Реферат тақырыбы: А. Маслоудың мотивация теориясы қажеттілік пирамидасы Орындаған: Байтенова М. Ж. Тексерген: Толеуова Н. Б



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі31,19 Kb.
#144196
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат Мадина
2 БИЛЕТ , ОФД 21 лекция
X ілімі

Y ілімі

· Адам негізінен жалқау нәрсе, «жұмыс аз болса, бекершілік пен ойын-той көп болса сонша жақсы» деп тұрады. Адам деген жұмыстан амал бар қашатын нәрсе.
· Көп адамдар ұжымдық (компания, орган, орын, қоғам, ұйым) мақсатқа пысқырмайды. Басқарушылар еріксіз қаталдық қолданады, жазалайды, жетелейді, ақша мен мүдде адамдардың жұмыс істеуінің негізгі қозғатушысы. Солар болмаса ол саусағын да қимылдатудан ерінеді.
· Әдетте адамдардың алғабасарлық рухы өте нашар болады, жетелесең ғана жүреді, аузына сөз салсаң ғана айтады, белсену олар үшін өлім секілді. Сондықтан басқарушылар оларға қысым түсіруге мәжбүр.
· Адамда алға басу ниеті кемшіл, ол жауапкершіліктен қашады, және мүмкін бар бастық болуға тырысады.
· Адам баласы өзін түзетуді, өзгеруді, жақсылыққа талпынуды шындап қаламайды. Оныкі тек көзбояушылық қана.

· Адамның еңбек ету және ми жұмсауға белсенуі бейне демалу мен көңіл ашуға белсенуі секілді. Қызмет етудің рахаты көрініп тұр және көп санды адам еңбектен қашпайды. Жұмыс қашанда адамға табиғи көңілділік сыйлайды.
· Сыртқы қысым мен жаза болмаса да адам бәрібір өз мақсаты үшін тырысатын болады. Адам табиғаты тума жалқау емес, әркімнің өз-өзін тізгіндеу және бақылау қабілеті жеткілікті.
· Адам көппен бірге мақсатқа жұмылғанды жақсы көреді. Адам өз тобы, ұжымы үшін белсене жұмыс жасайды, жұмыста өз жасампаздығын толық көрсетуге тырысады. Адам тырысып жұмыс істегенде ғана жұмыста жұрттың құрметіне бөленетінін, істемей тістеу жамандық екенін біледі.
· Адам жауапкершілікті орындамауды намыс көреді, барынша үлкен жауапкершілікті орындауға бәсекелеседі.
· Көптеген адамда мәселені жасампаздықпен шешетін жоғары ақыл қабілеті бар.
· Тек, көп санды адамның өз қызмет орнында әлеуеті толық ашылмайды, жасырын қабілеті мен артықшылығын көрсетуге орай бола бермейді.

Х ілімін ұстанатын басқарушы қатал тәртіп-түзім орнатып, қызметкердің жұмысқа енжарлығын түзеткісі келеді. Y ілімін ұстанатын басқарушы адамгершілік арқылы шабыттандыруға мән береді, адамдардың жеке мақсаты мен ұжым мақсатын біріктіруге тырысады, қызметкерге көбірек құқық-билік береді, қызметкерлердің белсенділігін арттырып, артықшылығын күшейтеді.
Адам табиғаты ізгі деп есептейтін Y ілімінің ереже-талаптары:

  • Демократиялы басқару;

  • Барлық адамды тең қатыстыру;

  • Бәрімен қоян-қолтық араласу, ашық әңгімелесу;

  • Адамдарды мазалаған қажеттерін қамдау;

  • Артықшылықты асыру, пайдаға жарату;

  • Әркімге жеткілікті құқық беру.

Мотивацияның əр түрлі теориялары негізінен өзара жанжал жасамайды, мотивацияның стандартты еместігін жəне көп қырлылығын көрсете отырып жəне бұл күрделі мəселені шешудегі кешенді ыңғайдың керек екенін қайта анықтау отырып бірін-бірі толықтырады.
Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі (Need-hierarchy theory) – Маслоу пирамидасы деп те аталады. АҚШ-тың еврей нәсілді гуманизм психологі Ибраһим Маслоу ортаға қойған, адамның ниеттену жүйесіне арналған ең кең таралған ілімдердің бірі. Қажеттілік қабаты ілімі адамдық қасиетті түсіндіруге де, адам талпынысының нақты мақсатын айқындауға да керек теория. Онда адам өсуінің ең басты қозғаушысы «ниет» деп түсіндіріледі. Ниет түрлі қабаттағы түрлі ерекшелікке ие қажеттіліктерден құралады. Сол қажеттілік қабаттарының жоғары-төмендік тәртіптік айырмашылығы бар және төмен қажеті қанағаттанғанда жоғары қабаты оянып отырады. Әрбір қабаттың қанағаттану дәрежесі жеке болмысының даму деңгейін белгілейді. Қажеттілік қабаты ілімі бойынша адамда төменнен жоғарыға дейін 5 негізгі қажет бар, олардың әрқайсысының шабыттану мүмкіндігі ұқсамайды.

  • Физиологиялық қажет (physiological needs), маңыздылары тамақ, су, ауа, жыныстық құштарлық, денсаулық, т.б.

  • Амандық қажет (Safety needs), негізгілері денелік амандық, тұрмыстың жайлылығы мен тұрақтылығы, қайғыдан, мәжбүрлеуден, ауырудан аулақ болу, ақша-байлық қажеті, т.б.

  • Адамдармен байланыс қажеті (Love needs), достық, махаббат, туыстық байланыс, т.б. қажеттерінен туған ниеттенулер;

  • Құрметтелу қажеті (Esteem needs) табысқа жету, атақ, орын мен мәртебе, мансап, т.б. Құрметтелу қажеті себепті, өзінің құнына деген жекелік түйсігін қанағаттандыруға, басқалардың өзін мойындауы мен құрметтеуіне қол жеткізуге тырысады.

  • Өзін іске асыру қажеті (Self-actualization) ниеттенудің ең жоғары түрі, ол ақиқат, ізгілік, сұлулыққа талпынатын, адам өмірінің биік мұратына қол созатын жоғары деңгейдегі талап деуге болады.

Алдыңғы төрт қажет қанағаттанғанда барып ең жоғарғы осы қажет оянады және ол өзін іске асыруға, жасырын әлеуетін толық алып шығуға белсенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет