Реферат тақырыбы : Эндокринді бездердің жалпы сипаттамасы Қабылдаған: Шайкина С. Н орындаған



Pdf көрінісі
Дата14.09.2023
өлшемі245,97 Kb.
#181007
түріРеферат
Байланысты:
Эндокринді бездер , 1-008 Әдемі Абдирасил 2



«
ҚАРАҒАНДЫ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«
Морфология и Физиология кафедрасы
» 
РЕФЕРАТ
Тақырыбы
:
Эндокринді бездердің жалпы сипаттамасы
Қабылдаған:
Шайкина С.Н 
Орындаған:
Абдирасил Әдемі Асқарқызы 
Топ:
1-008 жалпы медицина 
Қарағанды 2023ж.


 
 
Жоспар: 
I . Кіріспе бөлім 
 
II . Негізгі бөлім 
 
 
1)
 
Эндокриндік бездер.
 
2)
 
Олардың анатомиясы
 
 
III. Қорытынды 
 
IV
 
. Пайдаланатылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 


 
Ішкі секреция (сөлініс) бездері немесе эндокринді бездер 
Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен 
шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. 
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік 
тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет 
алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады. 
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, 
яғни эндокриндік бездер атқарады. Оладың қызметтерінің өнімі гормондар 
болып табылады. 
Эндокриндік бездердің (гректің endon-ішкі, crineo-бөлемін) сөлін 
шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа тамырларымен өте 
жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. 
Экзокринді бездердің өзегі бар,әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз 
өнімдерін сол мүшеге шығарады. 
Ішкі сөлініс (секреция) бездері: 
1 Гипофиз 
2 Эпифиз 
3 Қалқанша безі 
4 Қалқанша маңы бездері 
5 Айырша без 
6 Бүйрекүсті безі 
7 Ұйқы безі 
8 Жыныс бездері 
Соңғы екеуі аралас бездерге жатады. 
Сондай-ақ, ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да 
жатқызады. Жүкті әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар 
бөліп шығарады. Плацентаның гормондары хорионда жасалады. Адам 
плацентасы қанға екі топ гормондарды бөліп шығарады: белоктық және 
стероидты. Белоктық түріне хорионды гонадотропин, плацентарлық 
лактогенді гормон және релаксин жатады. Лактогенді гормон сүт 
бездерінің өсуін реттейді, оларды сүт шығаруға дайындайды. Релаксин 
жүктілік кезінде жатыр етінің және жамбас сүйегінің біріккен жеріндегі 
буын байланысының біртіндеп босаңсынуына әсер етеді, жатырдың 
мойын еттерін босаңсытып, тууды жеңілдетуге себепші болады. 
Стероидтық түріне: прогестерон және эстроген жатады. Олар жүктілік 
кезінде зат алмасудың барлық түріне қатысады. 
Гипофиз 
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, самағы 0,5-0,6 
г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Аденогипофиз, 
меланогипофиз, нейрогипофиз деп аталады. Гипофизде соматотроптық, 


тиреотроптық, адренокортикотроптық, гонадотроптық, фоллитропин, 
лютеиндейтін, пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі. 
Гипофиз гормондарының физиологиялық әсері: Соматотропин денеде 
биосинтезді күшейтеді, органикалық, минералдық алмасуға әсер етеді; 
амин қышқылдардың қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді. Гормон 
сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, тұздардың сақталуына себепкер, 
бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. СТГ аз түзілетін болса, 
адамның бойы өспей қалады. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. 
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250см-ге, ал 
самағы 150кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алыптық дейді. 
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлінісі акромегалия дертіне әкеп 
соғады. 
Эпифиз 
Эпифиз толық зерттелмеген безге жатады. Ол төрт төмпешіктің жоғары 
аралығындағы тереңдікте орналақан. Салмағы 100-180 мг. Көне 
ғасырларда эпифизді ақыл-ойды бақылайтын қақпақ, интеллектінің тепе-
теңдігін қамтамасыз етуші, адамның”жаны” орналасқан сауыт деп 
есептеген. Эпифиз бірнеше биологиялық белсенді заттар-мелатонин, 
серотонин, адреналин, гистамин бөлетіні анықталды. 
Эпифиз гормондарының физиологиялық әсері: Эпифиз организмде 
биологиялық “сағат” ролін атқарады, яғни биологиялық үрдістердің 
белсенділігі күн мен түннің ауысуына қарай өзгеріп отырады. Ол 
эпифиздегі мелатонин мен серотонин мөлшерінің күн жарығына өзгеруіне 
байланысты. Эпифиз-’’биологиялық термометр”,яғни жылу реттелуге 
қатысады деген мәлімет бар. 
Қалқанша без 
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан ірі без. Ересектерде 
салмағы 20-30гр. Балаларда(2 жасқа дейінгі) 1,5-2гр. Қартайғанда салмағы 
азаяды. Қалқанша без тіні 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. 
Олар құрамында йод бар гормондарын түзеді. Бұлар: трийодтиронин, 
тироксин, тирокальцитонин, катокальцин. 
Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке 
қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік 
жүйкелер арқылы реттеледі. Фолликулада йод бар тиреоидты 
гормондардың түзілуі ағзаға бейорганикалық йодтың келуімен тығыз 
байланысты. 
Адам оны йодты калий және йодты натрий түрінде тамақ пен су арқылы 
алады. Оның орташа тәуліктік мөлшері 100-200 мг болады. 
Қалқанша безі гормондарының физиологиялық әсері: Тиреоидты 
гормондар түрлі минералды алмасу үрдістеріне, өсу және дамуға ықпал 
етеді. Эмбриондық даму кезінде осы гормондар жетіспесе, ақыл-ойдың 
мешеулігінің ауыр түрі (кретинизм) байқалады. Қалқанша безінің сөл бөлу 
қызметінің гипо-немесе гиперсөлініс жағдайларында түрлі бұзылулар 


