Реферат тақырыбы: 1921-1922 жылдардағы аштық Орындаған: Мейрамбай Мадина Сақтапова Диана



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі88,95 Kb.
#85578
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
тарих РЕФЕРАТ

АШАРШЫЛЫҚПЕН КҮРЕС

1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі – «Ақ жол» газеті. Оның беттерінде күнделікті аштыққа ұрынған қазақ жерлері туралы ақпарат, мәліметтер жарияланып тұрды. Мәселен, мына бір ақпаратта былай келтірілді: «Торғай уезінде ауру көбейіп барады. Иесіз, иен қалған үйлер бар. Қыс ерте түсті. Жер мұз. Мал өліп жатыр. Қара мал ноябрь (1920 ж. – С.Н.) басынан-ақ қолға қарады. Елде пішен аз. Ет салығын ел беріп жатыр. Мал мен жанға ауыртпашылық бірдей түсіп, шаруа күйзеліп тұр». Сонымен қатар, газет-журнал беттерінде Шымкент уезіндегі қазақ ауылында шешек ауруы жайлап, адам өлімі көбейіп, халықтың жағдайының одан да мүшкіл болғандығы басылды. Мұны көрген ұлт зиялылары шетте шарасыз тұра алмай, өз беттерінше қара халыққа арнап жаппай асханалар ашып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, барынша қол ұштарын созды. Сонымен қатар, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке хат жолдады. Бұл жағдай туралы тарихшы Манаш Қозыбаев көптеген статистикалық мәліметтер келтірді. Соның ішінде 1922 жылдың наурыз айында батыс және солтүстік аймақтарда, шамамен, 2 млн 350 мың адамның аштыққа ұшырағанын ескереді. Үкімет тарапынан көрсетілген көмек тек қала тұрғындарына жеткенін, ал сол уақытта қалада қазақтардың тек 2% тұрғанын да айтып өтеді. Сейітқали Меңдешев басшылығымен құрылған «Аштар» комитетінің де еңбегі ерен. Ол 1920-1925 жж. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болған жылдары ашаршалықпен күресуде іскерлік таныта білді. Ол Республикадағы төтенше комиссияның жетекшілік қызметін атқарып, елдегі жағдайды қалпына келтіруге аянбай күресті. 1921 ж. 17 Шілдесінде аштыққа байланысты РК(б)П ОК-ніңарнаулы үндеуі жарияланып, шығу себебі айтылып, онымен күрес жүргізуге шақырды. М. Әуезов «Қазақ тілі» газетіне ең бірінші болып, қазақ жерінде аштық басталғандығы жөнінде дабыл қаққан. Ол аштықтан құтылудың бірден бір жолы егін салу деп көрсетеді. М. Тұрғанбаев та газетке жариялаған «Аштарға жәрдем бер» деген мақаласында аштықтың алдын алуда келесі жылға дайындықты күшейтіп, егін салу, пішенді жөндеу жұмысына қамды алдын-ала жасау қажеттігіне үндеген.Жазушы Тұрсын Жұртбайдың құрастыруымен жарық көрген «Алаш қозғалысы» деп аталған жинақтағы құжатта 1921 жылдың 10 желтоқсанында Дала аудандарынан ашыққандарға тірідей көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы жиналыс өткендігі айтылады. Бұл жиналысты Ә. Жангелдин өткізіп, хатшылығын Нақымжан атқарыпты. Жиналысқа зиялдылардан М. Әуезов, А. Асылбеков, А. Кенжин, А. Байтұрсынов, Т. Жаманмұрынов, М. Саматов, Қ. Сармолдаев және т.б. қатысып, М. Әуезов аштар комитетінің көмегі ашыққан аудандарға әлі жетпегендігін айта отырып, тез арада ашыққандарға көмек көрсетуді көтереді.Аштыққа көмек қолын Семей қаласындағы М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Р. Мәрсеков бастаған ұлт зиялылары созды. Олардың басқаруымен жиналыс өткізіліп, халықты көмек беруді шақырған үндеу жарияланды және осы іс-шараға белсене кірісіп, елден «жылу» жинай бастады. Сонымен қатар, Тұрар Рысқұлов аштықтың зардабы мен оған қарсы елде жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар барысы жөнінде өзінің “Қазақстан” деген кітабында айқын жазды. Аштықпен күрес ісіне және комиссиялардың іс-шараларына Ташкентті қоса алғандағы кеңес депутаттарының жергілікті атқарушы комитеттері тарапынан немқұрайлылықты атап көрсетті, өлкеде ұлтына қарамастан дәулетті таптарға белгіленген тәртіпте отбасының жылдық қажеттілігінен артық мөлшеріне жаппай салық салу туралы декрет шығаруды, ашыққандар қорына: азық-түлікпен, киіммен, тауарлармен және басқа да заттармен қамтамасыз етуді ұсынды. Алайда, бұл жоба қабылданбай қалды. Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды.


ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда бұл аштық тақырыбы проблемалық тақырыптардың бірі.Және де ғалымдар мен тарихшылардың еңбектерінде ''бұл қолдан жасалған қасірет''-деген деректер кездеседі. Жалпы алғанда аштықтың болуына кінәлі Қазақстанда жүргізілген Сталиндік-Голощекиндік реформа,содан туындаған шаруалардың жеке меншігін тәркілеу,қуаңшылық,күштеп отырықшыландыру. Голощекин билік басына келгеніне көп уақыт өтпеседе,ауылдарды аралап көрмей-ақ,ел жағдайына өзінше баға беріп,байбалам салады. Сол кездері «Советская степь»,«Еңбекші қазақ» газеттерінің беттерінде Голощекиннің «Ауылды кеңестендіру», «Асыра сілтеу болмасын,аша-тұяқ қалмасын» деген сөздері ұран болып көтерілді.Сөйтіп, ол Қазақстанда «Кіші Қазан» өткізуге кіріседі.Қазақтың төрт түлік малын түгел сыпырып алып,мемлекет меншігіне бергізді. Әсіресе,жылқы малының жойылуына айрықша күш салады.Осылайша Голощекин қолына тиген шексіз билікті пайдаланып,алдымен өзіне қарсы шыққан білікті де білімді азаматтарды қуғын сүргінге салады. Сонымен 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себебі:1921 ж. қуаңшылық және қыстағы жұт,Солтүстік Батыс аудандарда астықты тартып алуы,4 млн пұт астық,24.5 мың пұт май жинап алынды.Осындай әр түрлі себептерден ата-анасыз қалған балалар саны артты.Оларға арнап балалар үйі мен асханалар ашу,сонымен қатар астықты жерлерге көшірілу мәселесі қаралды.Дегенмен,мемлекет тарапынан жеткілікті қаржы бөлінбейді, аштықтан эпидемиялық ауруға ұшырағандарға көмек көрсету мүмкін болмайды.Оларға дәрі-дәрмек жеткізу қиындап,адамдар жаппай қаза болады. Негізінен аштық жылдары қырылған адамдар жайлы деректер көп,бірақ сандар әр түрлі. Әбден тығырыққа тірелген адамдар аштықтан өз бетттерінше құтылып шығуға тырысады. Ашаршылық пен күштеп ұжымдастырудан қорыққан халық басқа аймақтарға үдере көшеді.Және осы аштық салдарынан Орал, Қостанай, Ақтөбе,Торғай губернияларында халықтың 1/3-і азайып кетті.Демографиялық жағдай нашарлайды,700 мың адам Республикадан кетіп қалады.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Манаш Қозыбаев. «Тарих зердесі».

  • Талас Омарбеков. «Ашаршылық ақиқаты».

  • Р.Т. Құсайынова. «Оқушының қысқаша анықтамалығы»


Интернет-ресурстар:
http://edu.e-history.kz/kz
https://abai.kz/
http://madeniportal.kz/
https://egemen.kz/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет