Байланысты: CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
Бірінші чемпионат.Сентенарио - әлем чемпионатының финалын қабылдағын тұңғыш стадион
1924 және 1928 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанғандықтан Уругвайды тұңғыш әлем чемпионатын өткізуші ел қылып сайлады. Алғашында әлем чемпионатын өткізуге 5 ел үміткер болды - Италия, Испания, Нидерланд, Швеция және Уругуай. Көбі Уругуайға дауыс берді.
Алайда Уругуайда өтетін әлем чемпионатына бару үшін Еуропа елдеріне қиынға соқты. Турнирдің басталуына 2 ай қалғанда ешбір Еуропа елі өз құрамасын Уругуайға жіберуді жоспарлаған жоқ. Ақыры тұңғыщ әлем чемпионатына Еуропадан тек 4 ел қатысатын болды (Франция,Бельгия, Румыния, Югославия). Барлығы әлем чемпионатына Оңтүстік Америкадан - 7, Еуропадан - 4, Солтүстік Америкадан - 4, барлығы - 13 құрама қатысты. Бұл әлем чемпионатының тарихындағы ең аз команда қатысқан жыл болып (1950 жылғы әлем чемпионатынада 13 құрама қатысты), және іріктеу кезеңдері өткізілмеген жалғыз әлем чемпионаты болып табылады.
13 құрама 4 топқа бөлінді. Топ жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алды.
Әлем чемпионатының алғашқы ойындарында Франция мен АҚШ жеңіске жетті. Әлем чемпионатының алғашқы голын француз Люсьен Лорансоқты, бірінші хет-трикті америкалық Берт Патено жасады.
Финалда екі Оңтүстік Америкалық құрамалар Уругвай мен Аргентина құрамалары кездесті. 93 мың жанкүйер Монтевидео қаласындағыСентенарио стадионына Уругвай құрамасы Аргентина футболшыларын 4:2 есебін жеңіп тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дамуы.Әлем чемпионатын өткізушілердің басты қиыншылығы ол елдердің әлем чемпионатына баруға кететін транспортарының қымбатшылығы, және соғыс: 1942 және 1946 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыс салдарынан өткізілген жоқ.
1934 тен 1978 жылдар арасындағы әлем чемпионатына 16 команда (1950 жылды қоспағанда, ол жылы 3 құрама іріктеу кезеңі біткеннен кейін әлем чемпионатынан бас тартты) қатысты. Көбінесе әлем чемпионатына Еуропа мен Оңтүстік Америка аймақтарынан қатысты, кей жылдары Азия, Африка және Аралдар аймақтарының мықты құрамалары қатысты, көбіне олар еуропалықтар мен оңтүстікамерикалықтарға ұпай үлестіріп беруші құрама ретінде жүрді. Керісінше кездеріде болды, мысалы, 1966 жылы Солтүстік Корея 1/4 финалына дейін жетті.
1982 жылдан бастап финалдық турнирге қатысушылар саны 24-ке ұлғайды, ал 1998 жылы 32-ге. Қосымша орындардың көбі Азия, Африка және Солтүстік Америка аймақтарына бұйырды. Көбіне футбол елі болып саналмай келген осы аймақтың құрамалары соңғы жылдары тәуір өнер көрсетуде: мысалы, Камерун 1994, Оңтүстік Корея, Сенегал мен АҚШ2002, Гана 2010 жылдары. Әлем чемпионаты шынындада әлемдегі құрамалардың жарысы болды. 2006 жылғы әлем чемпионатына - 197 құрама, 2010 жылғы әлем чемпионатына - 204 құрама қатысты. Сондада жанкүйерлер саны Еуропа мен Оңтүстік Америка аймақтарына жетпейді. Әлем чемпионатының тарихында осыдан басқа аймақтардан тек қана 3 құрама жартылай финалға жолдама алды (АҚШ, Оңтүстік Корея және Түркия). Оңтүстік Америкадан осындай жетістікке 20 рет жетті (көбіне Бразилия, Аргентина, Уругуай, 1962 жылы Чили құрамасы 3-ші орын алды), ал Еуропа - 55 рет (19 ел).