Қорытынды
Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.
Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы.
Қорыта айтқанда, жаһандану кеңістігінде мемлекеттің болмысын, ерекшелігін танытатын – ұлт тілі. Олай болса, тіліміздің ертеңі туралы ойлану, оны мәңгілік жобаға айналдыру барлық уақытта алдыңғы орында болу керек. Демек, әр тіл жанашыры: әдеби тілдің әдемілігін сақтап, сауатты қолдануды; қолдану өрісін кеңейтуге үлес қосуды; тілдің бүгінінен ертеңі мазмұнды болуына атсалысуды өз мақсат-міндеті ретінде қалыптастыруы керек.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша негізгі теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы. Ғылыми жұмысымызда А.Байтұрсынұлын ғалым лингвист ретінде қарастырғандықтан, қазақ жазу жүйесінің алғаш рет негізін қалағандығын, дыбыстарды дауысты, дауыссыз деп екіге бөліп қарастыру А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге тырыстық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, «Ана тілі», 1992, 448 бет.
2. Ақымбек С. П.М. Мелиоранский және қазақ тілі фонетикасы: автореферат / Ақымбек Сьезд Шардарбекұлы. - Алматы : [б. и.], 2003. - 30 с.
3. Иманқұлова С.М. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс түркітанушыларының морфологиялық зерттеулерінің бағыттары. Кандидаттық диссертация- Алматы: 2009.-146 б.
Достарыңызбен бөлісу: |