бойы қолымыздан тастамаймыз. Сол себепті телефонның экранын сағатына бір мәрте спиртті майлықпен тазалап тұру керек.
4. Адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға бармау
Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес береді. Сол үшін де бүгін 13
наурыздан бастап инфекция таралуының алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларды, мерекелік шараларды, спорттық, ойын-сауық және мәдени шараларды, конференцияларды, семинарларды, көрмелерді және басқаларды өткізуге тыйым салынды.
5. Автобустың орнына көбірек жаяу жүру
Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбауға тырысыңыз. Оның орнына мүмкіндігінше жаяу жүрген абзал. Өйткені автобустағы кеңістіктің кіші және адамдардың көп болуы індеттің тез таралуына таптырмас орта. Дегенмен бүгін белгілі болғандай, қоғамдық көліктер әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Бұған дейін қоғамдық көліктерге таңертең рейске шығар алдында және кешке рейс аяқталғаннан кейін дезинфекция жасалатын.
6. Балалар мен қарттарға көбірек көңіл болу
Коронавирусқа қарсы қарттар мен балалар әлсіз. Балаларды қоғамдық орындарға, ойын алаңқайына жіберуді азайтып, жеке бас гигиенасын сақтау үйретіңіз. Ал дәрігерлер қарттарға үйден шықпауға кеңес берді. Дәріхана не дүкенге сауда жасау үшін жастарды жіберген абзал, өйткен үлкен кісілердің жаңа індетке шалдығуы әлдеқайда оңай.
7. Шетелге шығуды шегере тұру
Қазірдің өзінде коронавирус әлемнің 120 елінде тіркелген. Ал қазақстандықтардыкоронавирус инфекциясының өршуіне байланысты және жұғуы мен таралуының алдын алу мақсатында, яғни қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарай әлемнің 70 еліне бармауға шақырды. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерге халықаралық бағыттар шектелді. 1А және 1Б, 2 және 3 категориядағы елдерде өтетін халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынды.
8. Қол алыспау
Дәрігерлер өзге адаммен қол алыспауға және жақын тұрмауға кеңес береді. Көп елдерде ресми түрде қол алысуға тыйым салынған. Бұның бәрі коронавирус індетінің алдын алуға бағытталған.
9. Медициналық масканы 20 минут сайын ауыстыру
Әлі күнге медициналық масканың пайдасы туралы дау басылар емес. Біреулер оның коронавирустан қорғамайтынын айтса, екіншілері масканы шешпеуге кеңес береді. Дегенмен медициналық масканы адам көп жиналатын жерлерде, қоғамдық орындар мен жабық кеңістікте киген жөн. Оған қоса 20 минут сайын ауыстырып тұрған дұрыс болады.
10. Иммунитетті күшейту
COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіз және созылмалы ауруы бар адамдарға көбірек жұғатыны белгілі. Оған қоса темекі шегетін және алкогольді көп тұтатындардың коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары. Сол үшін дәрігерлер дұрыс өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыңызды реттеп, ақуызға бай, витамин құрамы жоғары тамақ тұтыну керек.
11. Жалған ақпаратқа сенбеу
Коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесет ақпарат көбейіп кетті. Науқастар саны еселеніп айтылып, ауру туралы жалған ақпарат шыға бастады. Иранда метанол коронавирустың алдын алады деген өтірік ақпарға сенген 44 азаматы қайтыс болды. Сол себепті де тек ресми жаңалықтарды тыңдап, қауесетке құлақ аспаған жөн.
12. Вирусқа қарсы дәрілер көмектеспейді
Адамдар коронавирусты жұқтырып алудан қорқып, вирусқа қары дәрілерді ішіп жатыр. Бірақ ғалымдар бұл дәрілердің COVID-19 вирусына қауқары жетпейтінін айтады.
Үйде карантинді ұйымдастыруға арналған шарттар:
- байланыс жасағандар көршілерден / басқа отбасы мүшелерінен оқшаулануы үшін жеке пәтердің болуы;
- жеке қорғаныс құралдарына қол жетімділік (медициналық маскалар, қолғаптар) және байланыс жасағандармен қауіпсіздік шараларын сақтау мүмкіндігі (қолды сабынмен жиі жуып, дымқыл тазалық жүргізу, бөлмені желдету);
- үйде COVID-19 инфекциясынан кейін жоғары қауіп төнуі мүмкін адамдардың болмауы (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммундық жүйесі әлсіреген немесе жүрек, өкпе немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар);
- қалалық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жетімділік;
- үйде карантин режимін міндетті түрде орындау туралы қолхаттың болуы.
Үйде карантин ұйымдастырылған жағдайда, адам үйдегі карантин режимін сақтау бойынша міндеттерді өз мойнына алады және оны жеке қолы қойылған қолхатпен растайды. Үйдегі карантин режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер осы талаптарды орындау мүмкін болмаса, карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.
Үй жағдайындағы карантиндегі адамдарға арналған нұсқаулықтар:
- үйден шықпау;
- егер пәтерде басқа отбасы мүшелері тұратын болса, есігі жабылатын, жақсы желдетілетін бөлмеде болу керек; бөлмеден тек қажетті процедуралар үшін аз уақытқа ғана шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын медициналық маскамен жабық болуы керек;
- түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды жабу керек, вирустың таралуын болдырмау үшін бір реттік сүлгімен жапқан жөн; осыдан кейін дереу қолды сабынмен жуу керек немесе құрамында спирті бар антисептикпен сүртіңіз;
- тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе құрамында спирті бар антисептикпен сүртіңіз;
- мүмкін болса, жеке дәретхананы пайдаланыңыз;
- егер температура немесе өзін жайсыз сезіну белгілері байқалса, COVID-19 бойынша колл- орталыққа немесе жедел жәрдемге қоңырау шалып, карантин туралы хабарлап, хабарласу себебін көрсету керек;
- егер отбасы мүшелерінің біреуінде аурудың белгілері болса, COVID-19 бойынша колл-орталыққа немесе жедел жәрдемге қоңырау шалып, карантин туралы хабарлап, хабарласу себебін көрсету керек;
Үй карантині ұйымдастырылған үйдің (отбасы) мүшелеріне арналған нұсқаулықтар:
- карантин бөлмесіне кіре алатын үй шаруашылығы мүшелерінің санын азайту, созылмалы аурулармен ауырмайтын бір сау адамға артықшылық беру керек;
- бөтен адамдарға баруды болдырмау;
- үйдің барлық мүшелері қолдарын жиі жуулары керек;
- карантин бөлмесіне кірер алдында ауызды және мұрынды жауып тұратын тығыз медициналық маска кию керек; егер медициналық маска дымқыл немесе кір болса, оны тез арада жаңа медициналық маскаға ауыстыру керек;
- карантин бөлмесінде адаммен кез-келген байланыс кезінде бір рет қолданылатын қолғапты қолдану;
- карантинге жатқызылған адамның бөлмесін күнделікті тазалау және дезинфекциялау;
- карантиндегі адам қолданған заттарды пайдалудан аулақ болу. Медициналық бақылау келесі алгоритм бойынша жүзеге асырылады:
- күнделікті екі рет қоңырау шалу;
- жалпы жағдайды, температураны бақылау, шағымдарды нақтылау, бақылау (жөтел, ентігу, әлсіздік, терлеу, диарея, бөртпе, миалгия және т.б.), сатурация (мүмкін болса);
- қажет болған жағдайда видеобайланыс арқылы кеңес беру, бірақ 3 күнде 1 реттен кем емес. Ауру белгілер жоқ формасын жұқтырған адамдар оқшауланудың 10-шы күні мұрын жолдарынан алынған ПТР теріс нәтижесінен кейін медициналық бақылаудан алынады. ПТР жағындысының оң нәтижесін алғаннан кейін медициналық бақылау 14 тәулікке дейін жалғасады, содан кейін науқастан ешқандай белгілері болмаса, ол медициналық бақылаудан алынады.