салдарынан әртүрлі патологиялық жағдайлар және аурулар туады. 
Мысалы, гипертиреоз кезінде Базед ауруы, гипотиреоз кезінде кретинизм 
және микседема, эндемиялық зоб ауруы. Мәселен, біздің Шығыс 
Қазақстан халқының барлығында дерлік эндемиялық зоб кездеседі. 
Қалқанша маңы без 
Қалқанша маңы безі қалқанша безінің арт жағында жұптап орналасқан. 
Саны 2-6, салмағы 20-50мг. Оның гормоны: паратгормон. Қалқанша маңы 
безінің секреция қызметінің төмендеуін гипопаратиреоз, жоғарлауын 
гиперпаратиреоз дейді. Туа пайда болған қалқанша маңы безінің 
тапшылығынан балаларда қандағы кальцийдің деңгейі төмендеп, сүйек, 
тіс өсуі баяулап, тырнақтары мен шаштары морт сынғыш келеді. 
Гиперпаратиреоз кезінде қандағы кальцийдің мөлшері көбейіп, 
бейорганикалық фосфат мөлшері азаяды. 
Айырша без (тимус) 
Айырша без-көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде 
орналасқан. Тимус денеде кальций алмасуын реттеуге қатысады. Сондай-
ақ, ол денеде стероидтар, нуклейн қышқылдары, С витамині алмасуын 
реттеуге, иммундық, қорғаныс, бейімделу әсерленістеріне қатысады. 
Айырша безде Т-лимфоциттер пісіп жетіледі. Айырша без гормоны-
тимозин Лейкоциттердің фагоциттік қызметін жақсартады; гормон 
бөлініп шығуын үдетеді; иммундық қабілеті бар лимфоциттер түзілуіне 
септігін тигізеді. 
Бүйрек үсті безі 
Саны екеу, салмақтары 6-12 гр. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан 
тұрады. Оның қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды түзеді. 
Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: 
1 Глюкокортикостероидтар 
2 Минералокортикостероидтар 
3 Андрокортикостероидтар 
Глюкокортикостероидтар физиологиялық әсері: зат алмасуының барлық 
түріне ықпалын тигізеді; қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін 
арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше. 
Минералокортикостероидтар физиологиялық әсері: су-тұз алмасуына 
қатысады. Ол альдостерон мен ІІ-дезоксикортикостеронмен жүзеге асады. 
Олардың түрлі сұйықтықтардың осмостық қысымының әсерінен туатын 
тамырлардағы қан көлемі мен жасуша ішіндегі және жасушааралық 
сұйықтықтардың мөлшерлерін реттеу қабілеттері бар. 
Андрокортикостероидтар физиологиялық әсері: Андростерон, эстрол, 
прогестерон жыныс гормондарына қарағанда әлсіздеу, бірақ адам 
қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері 
негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады. 
Бүйрек үсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон-адреналин мен 
норадреналин түзіледі. Катехоламиндер организмдегі барлық тіндер мен 


жасушаларға әсер етіп, оларда биохимиялық үрдістерді тудырады және 
көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды. 
Әсіресе, экстремалды жағдайларда катехоламиндер: 
• Бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді 
• Рецепторлардың сезімталдығын(көру,есту),вестибулярлық 
аппараттардың жүйесін күшейтеді. 
Ұйқы безі 
Аралас безге жатады. Сыртқы сөлініс қызметіне асқорыту сөлін өндіру 
жатады, ішкі сөлініс қызметін Лангерганс аралшықтары атқарады. Онда 
инсулин мен глюкагон түзіледі. Инсулиннің физиологиялық әсері: 
бауырдың гликоген түзу қызметін күшейтеді, бұлшықеттерде қорының 
жиналуын арттырады; қант деңгейін реттеу; көмірсулардың майға 
айналуына әсер етеді; гликонеогенезді тежейді. Инсулин гормоны 
жетіспегенде қант диабеті ауруы туындайды. 
Глюкагон қандағы қанттың мөлшерін көбейтіп, бауырда гликогеннің 
ыдырауын күшейтеді. Оның гипергликемиялық адреналинге ұқсас, ал 
инсулинге қарама-қарсы. Бұл гормонның физиологиялық маңызы әлі онша 
анықталған жоқ, бірақ қанда түрлі әсерге байланысты инсулин көбейгенде 
глюкогонның да мөлшері артып гипогликемияға жол берілмейді. 
Жыныс бездері 
Аралас бездерге жатады. Олардың сыртқы сөліністік қызметі-жыныс 
жасушаларын жасау және шығару. 
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе 
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа 
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы 
тамырларға өтеді. 
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы 
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл 
бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек 
жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және 
қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне 
орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады. 
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің 
физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және 


клиникалық мағлұматгар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық 
табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды. 
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын 
шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге 
жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары 
құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде 
орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған. 
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге 
қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері 
организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана 
бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. 
Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, 
маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық 
бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің 
жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері 
бұған дәлел. 
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық 
жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының 
қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде 
зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын 
алады. 
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық 
байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. 
Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар 
аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. 
Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, 
яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың 
жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, 
физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. 
Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, 
қанға өткенде бұл байланыстан босайды. 


Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. 
Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни 
гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және 
әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы 
бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды 
жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз 
артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы 
капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық 
жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін 
жүйкелік тор жасайды. 
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер 
етушілер шығады. 
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар 
гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр 
торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без 
тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады. 
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы 
бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кортикотропин 
босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы, 
соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, 
ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып 
бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік 
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп 
шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады. 
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста 
полипептидтерден құралған бірсыпыра биологаялық белсенді заттар 
түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және 
аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер 
етеді. Либерин (лат. liber — бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал 


статин — тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state — тежеу) факторлар. Қазіргі 
кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. 
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, 
фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин 
жатады. 
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына 
соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі 
либериндер мен статиндердің сөлініссы өздеріне сәйкес қандағы 
гормондарға байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты 
мен түріне байланысты. 
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке 
жүйесінің талшықтары мен гипоталамус — гипофиз жүйесі арқылы іске 
асады. 
Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері — жүйкелік 
және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде 
кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді, қызметтердың өзін-өзі реттеуі 
осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты. 
Гормондардың түзіліп, қанға өтуінің маңызды себептері — реттелетін 
жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы болып келеді. 
Мысалы, қандағы кальцийдің (Са
2+
) өзгеруі қалқанша және қалқансерік 
бездерінің гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың 
мөлшері ұйқы безінің инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы 
гормондарды шығаруға әсер етеді. Тироксин, глюкокортикоидтар 
мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гармондары түзіледі. 
Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі арасында 
екі жақты — тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші 
тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондағы өзгерістер 
бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының 
қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы 


рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, 
осмо- және глюко-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар 
гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар 
мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар 
да кездеседі. 
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің гипоталамуспен 
байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті 
түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na
+
мөлшерінің артуы 
альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na
+
несеп 
құрамында сыртқа шығарылады. 


Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1) А.Р.Рақышев Адам денесі1-том 
2) Л.Л.Колесников ауд: А.Б.Аубакиров, Ф.М.Сулейменова 
3) «Адам анатомиясы:Атлас. А.Б.Аубакиров, Жаналиева.М.К. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет