Холин-хлоридті дайындау желісі. Холин-хлорид (В, дәрумені) қою шырын тәрізді сұйықтық, ол премикс құрамына 1 тоннасына 100кг дейін енгізіледі. Оны жас малға арналған премикске енгізудің маңызы зор.
Холин-хлоридті премикске 2 әдіспен енгізеді:
Бірінші әдіс бойынша холин-хлоридті премикске араластырғышта бірден қосады. Екінші әдіс бойынша толықтырғышты автоматты таразылы мөлшерлегіште өлшеп, ал холин-хлоридті насосты молшерлегіште өлшеп, 1:3- тен 1:5-ке дейінгі қатынаста 10мин араластырып, қоспаны 10-12% ылғалдыққа дейін кептіреді. Кептірілген өнімді мөлшерлеу-араластыру желісіне жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |