Реферат тақырыбы: 1921-1922 жылдардағы аштық Орындаған: Мейрамбай Мадина Сақтапова Диана


АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ «АШТЫҚ САЯСАТЫ»



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі88,95 Kb.
#85578
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
тарих РЕФЕРАТ

АШАРШЫЛЫҚТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ «АШТЫҚ САЯСАТЫ»

Көптеген хаттар 1918-1922 жж. үз­дік­сіз жүрген ашаршылық кезінде жазыл­ған. «Обращение киргиз к Ленину» деп аталатын хатты, қазақ делегациясы орталыққа қабылдата алмай, Кавказда жүрген Мұстафа Шоқайға жет­кіз­ген, көп кешікпей, бұл хаттың мәтіні «Бо­рьба» газетінде түсіндірме­лермен жарық көр­ген. Құжатта адамдардың «иттің етін жеуге» дейін жеткендігі, оларға ешбір медициналық көмектің көрсетілмеуі жалпы қазақ қоғамына теріс көзқарастан туындап отырғаны, Орта­лық­тың өкілдері мен жер­гі­лікті халықтың арасында өзара түсініс­тіктің жоқтығы, партия, ке­ңес қызметкер­лерінің көпшілігінің отарлық рухпен улан­ғандығы жөнінде сөз қозғалады. Мұстафа Шоқайдың 1923-1927 жж. аралығында «Дни», «Последние новости» басылымдарында жарияланған мәлімеметтерге талдау жасайық. Сол кезеңде орын алған Ферғана облысындағы аштық жайлы үкімет бірде-бір хабар бермеді. Бұл жағдай туралы тек қана 1922 жылдың маусым-желтоқсан айларында жарық көрген газет топтамалары мен хаттардан деректер алынды. Бұл шындықты жасыра алмаған кеңестік үкімет үнсіздігін бұзып, «Экономическая жизнь» беттерінде бірнеше айғақтарды келтіруге мәжбүр болды.Осы жинақталған мәліметтерден кейін ғана жағдайдың шын мәнісінде мүлдем ауыр екендігіне көз жеткізді.Сонымен қатар, хаттар Ферғанада 1921 жылы да аштық болған, бірақ ол жөнінде «Ресейдің аштық жайлаған губернияларынан орыс шаруаларын Түркістанға қоныс аударуға кедергі жасамау үшін жазуға тыйым салынған» деп толықтырады. Ашыққандарға Андижан, Қышлақ аумақтарынан бірнеше интернаттар мен асханалар ашылса да, олар қашуға мәжбүр болды. Себебі, қашпағандарды өлтіруге дейін барғандығы айтылады. Емханаларда қарапайым халыққа арнап медициналық қызметтер көрсетілмеген. Аурулар үшін тек бір жол бар және ол – өлім екендігін жазады. Сонымен қатар, кеңес үкіметі осы қиын қыстау заманда халыққа салынатын салықты 105%-ға дейін, ал кейбір деректерде, тіпті, 120%-ға дейін өсіргендігі хабарланады. Ашыққан жұртқа ешқандай жағдай қарастырылмаған, тек қана экономикалық пайда үшін жұмыс істелген. Сол жылдары егіс науқанының тек қана 50%-ға орындалғандығын ескеріліп, қарапайым халық ыдыс-аяқ, жастық, көрпе әрі малдың қалғанын сатуға мәжбүр болғандығы айтылады. Бұл болып жатқан жағдайлардың барлығы Ақмола облысындағы ахуалды білетіндер үшін кездейсоқ емес екендігі жазылады. Себебі, билік басына большевиктердің партиясы келгелі бері Түркістан аумағындағыаштық олардың көлеңкесіне айналды. Бұл нәубетті нақтырақ «кеңес үкіметінің аштық саясаты» деп айтса артық етпейді. Бұл істің бәрі Түркістандағы мақта саясатын дамытуға негізделген болу керек. Алайда, Ресейдің өзінен кеткен қателіктер дұрысталмайынша бұлсаланы өрбіту мүмкін емес еді. Сондағы бұл жоспардың негізгі ойы Түркістанды қазақтардан аштық саясатын пайдалана отырып босатып, Түркістан аймағын Мәскеудің отарына айналдыру болатын.Соған дәлелдердің бірі аштықты ұйымдастырған айыптылардың жауапқа тартылғаны жөнінде бірде-бір оқиға болмағандығы. Керісінше аштықтың одан әрі өршуіне ықпал жасаған адамдар (Тоболин, Казаков) немесе тіптен аштықтыәдейі ұйымдастыруға қатысқандар (Паскуцкий) ел алдындағықылмысы үшін жазаланудың орнына қызметі бойынша көтерілгендігі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет