Реферат Тақырыбы : Халықаралық валюта нарықтары Орындаған: Ибраш Алтынбек


  Валюталық нарық типтері және оның элементтері



бет7/12
Дата06.01.2022
өлшемі86,44 Kb.
#110141
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
(Реферат) Халықаралық валюта нарықтары( Ибраш Алтынбек)

2.1.  Валюталық нарық типтері және оның элементтері

 

Дүниежүзілiк  валюталық  нарықтардың  арсындағы  дағдарыс  тұсында  оның  құрылымдық қағидаларының  әрекетi  бұзылып, аяқ  асты  валюталық  қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк  валюталық  нарықдегi дағдарыс ескi нарықтың бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа нарықмен ауысуына әкеледi.



Валюталық нарықтар 3  түрге  бөлiнедi:

Ұлттық  валюталық  нарық;

Дүниежүзілiк  валюталық  нарық;

Аймақтық  немесе  мемлекет  аралық  валюталық  нарық. 

Тарихта ұлттық  валюталық  нарық  ең  бiрiншi  қалыптасқан.  

Ұлттық валюталық нарық – халықаралық төлем айналымын жүзеге  асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне  қажеттi  валюталық ресурсты сұрайтын  және  оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық  қатынастар жиынтық бiлдiредi.

Ұлттық валюта елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қолсыз формада (банктік  шоттағы ақша қалдығы) бола алады. Оның эмитенттері Орталық және коммерциялық банктер.

Ұлттық валюталық нарық елдің  ақша нарықсінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері  елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Ұлттық  валюта  дүниежүзлiк  валюталық  нарықмен  тығыз  байланысты. Дүниежүзілiк  валюталық  нарық  XIX ғасырдың  ортасына  қарай  құрылған .

Дүниежүзілік  валюталық  нарық – бұл халықаралық несие қаржы институттары  мен валюталық құралдардың қызмет  етуiн қамтамасыз  ететiн халықаралық келiсiм шарттары  мен мемлекет  аралық  құқұқтардың нормалар  кешенiн құрайды . Бұл ереже шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта нарықсі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.

Ұлттық  және  дүниежүзлiк  валюталық  нарықтар  арасындағы  байланыстар  мен  айырмашылықтары  олардың  негiзгi  элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi 1-ші суреттен көре аламыз.

 


Ұлттық валюталық нарық

1.Ұлттық валюта.

2. Ұлттық валютаның  алмастырылу  шарты

3. Ұлттық валюта паритетi.

4. Ұлттық валюта  бағамының режимi

5. Валюталық  шектеудiң, валюталық  бақылаудың болуы немесе болмауы

6. Елдiң халықаралық валюталық  өтiмдiлiгiн реттеу.

7.  Халықаралық несиелiк айналыс   құралдарын пайдалануды регламенттеу

8. Елдiң  халықаралық есеп  айырысуларын регламенттеу.

9. Ұлттық  валюталық  рынок   пен  алтын  рыногiнiң   режимi.

10. Елдiң  валюталық  қатынастарын  басқаратын  және  реттейтiн   үлттық  ұйымдар.

Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  нарықты  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

1-шi кезең, жаңа  нарықтың  қағидаларының қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн, анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы нарықмен  өзара байланыс  сақталады.

2-шi кезең, жаңа  нарықтың  қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске қосылады.

3-шi кезең, толық қызмет  ететiн жаңа  дүниежүзлiк нарық құрылады.

Валюта нарықсі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық  айырбастың көлеміне, баға саясаты  мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта нарықсі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық нарық мен ұлттық валюталық  нарық арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Аймақтық  валюталық  нарық  өнеркәсiбi  дамыған елдердiң әлемдiк валюталық нарық тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық нарық – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше  елдердiң қоғамдастық валюта  аймағында ұйымдастырылуы  – экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

  Ұлттық валюталық нарықтың негізгі элементтері:

1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – «теңге» енгiзiлдi.  Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес. 

Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық нарық – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

70 жылдардан бастап паритеттер  валюта қоржыны негізінде анықталуға  көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

3)  Валюталық  нарықтың  маңызды   элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң құндық  көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы  қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық  бағамның қажеттігі:

Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;

Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;

Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі.  Валюталық шектеу    резиденттерi  мен резидент  еместердiң валюталар және  басқадай  валюталық құндылықтармен  жасалатын операцияларын заңды түрде немесе  әкiмшiлiк түрде тиым  салуын, шектеуiн бiлдiредi. Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып табылады. Валюталық шектеу  валюталық заңдылықтармен  бекiтiледi .

Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

төлем балансын  теңестiру; 

валюталық  бағамды қолдау;

ағымдағы  және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

валюталық  операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;

валюталық  операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;

валюталық  шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;

валюталардың  қайтарымдығын  шектеу.

5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу. 6) Халықаралық несиелік айналым  құралдары мен халықаралық есеп  айырысу формаларын қолдану тәртібін  белгілеу;

7) Валюта нарығы мен алтын  нарығының ережелері;

8) Валюта қатынастарын реттейтін  ұлттық органдардың статусы. Оларға  елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі,  валюталық бақылау ұйымдары және  т.б. жатады.

Ұзақ тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта нарықсінің негізгі элементеріне келесілер жатады:

Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);

Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;

Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;

Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);

Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;

Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;

Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап «Халықаралық валюта қоры» бекітілді.

Өз кезегінде валюталық  бағам айырбасқа қатысушылар  үшін валюта нарығындағы сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге  қайта  есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып  алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар  өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық  бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол  елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың  тиімділік дәрежесі айқындалады.

Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады: 

Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.

Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.

Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.

Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.

Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.

Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Халықаралық есеп  айырысу  баланстары  агрегаттық экономикалық  көрсеткiштер нарықсiнде  маңызды  орын  алады, себебi ол  ұлттық  табысты  елдер  арасында  қайта  бөлудi  көрсетедi. Сондықтан  жиынтық  ұлттық  өнiммен  ұлттық  табысты бөлгенде  халықаралық  талаптар мен мiндеттемелердiң  таза  сальдосы есептелiнедi.

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстары – ол  бiр  мемлекеттiң  басқа  мемлекеттерге  қарағанда  ақшалы  талаптары  мен  мiндеттемелерiнiң  және  түсiмдерi  мен  төлемдерiнiң  арақатынасы.

Сөйтiп, төлем  және есеп  айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  көбiнесе халықаралық  қатынастарының  дамуымен  айқындалады. Төлем  балансының   құрылымын  қарастырып  өтейiк. Операцияларының  сипатына  қарай  басылымдарда  жарияланатын  төлем  балансы  негiзгi  екi  бөлiмдi  бiрiктiредi.



 

Қазақстан Республикасының төлем балансы (млн.АҚШ доллары)



 

2007

2008

2009

2010

Ағымдағы  есеп

-1024,34

-272,6

454,9

-485,7

Сауда балансы

1987,14

3679,00

6785,55

10321,8

     Экспорт

10026,91

13232,63

20603,14

28300,6

     Импорт

-8039,77

-9553,63

-13817,59

-17978,8

Қызмет  балансы

-1024,34

-272,6

454,9

-485,7

     Экспорт

1540,42

1712,29

1999,1

2251,0

     Импорт

-3538,28

-3752,69

-5026,2

-7466,4

Табыстар  балансы

-1127,37

-1746,6

-2815,3

-5179,7

Несие және қарыз бойынша төлемдер

-213,07

-277,5

-410,0

-817,9

Тікелей инвесторлар табысы

-1014,80

-1448,3

-2331,8

-4611,5

Резервтер бойынша сыйақы

127,70

123,6

140,21

228,2

Ұлттық  қордың активтері бойынша сыйақы

72,58

68,10

118,25

181,8

Тағы  басқалары

-99,77

-212,5

-331,8

-160,3

Ағымдағы  трансферттер

113,74

-164,67

-488,16

-412,4

 

Жоғарыдағы кестеден көретініміз, ағымдағы есеп бойынша Қазақстан  Республикасының төлем балансы  көбінесе теріс шамада болғандығын, ал сауда балансының жылдан-жылға  еселеп артып келе жатқандығын, экспорттын 2007 жылғы 10000 млн. доллар шамадан 2010 жылы 30000 млн. долларға жеткендігін, импорттын да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Жалпы айтқанда елдің экономикасының өсуімен қатар төлем балансының да құрамдық мөлшері жылдан-жылғңа артып келе жатыр.

ҚР төлем балансының оң сальдосы экспорттың импорттан артық  болған жағдайда орын алады. Оның графикалық кескінін келесі суреттен көре аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет