І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ ЖӘНЕ
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Халықаралық валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), [1]мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
Бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.
Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айырысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды – номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
Ø белгіленген;
Ø өзгермелі;
Ø аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да бар.
Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымдагы операцияларға жататындар:
- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
-салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойыншадевидентерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
- жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу;
Валюталандыру
Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір сомаға пайыздар есептелетін датаны белгілеу үшін колданылатын термин.
Валюталық реттеу
Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |