Тақырыбы: Жұқпалы науқастарды күту және жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастарды тамақтандыру
Жұқпалы аурулардың күтімі
Науқас қандай ауруханада болса да, оларды күту және оларды аман алып калу, олардың айығуы негізгі медкызыметкерледің негізгі міндеті болып табылады.
Бұл міндет палаталық мейіргерлерге жүктелген.
Жұқпалы аурулар ауруханасында, эпидемияға қарсы тәртіппен, сондай-ақ аурулардың белгілерімен байланысты, күтімнің өз ерекшеліктері бар, емдік-корғаныс тәртіпті сақтау, максималды жайлылық құру, күн тәртібін орнату, жағымсыз (шу, қатты әңгімелер, есікті қатты жабу) факторларды жово.
Есін білмей жатқан науқас, сондай-ақ жиі дәретке отыратындарға жамбас астына 1м өлшемдегі, үстіне жұмсақ матадан жаялық жайылған, клеенка салынады. Төсекте ұзақ жату салдарынан өкпенің қабынуы мен терінің тесілуі мүмкін. Сол сияқты терінің тесілуі нашар күтімнен, ыңғайсыз төсектен, әлсіреуден болуы мүмкін. Әркез төсекті ауыстырған сайын, науқастың тесілген жерлерін қарай отыра, науқастың денесіне толык тексеріс жасап отыру керек. Дене тесіктерінің бірінші сипаттарын байқасымен, денені комфорт спиртімен сүртіп, кварц шамымен сәуле түсіріп, резеңкелі дөңгелектер салып, науқасты үрілген тесілулерге карсы матраска жатқызу керек.
Көз күнделікті тазартылады: 0,05% фурацилин сұйықтығымен стерильды мақтамен көздің сыртқы жағынан мұрынға қарай сүртіледі, мұрын ішін вазелинді маймен майланған білтемен тазаланады, ауыз куысын сыпыру қимылымен тіл тамырының бастап тілдің үшіне дейін 2% натрий бикарбонатымен тазартылады, сулықты өзгерте отыра, тісті, тістің қызыл еті, жақ қуыстарын тазартылады.
Егер наукас өз бетімен толық жуына алмаса, онда суланған сүлгімен немесе зарасыздандыру сұйықтығымен, камфорлы спиртпен, әлсіз асхана сірке суымен, спиртпен, жартылай сумен сырқаттын тері, тері қатпарларын өте мұқият сүртіндіріп және сыртқы жыныс органдарын сүртіп кептіреді: катты терлейтін жерлеріне басым көңіл аударған жөн. Наукастын 1 көтерілген жағдайда ыстығы күніне 2-3 рет өлшенеді, ал дәрігердің тағайындауы бойынша әр 2-3 сағаттан кейін, көпшілік жағдайда 1 өлшенеді қолтық астынан, ауыз куысынан, тоқ ішектен, балалардың шап қатпарынан, алдын ала колтык астынан құрғақтап сүрту қажет. Температураны тік ішектен өлшерде термометр вазелинмен майланады. Қан айналымын жақсарту және өкпені желдету үшін төсектегі науқасты төсекте аударыстырады-аударып отырады, сондай-ақ демалу жаттығуларын жүргізеді, тербелмелі массаж жасалады. Қақырық бөлінген жағдайда, сырқаттың жеке түкіргіші болуы керек. Науқасқа дұрыс жату жағдайы (бір жағына немесе арқасына) үйретіледі, күніне 20-30 минут аралығында науқас осы жағдайға түсіп отыруы керек. Ауыр науқасты тамақтандыру палата мейіргерінің міндетіне кіреді: алдын ала үстел дайындалады, науқастың және өзінің қолы жуылады, науқасты ыңғайлы отырғызып, төсі мен мойнын сүлгімен жауып, науқастың әр кесекті дұрыс жұтқанын бақылау арқылы, асықпай тамақтандырады. Сұйық тамақ арнайы тамақтандыратын ыдыспен беріледі.
Іштің қатты ауыруы, локсу, ішектен қан кеткен жағдайларда мейіргер жедел түрде дәрігерге хабарлайды. Локсыған (орталық генез, асқазан ауруы, рефлектролы ауру) сырқатқа көмек көрсету. Құсу жағдайында, сырқатты отырғызу мүмкіндігі болса, қолды маңдайға қойып, басын көтеріп, аяқ жағына леген немесе шелек қойылады. Ессіздік жағдайда науқастың басын бұрып, іргесіне жастық қойып, демалыс жолдарына кұсықтың кетіп қалмауы қадағаланады, науқас құсып біткеннен кейін, оның аузы сумен шайылады, ессіз жағдайда алмұрт тәрізді баллонмен тазартылады.
Үлкен дәретке, дәреттің жиілілігіне, оның түсіне, патологиялық коспаларына назар аударылады. Ішектер қабынған жағдайда, метеоризмде тазарту клизмалары және 2 сағатқа газ жіберу трубкасын тік ішекке енгізу жұмыстары жасалады. Терінің ойылуы мен мацерациясының алдын алу мақсатында әр нәжіс шығарылған сайын, жамбас маңы, анус айланшық жуылады, кептіріледі, соңынан вазелин немесе майлы крем жағылады. ТТЖ-да, сальмонеллездің қарын-ішек формаларында науқастың асқазаны жуылады. Асқазанды зондсыз жуу әдісі есін білетін науқастарға жасалады, наукаска 1-2 литр су беріледі, содан кейін науқас қолын аузына салып, өзін- өзі кысап құсады, бұл әдіс таза сулар пайда болғанға дейін жасалады.
Әрине, тиімдісі асқазанды зондпен жуу. Асқазанды шаю үшін 10-12 литр су кажет.
Асқазанды тазарту әдісі, өзбетімен жөтеле алмайтын, ессіз жатқан наукастарға, кеңірдек интубацияланғаннан кейін ғана жасалады. Зәр шығарулары бақылауға алынады. Бас миының жұмсақ қабықтары тітіркенген жағдайда, дәрігермен люмбалды пункция жасалады, мейіргер кажетті саймын-құралдарды дайындап тұрады. Пункция жаслағаннан кейін, наукасты қатты төсекке, жастықсыз ішімен жатқызады, 2 сағатқа бақылау қойылады. Шағымданған жағдайда, дәрігер шақыртылады.
Достарыңызбен бөлісу: |