Реферат тақырыбы: Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналға тұңғыш еңбек



бет1/5
Дата29.12.2022
өлшемі25,49 Kb.
#164846
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Тіл біліміне кіріспе ДШТЖ Рахат Айдана


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналға
тұңғыш еңбек

Тексерген: ф.ғ.к, доцент Кокишева Н.М


Орындаған: ДШТЖ-22-01 тобының
студенті Рахат А.Р
Астана 2022 ж

Мазмұны

Кіріспе ......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
Қазақ тілінің тарихы ...............................................................................................4
Тілдің грамматикалық дамуының көрсеткіштері ................................................5
А. Байтұрсынұлы еңбектеріндегі басты қисындар .............................................7
Қорытынды .............................................................................................................9
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................10

Кіріспе



Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен араласуын, қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Адамдардың қарым-қатынас жасайтын, түсінісетін негізгі құрал құралы – тіл. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөйлесе білуі керек. Сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыруы тиіс. Енді адамдардың арасындағы қарым – қатынас деген ұғымды қалай түсінуге болады? Қарым – қатынас деген адамның отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрлерімен және мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы.Адамдардың әдептілік нормалары тұрғысынан бір- бірлерімен өзара араласуларын, ауыс-түйістерін, байланысын білдіреді. Қарым-қатынас адамдардың ішкі жан дүниесінің сырқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі бейнесін жасаудағы іс- әрекет. Жақсы қарым-қатынасты жасауды білу және солай әрекет ету – әрбір адамның міндеті. Жақсы қарым-қатынас дегеніміз -адамның бойындағы ең әдемі қасиеттердің өмірдегі көрінісі. Жақсы қарым-қатынастар адам бойында өткінші болмайды. Ол адам бойында қалыптасып, бірге жасайды. Ал ол үшін кісінің әуелі әдептілік негіздерін бойына сіңіру шарт. Өйткені әдеп болмай, жақсы қарым-қатынас та болуы мүмкін емес. Әдеп– сөйлеудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Бұдан түйетін қорытынды, жақсы қарым-қатынас жасау – әдептілікті, мәдениеттілікті, сөйлеу білу, сөйлесе білу мәдениет меңгерудің қажеттігін көрсетеді. Жеке адам мәдениеті деген - адамның ойлау қабілеті, өзінің және айналасындағылардың әрекеттеріне , болмысына талдау жасай білу қабілеті.
Мәдениет – адамның рухани және материалдық , интеллектілік пен сезімдік қасиеттері айқын аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Ендеше мәдениет сөзінің аясы кең, мағынасы сан тарау. Соның ең негізгісі - тіл мәдениеті. Тіл, сөз – егіз ұғым. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып жатады. Әр ұлттың тілі сол ұлтпен бірге пайда болған, дамып отырған. Сондықтан да , өз тарихына, ұлттың дәстүріне, туған жеріне, туған тіліне қамқар көзбен қарап, қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті - үндестіріп дұрыс айту, сауатты жазу , сөздерді орнымен қолдану.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі . Қазақ тілі өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандарып, ұғымыңа қонымды, жүрегіңе тиімді. Қысылтаяң жағдайда қайрап, егеп, сөзз тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерге, елге медет болып, адам түгіл жағдайдың көмеіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл деп Б.Момышұлы айтқандай тіліміздің тамыры тереңде жатыр. 22-қыркүйек-Тілдер мерекесі. Осы ұлы дүбірлі той республика көлемінде аталып өтуде. Тіл – біздің мемлекетіміздің , ұлттық өркендеуіміздің тірегі. Паустовскийдің «Ана тіліне немқұрайлы қарау , өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз» деп айтқан пікірде үлкен мағына бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет