Қорытынды
Бизнес-инкубаторлардың клиент-фирмалары өзінің дамуында 4 сатыдан өтеді. Бірінші сатыда жобаның жаңа келешегінің бар болуы жəне өтімділік критерийлері бойынша үміткерлер таңдалып алынады. Содан соң үміткерлермен ай сайын келісім-шартты растап отыру шартымен келісім жаса- лады. Клиенттер өз міндеттерін орындамаған жағдайда жалға алған жайларды босатулары керек. Екінші сатыда клиент-фирмаларға инкубатор тарапынан əр түрлі қызметтер көрсетіледі, соның ішінде кеңес беру, техникалық, қаржы жəне басқа қызмет түрлері қамтылады. Үшінші саты — бұл фирманың пайда болу жəне өсу сатысы. Жұмыс істеушілердің саны 2–3-тен 10–15 адамға дейін көбейеді. Фирма даму қарқынын жоғарылата бастайды, бұл жалгерлік төлемді осы аймақтағы жалгерлік төлемнің орташа нарықтық деңгейіне дейін көтеруге мүмкіндік береді. Кеңес беру қызметінің құны да жоғарылайды. Нəтижеде фирма қалыптасқан сыртқы орта шарттарына барынша жақындатылған жағдайларда жұмыс істей бастайды. Төртінші сатыда фирма тиісті əлеует жинап алып, бизнес-инкубаторлардан кетеді, ал оның орнына жаңа клиент фирмалары келеді.
Кез келген ірі оқу немесе ғылыми-зерттеу орны өз базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізу үшін бизнес-инкубаторын құра алады. Оның үстіне мұндай тəжірибе бізде бұрын да болған, ол уақытта шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын жүзеге асыратын. Кəсіпорынмен жасалған келісім- шартқа сəйкес жетекші профессор қызметкерлер тобымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асы- рады, кейін оларды келісім-шартқа сəйкес қолданысқа енгізеді. Мұндай зерттеушілер тобының əрбірі қазіргі таңдағы университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасындағы бизнес- инкубаторының белсенді кеңес берушісі бола алады.
Аймақ экономикасының дамуына бизнес-инкубаторлар зор үлес қосады: біріншіден, жаңа жұмыс орындарын құрады, екіншіден, өнім өндірісі мен қызмет көрсету көлемін арттыру есебінен экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Осы екі факторды ескере отырып, аймақтық басқару органда- ры өзін жақсы танытқан бизнес-инкубаторды экономиканы дамыту құралдары ретінде пайдаланула- ры қажет. Бизнес-инкубаторлардың көбісі өз қызметтерін қаңырап тұрған мектеп ғимараттарында жəне бұрынғы əкімшілік офистерінде бастайды. Мемлекеттік жəне аймақтық құрылымдарды қайта ұйымдастыру үрдісінде республикада көптеген əкімшілік ғимараттары босатылады, олардың кейбіреулері аймақтағы көптеген кəсіпорындар үшін мəре алаңы бола алар еді.
АҚШ-тағы бизнес-инкубаторлардың 90 %-ға жуығы коммерциялық емес ұйымдар, олардың негізгі мақсаттары — жаңа кəсіпорындар құру жəне оны дамыту. Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі сатысында бизнес-инкубаторларын құруға əлі ерте деп есептейтін оппоненттер де табылады. Шын мəнінде бизнес-инкубаторлар коммерциялық емес құрылымдардың қаржылай демеушіліктерінің арқасында өмір сүруде. Сірə, біз үшін осы қаржыландыруды табу ең күрделі про- блема болатын шығар. Республиканың қазіргі экономикалық қиын жағдайында бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдайлар құруға қаражат табу оңай емес. Осылай бола тұрса да, шетел тəжірибесін үйрену барысында, бизнес-инкубаторларының клиент-кəсіпорындарының 90 % тиімділігі жоғары кəсіпорындарға айналатындығын көруге болады. Бұл жай республикада алдымен эксперимент ретінде біреуін, содан соң бірнеше бизнес-инкубаторларын құру кезінде шешуші ықпал жасау мүмкін.
Əдебиеттер тізімі
Ruans C. Cyntia. Managing the Small Business. Insights and Readinga. — Englewood Cliiffs, New Jersey: Prentice-Hall, Inc., 1989. — Р.
Rise P.Mark and Jana B.Matthews. Growing New Ventures, Creating New Jobs. Principles and Praktices of Syssessful Incuba- tion. — London: Quorum Book,
Исабеков Б.Н. Кəсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері. — Түркістан: Тұран, 2008. — 165– 168-б.
Достарыңызбен бөлісу: |