Реферат Пәні бойынша: "Қазақстан тарихы"


ғасырдың 1 жартысындағы Қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басы. 18ғасыр соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері



бет8/8
Дата21.10.2022
өлшемі49,31 Kb.
#154435
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тарих

18ғасырдың 1 жартысындағы Қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы. Қазақстандағы отарлық дәуірдің басы. 18ғасыр соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері



XVIII-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихы - алуан тағдырлы сипаттағы оқиғаларға толы. 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде таныды. Бұл Қазақстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазақ халқының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін қалпына келтіру жолындағы ұлт-азаттық соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде ұлттық және әлеуметтік қысым жасау арандатып отырды. Қазақстанның отарлық кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандық тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймақ халыктарының сол кезде отар елдер халықтары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық өктемдіктің және марксизмнің қасан қағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыққа ұшыратылды. XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзілік тарих ұғымынан тыс қараған Ресей ділінің тұрғысынан пайымдалды. Осының бәрі бүгінгі таңда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қаралуы, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақ халқы тарихының (XVIII—XIX ғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандық тарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару қажет.
XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп күл болу» күні туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан, тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе бұл екі шайқастың: қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр («Қалмақ-қырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарын XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш. Кұдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды.
ҚОРЫТЫНДЫ

Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.


Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі. Сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз болды.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» деп атап көрсеткен болатын. Қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр. Біз – Орта Азиядағы ежелден келе жатқан мемлекеттердің біріміз. Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп - ғұмыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманы.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Абрахманов С. Тәуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 392 б.


2. Назарбаев Н.Ә. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтің «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — № 21 — 18—қаңтар. — 2008.
3. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 216 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет