Жеткізгіш:
-Жемдік өсімдік шикізаты
-қоспаның қабатқа бөлінуін болдырмайды;
-премикстің қозғалуын жақсартады;
-статикалық электрді бейтараптап, жинамайды;
бос су мен премикстің ұсақ бөлшектерін байланыстырады;
-премикстің тығыздығын оңтайландырады;
-жабыспайды, шаң тудырмайды;
-сусымалдығы жақсы;
-ph- 5.5-7.5;
-бөлшектің өлшемі 1,2мм дейін;
-бөлшектің өлшемі 1,2мм дейін;
-ылғалдығы 10% дейін;
-сақтауға тұрақты;
-суды сіңірмейді;
-тығыздығы-1,1- 1, 3 г/см :
-көлемдік салмағы-220-650кг/м".
Таратқыш:
-минералды шикізат;
-премикстің қозғалуын жақсартады;
-қоспаның қабаттануын болдырмайды;
-премикстің ылғалдығын төмендетеді;
-премикстің ұсақ бөлшектерін байланыстырмайды;
-премикстің тығыздығын оңтайландырады;
-жабыспайды;
-бөлшегінің өлшемі 0,6мм дейін;
-ылғалдығы 5% дейін;
-көлемдік салмағы 1000-1700кг/м3;
-тығыздығы 2,5- 3,2 г/см3.
Украинадағы Полтав облысы Кременчуг қаласында жаңа, толық автоматтандырылған премикс өндіретін шағын зауыт іске қосылды, Оны жобалауда Адиссео француз фирмасының ұсыныстары ескерілді.
Зауыттың өнімділігі - 1,8 т/сағ немесе бір сменалық жұмыста айына 300т премикс дайындайды. Қажет болғанда оны екі есе көбейтуге болады, өйткені құрауыш пен дайын өнімді жайғастыруға арналған қойманың сыйымдылығы оны камтамасыз етеді. Зауыт ғимаратта жалпы алаңы 1100м2 орналасқан.
Шағын премикс өндірісінің технологиясы ( 17-сурет) Балтик Сервис АБО (Россия-Латвия) принципиалды сызбасына сәйкес жасалған және өсімдік майы, микроқосымшалар (витаминдер және т.б.), орташа құрауыштар (минералды заттар мен аминкышқылдары), макроқосымшалар (толықтырғыш, таратқыш), арнайы құрауыштарды (ферменттер, емдік препараттар) енгізеді, кезекпен және бір мезгілде құрауыштарды араластырғышта араластыруды, дайын премиксті қапқа 20-50кг қаптауды қарастырады.
Жоба бойынша құрауыштарды біркезеңде араластыру қарастырылған. Бұл құрауыштарды 1:100000 қатынаста араластыруға мүмкіндік беретін арнайы
жылдам араластырғыштардың пайда болуына байланысты. Премикс өндірудің біркезеңдік араластыру сызбасын Богданов құрамажем зауытында Бюлер фирмасы, Минск түбіндегі Горелов құрамажем зауытында Ван Аарсен фирмалары қолданды. 3% өсімдік майын енгізгенде ол премикстің біркелкілігін 96% жеткізеді. Араластырғыш құрауыштарды сапалы араластыратын болғандықтан, 300кг өлшемде оған дозасы 3г витаминді енгізуге болады.
Жабдықтар 4 деңгейде былай орналасқан, қорапқа жиналған шикізат тжоғарыдан төмен қозғалады. Мөлшерлеу желісінде алты көпқұрамды таразылар: 500 килограмдық толықтырғышқа, таратқыш пен минералды құрауыштарға арналған, 150-килограмдық аминқышқылдары мен майға, ал төрт 3,5-килограмдығы витамин және басқа микроқосымшаларды енгізуге арналған. Барлығы 26 құрауыштарды енгізу қарастырылған.
Майды арнайы енгізу жүйесі жоқ, оны сыйымдылығы 18л бөшке орнатылған 150-килограмдық таразыда өлшейді. Бөшкеге қажетті май мөлшері алынғаннан кейін оған қысылған ауа жіберіліп, май бүріккіш арқылы араластырғышка шашыратады.
Қорытынды
Экономикамыздың қарқындап дамуы, қарапайым халықтың жағдайының жақсаруы, ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Астық шаруашылығының дамуына, дәнді – дақылдарды дайындау көлемінің жылдан – жылға артуына байланысты республикамыздың өндірістік элеваторларында техника көбейе түсуде. Көп мөлшердегі астық аз ғана күндерде жиналады да ұзақ жыл бойы өңделіп таратылады. Сондықтан, мемлекетте астық және оның өнімдерін қамтамасыз ететін қор болуы керек, сол қорлар сиятын элеваторлар керек. Элеватор өнеркәсібі астықты астық қоймаларында қабылдап ғана қоймай оның ұзақ уақыт сақтау және сапасын арттыру мақсатында қолданылады.
Элеватор бұл – толық механизацияланған астық сақтаушы, астық тазалаушы, астықты өңдеуші ғимарат. Қазіргі элеватор ғимараттары барлық операцияларды орындай отырып жоғары түрде тиімді және астықтың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Жиенбаева С.Т. Құрама жем зауыттарын жобалау негізі Алматы.2014 36-43бет
Достарыңызбен бөлісу: |