Мемлекет жəне азаматтық қоғам
Саясаттануда азаматтық қоғамның мəселелерін зерттеу кезінде дəстүрлі түрде дуалистік формуланы қолданады: «мемлекет-азаматтық қоғам» жəне ол толығымен ақталған. Кез келген тəсілде азаматтық қоғам атқаратын қызметтерінің түрі мен мазмұнына байланысты салыстырмалы түрде жеке дара қоғамдық ұйым ретінде болады. Бұл жағынан басым болып табылатыны, азаматтық қоғам мемлекетті бақылайды, ал мемлекет өз кезегінде қоғамның қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
Жалпы түсінік бойынша азаматтық қоғам - ол индивидтердің автономиясына негізделген қоғамның мемлекеттік емес бөлігі. Ол қызығушылықтары қоғамдық пікірмен таратылатын ерікті ұйымдар мен одақтар, отбасы, мектеп.
Азаматтық қоғам саяси құрылымнан тыс құрылған, бірақ оларды қамтитын əлеуметтік-ұйымдасқан құрылым ретінде сипатталады. Азаматтық қоғамның билік құрылымы мен əлеуметтік өмірге тиімді ықпалы қоғамдағы демократизм қағидаларының əрекеті кезінде мүмкін.
Демократиялық заң шығару, билік бөлінісі, заңды оппозицияның болуы, саяси ұйымдар мен пікірлердің плюрализмі жəне т. б. азаматтық қоғамның саяси өмірге ықпалының түрі ретінде болады. Десек те демократиялық мемлекет жекелеген азаматтардың құқықтары мен қызығушылықтарын сақтауға кепілдік береді, бірақ ол өз іс-əрекетінде (биліктік) белгілі бір адамдық өлшем жоғалып кететін, формальді құқықтық нормаларға сүйенеді.
Азаматтық қоғамның рухани негізі болып жалпы адамзаттық адамгершіліктік нормалар, яғни гуманизм, шыншылдық, əдептілік жəне т.б. табылады. Бұл қоғамның барлық азаматтарының қызығушылықтарын ескере отырып, туындаған мəселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, азаматтық қоғам өзінің əлеуметтік - саяси əрекетінде заңды рəсімделген плюрализмсіз бола алмайды. Сөйте тұра, жеке өмір саласы кез келген саяси биліктік араласу үшін табу ретінде болады. Осы императивті бұқара халық өмірінде шынайы жүзеге асыру деңгейі азаматтық қоғамның бар екендігінің жəне оның маңыздылығының бірінші көрсеткіші.
Азаматтық қоғам үшін биліктің демократизациясының қызмет атқаруында маңызды болып табылатындар:
а) оның легитимдігі, яғни еріктерін білдірулері шындығында да еркін(азаматтық-құқықтық,саясиқатынастардағы) сайлаушылардан, халықтан билікке мандат алудың шынайылығы;
б) жалпыға ортақтық, толық демократизмнің болуы, яғни биліктің барлық түрлеріндегі оның шынайылығы, əсіресе биліктің заңға тиімді əрекет етуші тəуелділігінің жəне оның бақылауында болуының;
в) тиімділігі, яғни билік басындағылардың таңдаулылар үшін артықшылықтар түрінде емес, əркімнің өз күшін жүзеге асыру мүмкіндігін əлеуметтік қамтамасыз ету түрінде қаншалықты шынайы деңгейде халықтың мəселесін шешіп отырғандығы.
Қазіргі жағдайдағы азаматтық қоғамның қалыптасу процесінде бірінші кезекте мемлекетке қатысты тұлғаның əлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі аймағының əрекеттілігін қалыптастыру мен қамтамасыз ету мəселесі тұрады.
Азаматтық қоғам — ол мемлекетке тəуелсіз, бірақ онымен өзара əрекет ететін адамдардың арасындағы дамыған экономикалық, мəдени, құқықтық жəне саяси қатынастары бар қоғам, дамыған құқықтық қатынастар орнататын жоғары əлеуметтік, экономикалық, саяси, мəдени жəне адамгершіліктік мəртебеге ие азаматтардың қоғамы
Достарыңызбен бөлісу: |