2.2 Қазақстан Республикасында валюталық нарықтың қалыптасуы
Рынокқа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуы кезеңiнде
ұлттық валюталық нарықсін құрып және валюталық саясаттарын жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi тұр.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын «Ямаика валюта нарқының»құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан республикасының ақша нарықсi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк
басқалырымен нормативтiк активтiлерi.
Ұлттық валюта нарықсiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Осы ұлттық валютамыз теңгенің шыққан күнінен бастап Ұлттық валюталық нарықтың толық қанды қызмет етуі басталды деп айтсақ болады.
Қабылданған заң бойынша ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “ Валюталық реттеу туралы ” жаңадан заң қабылданды. Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Нарыққа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуында валюталық
саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру
мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi.
Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн
жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады:
Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.
1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық
бағам деңгейін еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын білдіреді.
Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық
бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің
айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды. Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қаарй деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.
Соңғы 2007 және 2008 жылдары елімізде айналыста жүрген жалпы ақша жиынының өсуіне қарамастан (2007 жылы 1650,1 млрд. теңге, ал 2008 жылғы 6 айдың көлемі 1833,3 млрд. теңге) ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы сақталуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өндіріс салаларының дамуын, елде халық табысының өскендігін, экспорттық сальдоның оң нәтижеге шыққандығын білдіреді.
Қазір ұлттық валютамыз теңгенің АҚШ доллары бойынша айырбас бағамы 150-151 теңге шамасында сақталуда және долларға қатысты соңғы уақыттарда нығаюда. Бұл Қазақстан экономикасы үшін үлкен жетістіктердің бірі болып отыр.
Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.
Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізуде. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген шаралармен емес, еркін қалқымалы айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы нарықтармен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда. Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары нарықсін дамыту, қаржы нарықсіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақстан Республикасы төлем нарықсін дамыту концепциясы.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады. Сондай-ақ бүгінде Ұлттық банк шетел валюталарын сатып алуда монополист болып табылып, елдің ақша айналысын заңдылықтармен ұйымдастырылған тәртіптермен жүргізіп, реттеп отырады.
Сондай-ақ Қазақстан экономикасының валюталық нарықсіндегі соңғы әрі басты өзгеріс 2006 жылы 15 қарашадан бастап айналысқа жаңа теңгелердің шығуы. Ұлттық валютамызды былай өзгертудің қажеттігі оның қорғаныштарының әлемдік стандарттарға сай болуы, шетел валюталарымен тен дәрежеде көрініс табуы болып табылады. Сонымен қорыта келе ұлттық валютамыз теңге жылдан-жылға ұлттық экономикамен бірге халықаралық валюта нарықсінде өзінің рөлін арттырып келе жатқандығына көзіміз жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |