Реферат Тақырыбы : Халықаралық валюта нарықтары Орындаған: Ибраш Алтынбек


ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ВАЛЮТА НАРЫҒЫН  РЕТТЕУ



бет10/12
Дата06.01.2022
өлшемі86,44 Kb.
#110141
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
(Реферат) Халықаралық валюта нарықтары( Ибраш Алтынбек)
(Реферат) Халықаралық валюта нарықтары( Ибраш Алтынбек), Волейбол. Обучение атакующим ударам. Составить комплекс подводящих упражнений., ҚР электрондық үкіметтің дамуы
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА  ВАЛЮТА НАРЫҒЫН  РЕТТЕУ

3.1. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу

Әлемдiк  тәжiрибе  көрсеткендей, нарықтық  экономика  жағдайында  халықаралық  валюталар  қатынасынтарын  реттеу  екi  түрде  жүзеге  асырылады: 

Мемлекет  тарапынан  реттеу;

Нарықтық  реттеу;

Валюталық қатынастарды мемлекет тарапынан  реттеу негізінен Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар  валюталық саясатты іске асыруда  ҚР-ның Ұлттық банкінің атқаратын  шараларының орны ерекше болып табылады. Ұлттық банк валюта-қаржы қатынастарын реттеп отыратын бірден-бір мемлекеттік  ұйым болып табылады.

Ұлттық банк бұл пайыз  өсірулерді капитал келуіне мәселелер  туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал  ағымы пайыз қойылымына байланыссыз  болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей  шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше  тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа  мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені  қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай  отыр.

Ұлттық Банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;

Ақша, несие және банк нарықтары тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;

Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.  

Ұлттық Банк Қазақстан  Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының  барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы; 

1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;

өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;

мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;

қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

чек жазып бередi және вексельдер бередi;

егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi: 

Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;

Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;

Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;

Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;

Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;

Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;

Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;

Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;

Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен

шет ел валютасын тартады;

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.

Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Валюталық қатынастарды реттеудің  екінші түрі болып табылатын нарықтық реттеудің негізін валюталық  саясат және оның құралдары құрайды.

Баға  механизiмi  және  нарықтағы  валюталық  бағам  динамикасының   белгiлерi  арқылы  экономикалық  агенттер  валюталарды сатып  алушылардың  сұранысымен  оларды 

ұсыну  мүмкiндiктерi  туралы бiле  алады. Сонымен  бiрге  нарық  валюталық  операциялармен  бiрге  жағдайы  туралы  ақпараттар  көздерi  болып  табылады .

Валюталық саясат  өзiнiң  мақсаттарына  және формаларына  байланысты  екiге  бөлiнедi:

құрылымдық  валюталық  саясат

ағымдық  валюталық саясат

Валюталық  саясаттың келесiдей  формалары  колданылады:

дисконттық  валюталық  саясат

девиздiк  валюталық  саясат

Сонымен  қатар, девиздiк  саясаттың  келесiдей  жүзеге  асырылу      формалары  болады:

а) валюталық  интервенция;

б) валюталық  резервтердi  диверлификациялау;

в) валюталық  шектеу;

г) валюталадың алмастырылу  дәрәжесiн  реттеу;

д) валюталық  бағам  режимi;

е) девальвация;

ж) ревальвация;

Дисконттық саясат  бiр  жағынан, валюталық бағам  мен  төлем  балансын  реттеуге, екiншiден, iшкi несиелер, динамикасын, ақша  массасын бағаны  жиынтық  сұранысты  реттеуге  бағытталған орталық  банктiң  есепке  алу 

мөлшерiн  көрсетедi.

Девиздiк  саясат  мемлекеттiк  ұйымдардың  немесе  орталық  банктердiң  шетел 

валютасын  сатып  алу  мен  сату  жолымен  ұлттық  валюта  бағамына  әсер  ету  әдiсiн 

бiлдiредi. 

Девальвация  мен  ревальвация  – валюталық  саясаттың  дәстүрлi  әдiстерiне  жатады.

Девальвация – ұлттық  валютаның  бағамын, шетел  валюталарына  қатысты  төмендетудi  бiлдiредi .

Ревальвация – ұлттық  валютаның  бағамын, шетел  валюталарға  қатынасы  бойынша  жоғарлатуды  түсiндiредi .

Девальвация  пайызын  өлшейтiн  формуласы   келесiдей: 

                                                Бе – Бж

                                         Д = ----------- *  100

Бе    


Мұнда,  Бе - ескi  бағам;  Бж -  жаңа  бағам

 

Ревальвация   пайызын  есептеу  формуласы:



 

                                                Бж  – Бе

                                         Р =------------- *  100

Бе    


Валюталық  саясаттың  келесi   бiр  формуласы  ретiнде  валюталық  шектеу  үздiксiз  пайдалынады. Валюталық  шектеу    резиденттерi  мен  резидент  еместердiң  валюталар  және  басқадай  валюталық  құндылықтар-мен  жасалатын  операцияларын  заңды  түрде  немесе  әкiмшiлiк  түрде  тиым  салуын, шектеуiн  бiлдiредi. Валюталық  шектеу, валюталық  бақылаудың  құрамас  бөлiгi  болып  табылады. Валюталық шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекiтiледi.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет