Реферат тақырыбы : Футбол. Білім алушының аты-жөні: Толегенова М. С мамандық цифры: ссиМ-19-11


Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы



бет4/14
Дата07.02.2022
өлшемі487,76 Kb.
#90056
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
CCиМ 19-11 Толегеова Мадина Реферат Футбол
СРС РК1 Физика 1 каз, glossarii, Отчет Шалкар, тап.5 Орынбаева А.Б, МТПРП-206 Байбосын Құндыз, Әлеуметтану, ЛЕКЦИЯ №1, ДӘРІС №2, Управление риском в социально-экономических системах by Богоявленский С.Б. (z-lib.org), marcet, Учебное пособие Мызрова К.А. ОРГАНИЗАЦИОННА КУЛЬТУРА, Отчет, ОТЗЫВ, Introduction to Hospitality
2.1 Спорт падишасы саналатын футболдың шығу, таралу тарихы
Спорт падишасы саналатын футбол атауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлержетерлік. Футбол ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейін қалай жеткенін біреу білер, біреу білмес. Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде. Аяқ доп ойынының алғашқы түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Рим елдерінде пайда болып, кейіннен Франция мен Италияда дамыған.
Футболға ұқсас ойын түрін үнді елі Тапа Банка Яп (допты лақтыру)деп аталса, Эскимостар тунгатгак, Қытайлар цуцзю деп атаған. Францияда па супь, Италияда кальчио деп атаған. Римдіктер гарпастум (қол добы) деп кеңінен тараған. Бұл ойынды қолмен де, аяқпен де ойнаған.
Бұл ойынның қатыгездікпен ерекшелінетін ережесі сан рет өзгерген.Деректерде Англияда аяқ доп ойынының 1660ж таққа ІІ Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англияда футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде жабайылықпен ойнайтын болған.Ойнаған кездерінде көшенің астын үстіне шығаратын.
Шотландықтар мен ағылшындар футбол ойнағанда өліп тірілгеніне қарамайтын, жұлысып, тармасып тартысып, тебісіп, аузы мұрнын қанатып, ісініп, нағыз жабайылықпен ойнайтын болған.Сондықтан билік футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тіпті король футбол ойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған.
Мәселен 1314ж король Эдуард ІІ Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылған. Тіпті 1389ж король Ричард ІІ сарай маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Бірақ Англияда бұл ойын танымал болғаны соншалық король жарлықтары да мұның алдында жарамай қалды. Алғаш рет дәл осы ойын Анлияда бұл ойын Футбол деген атпен атала бастады. Футболдың отаны Англия дейді.
1863ж Англияда алғашқы ережесі бекітіліп, қауымдастығы құрылды. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салған. Тіпті қақпашының өзіне допты қолмен тосып алуына тек 1871ж ғана рұқсат етілді. ХІХ ғасырдың соңына дейін қауымдастық футбол ойынының ережесіне тағы өзгерістер келді. Мысалы 1871ж доптың өлшемі көлемі бекітілді. 1872ж бұрыштан ұру,1878ж төрешіге ысқырық, 1891ж бастап қақпаға тор байланатын болған.
11метрлік айып добы сол жылы пайда болды. 1880 және 1881ж ж футбол алаңына алғаш рет төрешілер шығады.
ХІХ ғасырдың соңында Латын Америкасы мен Еуропада бірден күрт дамып кетеді.
Ресми түрде халықаралық кездесулер 1872ж бастап өткіле бастайды. 1908ж Футбол олимпиадалық ойындар тізіміне кіреді.
1904ж Халықаралық Футбол федерациясы Фифа, 1954ж Еуропа футбол қауымдастықтары Уефа құрылған.
Қазақстанда алғашқы футбол командасын құру 1911ж бастау алған.Футбол тарихы ХЫЫ ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі феодал Эдуард ЫЫ қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих 1399-1401, Генрих 1413 — 1433 ж, Генрих 1449-1451 ж, Эдуард 1471 ж, Генрих 1491 ж, ал Генрих 17 ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұдай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы -шотландықтар болды. 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Белгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы танылды. Ал, 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругуай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, франсуз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругуай футболшылары әлдеқайда ширақ еді. Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған. 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкада қарқынды дамыды.
1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (ФИФА) құрылуына мұрындық болды.
1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті. 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфреде ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльстон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.
Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер:
-Бразилия құрамасы — Бес рет: 1958, 1962, 1970, 1994 және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді.

-Италия құрамасы — төрт рет: 1934, 1938, 1982 және 2006.


-Германия құрамасы — үш рет: 1954, 1974, және 1990.
-Аргентина құрамасы — екі рет: 1978 және 1986.
-Уругуай құрамасы — екі рет: 1930 және 1950.
-Англия құрамасы — бір рет: 1966.
-Испания құрамасы — бір рет: 2010.
1977 жылы Тунисте алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жасы 19-ға дейінгі жас футболшылар 16 ұлттық құрамадан алынды. Жастар арасындағы чемпионат тізімінің тұсауын КСРО футболшылары кесті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет