Екінші деңгей «Мен өзім өзіме күш беремін» анадан тәуелсіз және өз мінез-құлқына бақылаудың суретіне байланысты балалық шақтың орта шеніне жауап береді.
Үшінші деңгей «Мен басқаларға әсер қалдырамын» енді авторитеттері жоқ, үнемі достарын ауыстыратын, сайысқа қатысуы басқа адамдардан артық болу мүмкіншілігімен анықталатын жасөспірімді сипаттайды.
Және де соңғы төртінші деңгей «Мен міндетімді орындағым келіп тұр» өмірін қандай да бір іске немесе белгілі бір әлеуметтік топқа қызмет етуге арнайы ересек адамға сәйкес келеді.
Әрине, педагогикалық іс-әрекет мотивациясын талдау үшін билік мотивінің дамуының соңғы деңгейі әсіресе қызығушылық туғызады. Н. А. Аминов педагогикалық іс-әрекетті таңдаудың мотивациондық негізінде билік мотиві әрқашан басқаларға бағытталғанын (білім арқылы көмек) арнайы ескертеді. Бұл педагогикалық іс-әрекеттің табыстылығын болжау үшін де маңызды. Көмек көрсету ретінде альтруистік немесе әлеуметтік мінез-құлық Н. А. Аминов бойынша басқа адамдардың әл-ауқатына мақсатты бағытталған кез келген әрекеттер түсіндіріледі. Бұл позиция басқа негізде және басқа терминдерде болса да, мотивацияның гуманистикалық берілуімен ұйқасып келеді.
Алайда, Н. А. Аминовтың бұл көзқарасы жалғаз емес. П. И. Пидкасистый редакциясы басшылығымен «Педагогика» оқу әдістемесінің авторлары педагогикалық іс-әрекеттің басыңқы мотиві болып қарама қайшылыққа толы бұл өмірге кіруші баланың бақытын аялау, балалық шақтың бақытты өтуіне көмектесуге ыстық ықылас білдіру және адамға гуманистік қатынас білдіру табылатынына кәміл сенімді. Бұл мотив жоғары дәрежеде тәрбие мақсатын қолдайды, Адамға сәйкес өмірді құра алатын тұлғаны тәрбиелеуге үлкен жекелік мән береді. Осы авторлар ескертетіндей «мұндай сипаттағы мотивация педагогқа маманды және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңуге көмектеседі: әлеуметтік ахуалдың өзгеруі; педагогтың қоғамдағы материалдық және рухани жағдайының нашарлауы; жеке отбасылық жағдайдың күрделенуі және психологиялық ширығуының артуы; мектепке әкімшілік жаңартулар мен педагогикалық ұжымда психологиялық климаттың нашарлауы; қиын мінез-құлықты балалар тобының пайда болу және кейбір педагогикалық сәтсіздіктер баланы қоршаған әлеуметтік орта адамгершілігінің төмендеуі мен рухани мәдениеті деңгейінің түсуі» (сонда 76-бет). Педагогикалық іс-әркеттің көптеген басқа да мотивтері бар (ғылыми-педагогикалық қызығушылық, «тіршілік үшін жұмыс істеп күн көру, балалармен қарым-қатынас арқылы рухтың белсенділігі мен жастығын сақтап қалу»).
Педагог іс-әрекетінің мотивациондық-тұтынушық аумағы А. Б. Орлов бойынша оның ценрациясының терминдерінде интерпретациялануы мүмкін. Центрацияда гуманистикалық психология мен педагогикада «оқушы мен оқытушының қарапайым ерекше құрылған эмпатияда, басқа адамды бағалаусыз қабылдау мен конгруэнттілікте, толғаныстар мен мінез-құлықтың біркелкілігіне негізделген өзара әрекеттесуі. Центрация әрі оқушы мен оқытушының жекелік өсуінің, олардың қарым-қатынасының, шығармашылығының жалпы субъективті (жекелік) өсуінің, дамуының нәтижесі» ретінде беріледі.
А. Б. Орловқа сәйкес мұғалімнің жекелік орталықтандырылуы педагог іс-әрекетінің интегралды және жүйеқұрушы сипаттамасы болып табылады. Мұнда дәл айтқанда мұғалімнің центрацияларды бұл іс-әрекеттің стиль, қатынас және т.б. көптеген формаларын анықтайды.
А. Б. Орлов педагогикалық іс-әрекетте жалпы, әрі нақты педагогикалық жағдайларында басыңқы бола алатын жеті негізгі центрацияларды көрсетті:
- эгоистік (өзінің «Мен» қызығушылықтарындағы центрация)
- бюрократтық (әкімшілік, жетекшілер қызығушылықтарына центрация)
- конфликттік (әріптестер қызығушылықтарына центрация)
- авторитеттік (оқушылар ата-аналарының сұраулары, қызығушылықтарына центрация)
- танымдық (оқыту мен тәрбиелеу құралдарының талаптарына центрация)
- альтруистік (оқушылар қызығушылықтарына (қажеттіліктеріне) центрация)
- гуманистік (мұғалімнің өзінің мағынасының қызығушылықтарына және басқа адамдардың (администратор, әріптестер, ата-аналар, оқушылар) мағынасына центрация)
Гуманистік центрация дәстүрлі оқытуды көрсететін центрациялардың алғашқы 6 түріне қарсы қойылады. Осылайша, қарама-қайшылыққа және әртүрлі тенденциялар күресіне толы күрделі де қазіргі заманғы өмірге қадам басқан келер ұрпақ бақытты келешегіне қамқорлық мотиві педагогтың кәсіпқойлығын жоғарылату, өзінің педагогикалық аспаптар қоймасына жаңа әдістер мен технологияларды қосып меңгерудің үнемі талпынысын қамтамасыздандыруға шақырады, мұғалім іс-әрекетіне гуманистік бағыттылық беріп, оның кәсіби өмір ұзақтығына жағдай жасайды. Бұл жайлы «ақыл, жақсылық, мәңгілік еккендер» іс-әрекеті мен қалыпты тіршілігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыздандыратындарға ұмытпау керек.
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
Мақсат жалпы ғылыми мағынада мінез-құлық элементтерінің бірі, санада, ойлауда іс-әрекеттің нәтижесі, оған жетудің жолдары, әдістерін алдын сүйсіндіретін сипатталатын саналы іс-әрекеттің тікелей мотиві. Осылайша, компоненттер (1 мен 6) өзара байланысы мақсаттың анықтамасына қатысты және де бұл жағдай кері байланыстың сенімді құбылыстың пайда болуына әкеледі, оның бар болуы педагог іс-әрекетінің басқарушы құрамдас бөлігі жайлы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Шынымен де, мақсатқа жетуге бағытталған педагог іс-әрекеті мақсатпен сәйкес келетін бір нәтижеге әкелуі керек. Тәжірибеде бұл бірден ешқашан бола қоймаған, яғни күтілетін мен пайда болғанның арасында әрқашан бір саңылау болады, және де оның өлшемі оқытушының кейінгі қимыл-іс-әрекетінің стратегиясын анықтайды. Мақсатқа жету үрдісі циклдық сипатта болып, мақсат пен нәтиже арасындағы айырмашылық едәуір өлшемге ие болғанша жалғаса береді.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты үйлесімді дамыған тұлғаны тәбиелеу мақсатын жүзеге асырумен байланысты пайда болады. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әртүрлі бағыттарда оқыту мен тәрбиелеу нақты есептерін шешу үрдісі кезінде орындалады.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А. С. Макаренко «үйлесімді тұлға», «адам-коммунист», және т. с. с. тәрбие мақсаттаының аморфты анықтамаларына қарсы шыққан.
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын ол тұлға дамуы программасын құру мен жеке түзетулерде көрді.
Мақсатқұрушылыққа мұқият ғылыми ыңғай үшін В. П. Беспалько тұрды. Ол ПЖ-де (педагогикалық жүйеде – В. М.) жүйеқұрушы болатын мақсатқұрушылық пен тәрбиелілік элементі оны анықтау әдісіне байланысты барлық ПЖ-ның бүтінділік немесе борпылдақтық дәрежесіне әсер етеді деп санады. ПЖ дұрыс жұмыс істеу мақсаттарын құруға қажетті және жетерлік талап – олардың диагностикалығы, яғни білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін объективті қамтамасыздандырылуы.
Педагогтың кәсіби іс-әрекетінің мақсаты: қазіргі кезде «Адамға лайық өмір құра алатын тұлға» мақсат жолындағы саты, мақсатты бағытталған іс-әрекеттің аралық нәтижесі (9-сұлбаны қараңыз) ретінде келтірілетін тәрбие мақсаты болып табылады. Мақсаттың жалпы сипаттамасы педагогқа оны жағдайлардың әркелкі келулерінде жүзеге асырып, одан аса жоғары кәсіпқойлық пен асқан педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мақсатқа жету біз бен мақсаттың бір бөлігі ретінде түсінетін пайда болған есептерді шешуге бағытталған іс-әрекетте жүзеге асырылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру, тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеу ұжымын құру, жеке тұлға дамуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – тек тарихи емес, сондай-ақ динамикалық құбылыс. Қоғам дамуының объективті тенденцияларының шағылуы ретінде пайда болып педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формалары мен әдістерін қоғам қажеттілііктеріне келтіре отырып, ол жоғары мақсат – тұлғаның өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы жылжу программасына келтіріледі.
5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Мақсатқұрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсатқұрушылық:
- өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті, әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда ойластыру жүйесі;
- мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу – бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде аналитикалық бағасы;
- нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.
Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып келеді.
Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:
- негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім;
- білімдерді тасымалдаушылар ретінде оқулықтар мәтіндері немесе оқытушы ұйымдастырған оқушының бақылауы кезінде (лабораториялық, тәжірибелік сабақтар, алаң тәжірибесінде) алынатын, меңгерілетін пәндік шындықтың фактілері, заңдылықтары, қасиеттері бола алады;
- қосымша құралдар ретінде техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. келтіріледі.
Оқытушының іс-әрекетте әлеуметтік тәжірибені беру әдістері болып түсіндіру, көрсету, бірігіп жұмыс істеу, оқушының тікелей тәжірибесі (зертханалық, алаңдық), тренингтер табылады. Оқытушылық іс-әрекеттің өкілі болып оқушыда пайда болатын аксиологиялық, этикалық, эмоционалды мағынасының, пәндік, бағалық құрамдас бөліктері жиынтығының жеке тәжірибесі. Оқытушылық іс-әрекеттің өнімі емтихан, зачет, есептердің шешу критерийлері, оқу бақылау әрекеттерінің орындалуы бойынша бағаланады. Оқытушылық іс-әрекеттің оның негізгі мақсатының орындалуы нәтижесі болып оқушының дамуы, оның жекелік, парасаттылық, жетілдірілуі, оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы.
Нәтиже оқытудың басында, оның адам дамуының барлық жақтарында оқушы қасиеттерін сәйкестендіруде диагностикаланады.
Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері шығатын негізгі функциялық бірлігі болып мақсат пен мазмұнның бірігуі ретінде түсінетін педагогикалық әрекет болып табылады. Берілген контекстте, бір жағынан, педагогикалық әрекет педагогикалық іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларында бар болатын мейлі ол тәрбие немесе оқыту, сабақ немесе экскурсия болсын, жалпы нәрсенің өрнегі болып келеді. Басқа жағынан педагогикалық әрекет жалпының бірегейлігі, бөлек нәрсенің әмбебаптылығы, қайталанбастығы көрінетін ерекше нәрсе болып келеді.
Қандай да бір педагогикалық әрекеттің жүзеге асырылуының талдауы педагогикалық іс-әрекеттің логикасын айқындауға мүмкіндік береді. Шынында да, оқытушының педагогикалық әрекеті қандайда бір есепті анықтаудан, құралдар, мазмұны, оны шешудің әдістері және өзінің іс-әрекетінің жобаланатын нәтижесін анықтаудан басталады. Теориялық тұрғыдан шешілген бола тура, есеп оқытушы әрекетінің жобаланған және нақты жеткен нәтижесі арасында сәйкессіздік анықталатын тәжірибелік турлендіру акті фазасына өтеді. Жағдайды талдау мен қойылған есептің тиімді шешімін анықтау қажеттілігі туады, сонда әрекет тәжірибе актісі формасынан шарттары толық танымдық есеп формасына өтеді. Осылайша, педагог іс-әрекеті әртүрлі типті, класты және деңгейлі есептер жиынын шешудің үздіксіз үрдісі болып келеді. Педагогикалық іс-әрекет тиімді болуы үшін оқытушыға