«Астана медициналық университеті» КЕАҚ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы»
Орындады: Амантөлеуов Рамазан
Факультет: Стоматология
Топ: 103
Қабылданды: Айгуль Жалмурзина
Күні: 13.9.2021
Нұр-Сұлтан
2021
Кіріспе бөлім:
Ежелгі саяси ой-пікірлер.
Негізгі бөлім:
Қазақ даласының хандарының, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев т.б. саяси көзқарастары.
Қорытынды бөлім:
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар саяси көзқарастары.
Саяси ойлар тарихы адамзат өмірінде ерекше орын алатын сөзсіз қажетті ғылыми, мәдени мұра болып табылады. Ғасырлар бойы жинақталған зерттелген, қоғамның пайда болуы мен дамуы олардың саяси жүйелерінің қызметтері туралы мол мағлұматтар береді. Саяси ілімдер тарихынан хабардар болу, оны танып білу бүгінде жүріп жатқан тіршілік үшін, қоғам, мемлекет, үкіметтер үшін өте қажет. Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың саяси ілімдер тарихына қосқан ғылыми зерттеулері адамзат баласы үшін маңызы өте зор.
Саяси ілімдердің аяғынан тік тұрып қалыптасу кезеңі адамзаттың діни-мифологиялық танымынан өтіп ақыл-ойға сүйенген мезгілімен қабаттас келді. Сондай-ақ, бұл кезең қоғамдық өндірістің даму сатысындағы таптар мен мемлекеттің шығуымен тұстас еді.
қаһарлық - жауынгерлер елін қорғау керек, қозулық бастаманың өкілдері - жұмысшылар ел басшыларына жағдайын жасап бағынуі міндет.
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, математигі, физигі, музыка зерттеушісі Әбу Наср Мұхаммад Ибн Тархан әл- Фараби. 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160- тан астам трактат жазған. «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы», «Азаматтық саясат» деген еңбектері бар. Әл- Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы –халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз- мұнда теріс әрекеттер болады.
Әл –Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ол ақын, философ, қоғам қайраткері болған. «Құтадғу біліг» деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адмның тағдыры, қоғамдағы орны мен ролі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар- Қасым, Есім, Тәуке хандар. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшылы Шоқан Уәлиханов ғалым, ағартушы- демократ, саясатшы, этнограф. Халықты патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық –зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат мүддесі деп білді. Шоқанның ойынша халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді.
Саясатқа атсалысқан тұңғыш ұстаз- Ыбырай Алтынарин халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бқұара халықты билеп төстеушілердің қысым- қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш –жігерін олардың білімін көтеруге арналған. 1887 жылы Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы Абай Құнанбаев қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік керектігіне назар аударды.Ол адамның «ақыл,ғылым,қайрат» арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік кезеңінде күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және т.б. студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған, рулық, феодалдық тартыстан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты ойландырады.
Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына ең алдымен, білім мен мәдениет керек екенін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды. Құжатханалардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына алғашқы рет осы жылдары-ақ ілігіп, ” саяси сенімсіздердің қара тізіміне ” алынады. Әлихан бұл тізімнен патша үкіметі күйреп, Кеңес үкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қыркүйегінде ” халық жауы ” болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. Орман институтын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қакйта оралды. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педогогтық, ғылымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда отырды.
Осы айтылған мәселелер неше жылдар өтсе де әлі өзінің өзектілігін жоғалтпай отырғанын бүгінгі таңда байқап отырмыз. Атам заманнан бері қазақ өз жері үшін жанын салып күреске түсіп келгені тарихтан белгілі. Қазақ топырағындағы философиялық толғамдар да осы төңіректе өрбісе керек. Әлихан Нұрмұхамедұлының көзқарастарындағы мәселенің философиялық аспектісі де осы жерден келіп шығады.
Дерекөздер:
http://elibrary.kaznu.kz/ru/node/5
https://stud.kz/sabak-zhospary/id/21429
https://e-history.kz/kz/projects/show/23034/
https://kitaphana.kz/refkaz/238-sayasattanu/3278-saiasi-oilar.html
https://kk.wikipedia.org/wiki/Әлихан_Нұрмұхамедұлы_Бөкейхан
https://stud.baribar.kz/20802/a-boekeykhanovtynh-sayasi-koezqarastaryndaghy-zher-maselesi/
Достарыңызбен бөлісу: |