Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Жандаулетова Ш. Бейнеу 2023 жыл МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады. Қазіргі кезеңде білім беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті мамандар қажет.
Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады. Дидактикалық принциптер – оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сәйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы өз әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне әсері болып бөлінеді.