Реферат тақырыбы: Білім беру 21 ғасыр стратегиялық басымдылық



Дата11.05.2023
өлшемі19,43 Kb.
#176435
түріРеферат
Байланысты:
РЕФЕРАТ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Білім беру 21 ғасыр стратегиялық басымдылық


Орындаған:
Жолдығалиева А.Ж
Тексерген: Нәбиева Ж.Ж


Жоспар
Кіріспе:
Стратегиялық жаңғыру.
Негізгі бөлім:
Басқару үрдісі;
Білім беру саласын басқару;
Білім беру көрсеткіштері;
Қорытынды:
Бағдарламаны көріктеу.

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласы жүйесі стратегиялық жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. ХХІ ғасырдың талабына сай жан жақты, зерделі, дарынды түлғаны қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіру міндеті туындап, жаңа талаптар қойылды. Осыған орай жоғары оқу орындарының алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін маман қалыптастыру.


Білім ұйымының жұмысын басқару үрдісі белгілі мақсатқа жетуге бағытталған дәйекті түрдегі іс-шаралардың жиынтығымен көрініс табады. Басқарудағы менеджмент педагогикалық ұжымның парасатты, нысаналы іс-қызметінің көмегімен білім беру жүйесін бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Сонымен қатар менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға оңтайлы жету жолында әрбір ұйыммен жәнe олардағы педагогтардың нысаналы және келісімді жұмысын қамтамасыз ететін басқару тетігін қалыптастырумен ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда білім саласындағы менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Оның тиімділігін тануда стратегиялық жоспарлаудың ролі артып келеді. Мысалы 5-7 жылға есептелген мектептердің стратегиялық Даму жоспары, Кембридж университеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің біріккен бағдарламасы бойынша оқытылатын деңгейлік оқу курстары қорытындысымен жасалатын қысқа және орта мерзімді жоспарлардың білім ұйымын мақсатты жетілдіруде рөлі ерекше.
Білім жүйесіне «стратегия» термині қажеттілігімен танылып, кеңінен еніп отыр. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау білім ұйымы қызметінің жалпы концепциясын білдіреді. Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
2010 жылы Мемлекет басшысы «Жаңа онжылдық– Жаңа экономикалық даму– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің стратегиясын жаңғыртуды іске асыру ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік жағдайына және денсаулығына байланысты деп атап көрсеткен болатын. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізі болып табылады.«Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру бәсекеге қабілетті сапалы адамзат капиталын құруды қамтамасыз ететін жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жоғары білімді қазақстандықтардың жаңа буыны онжылдықтардың күрделі мәселелерін шешуге қабілетті болады», — деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында.
Республикада 6960 балдабақша жұмыс істейді, оған 481 мың бала барады. «Балапан» бағдарламасының аясында 2011 жылы 514 мектепке дейінгі ұйым ашылған (222 балабақша, 292 шағын орталық).Педагог мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. А.ж. 1 қыркүйектен бастап ТжКБ ұйымдарының өндірістік оқыту мұғалімдері және шеберлеріне біліктілік санаттары үшін 100 пайыз үстемақы қосылады.Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғыртудың базалық кешенін құру жұмысы басталды:Ұлттық педагогтердің біліктіліктерін арттыру орталығы, Педагогикалық ЖОО жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары, Назарбаев Университеттегі «Білім» факультеті. Назарбаев интеллектуалдық мектептері» АҚ «CENTER OF EXCELLENCE» біліктілікті арттыру жүйесін құру мәселесіне кірісті (Педагогикалық шеберлік орталығы).Сондай-ақ, Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған онлайн семинарлар өткізу бойынша ілкі жоба іске асырылады. Семинарларды Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері өткізетін болады. Жыл бойы 48 семинар өткізіледі.2011-2012 оқу жылдары семинарлардың тақырыбы «Критерийлік бағалау», 2012-2013 оқу жылдары — «Сыни тұрғыдан ойлау» деп белгіленген.
Қазір «Назарбаев Интеллектуалдық мектептері» базасында электрондық оқытудың жаңа білім жобалары іске қосылуда. 7-11 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математика сабақтары бойынша онлайн-сабақтар ұйымдастырылатын болады. Бұл ретте сабақтар оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталатын болады. Сондай-ақ, тәжірибелік және зертханалық сабақтар ұсынылатын болады. Жыл бойы Интеллектуалдық мектептердің мұғалімдері 340 онлайн-сабақтар өткізеді.Қазақстандық білім берудің маңызды бағыттарының бірі 12 жылдық оқыту моделіне көшу. Қазір Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға оқыту бағдарламаларын әзірлеуде.
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылатын кәсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту жобасы іске қосылды. Қазір республикада Атырау, Екібастұз, Өскемен қалаларында 3 өңіраралық орталықтың және Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян ауылында 2 кәсіптік лицейдің құрылысы жүргізілуде. Оған 600 млн теңге қарастырылған. Даму стратегиясында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында әлемдік деңгейдегі 4 колледж салу қарастырылған.
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде 147 ЖОО жұмыс істейді, онда 620 мың студент оқиды. Биыл республикалық бюджет есебінен 350 магистрант ТМД, Еуропа, Азияның Оңтүстік Шығысына барады. Сондай-ақ, биыл 1493 шетел ғалымы және оқытушылары Қазақстанның 27 жоғары оқу осына жұмысқа тартылады.
Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ.
Білім беру сапасын басқару компаненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистикалық жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген.
Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.
Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес маманадарды даярлау жөніндегі шаралар қолдануды қажет етеді.Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2011 жылдың базалық бағасында 430 852,0 млн. Теңгені құрайды.
Бағдарламаны 2011-2020 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.


Пайдаланылған әдебиеттер
«Егемен Қазақстан» журналы;
«Алаш» газеті!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет