Мемлекет- адамдардың, қоғамдық топтардың, кластардың жəне ассоциациалардың біріккен əрекеттері мен қарым-қатынастарын бақылап жəне бағыт беріп отыратын қоғамның саяси жүйесінің институты. Мемлекет қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде болады, ол осы билік арқылы саясатты жүзеге асырады.
Саяси ғылымда мемлекет оны түсінудің үш тəсілінің арақатынасы арқылы қарастырылады:
а) саяси-философиялық. Мемлекет «ортақ істерді» шешу жəне билік пен қоғамның қатынастарын реттеу құралы ретінде, сонымен қатар халық пен адамның саяси өмірін қамтамасыз ететін құрал ретінде түсіндіріледі;
б) кластық. Мемлекет қоғамның кластарға бөлінуінің нəтижесі (марксистік тəсіл). Классикалық анықтама (В. Ленин бойынша) мемлекетті «бір кластың басқа бағынушы кластарды қол астында ұстайтын, бір кластың басқасына үстемдік етуіне мүмкіндік беретін машина» ретінде түсіндіреді;
в) құқықтық жəне ұйымдастырушы-құрылымдық тəсіл бойынша мемлекет «құқықтық мемлекет» ретінде, қоғам өмірін жəне мемлекеттің өзінің əрекеті мен оның саяси жəне қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрылымын ұйымдастыратын құқық пен заң бастауы.