1.2. Атом құрылысын оқыту.
Атом термині «атомос» - грек сөзі, қазақшаға аударғанда «бөлшектенбейді» деген ұғымды білдіреді. Осы пікір үстем болып тұрған кездің өзінде орыс ғалымдары М.Г. Павлов (1819 ж.), Н.А. Морозов атомның құрылысы күрделі деген пікір айтқан. Атақты ғалымдар Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров атом әзірше бізге белгілі тәсілдермен жіктелмейтін бөлшек деп жорамалдаған.
Атомның бөлшектенетіні туралы алғашқы эксперименттік мәліметтер XIX ғасырдың соңында алынды. Оларға жататындар: катод сәулелерінің, рентген сәулелерінің және радиоактивтіліктің ашылуы. Бұларды зерттеу атомның бейтарап, оң және теріс зарядталған бөлшектерден тұратынын көрсетеді. Осыған орай оқушыларға альфа бөлшек, протон, нейтрон, электрон, позитрон туралы түсінік беріледі. Олардың массалары, зарядтары, толық және қысқа белгілеулері кесте түрінде жазылады.
Атом құрылысының күрделі екені анықталған соң оның құрамына кіретін бөлшектер қалай орналасқан деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін Э.Резерфорд тәжірибесі, Мария Кюри-Склодовская, Пьер Кюри тәжірибелері туралы айтылады. Бұл ғалымдар және А.Беккерель туралы оқулықта берілген материалдарға оқушылардың назарын аударады. Соның нәтижесінде оқушылар атомның ядродан және электрон қабығынан тұратыны, радиоактивті сәулелер шығару арқылы бір элементтің екінші элементке ауысатыны жөнінде қорытындыға келеді.
Ra → Rn + He
"Атомның ядросы центрінде орналасқан, оның құрылысы қандай?" - деген сұрақты нақтылау үшін протоннейтрондық теория қысқаша қарастырылады, изотоптар туралы ұғым беріледі. Элементтің реттік нөмірі мен ядро заряды арасындағы байланыс ашылады. Ядро құрамын белгілеп жазу түсіндіріледі, мысалы: Сl (17р, 18n), S (8р, 8n), Н (1р), т.б. Элемент атомының ядросы, көбінесе, құрылымдық символ түрінде жазылады, мәселен, жалпы түрде: Э. Э -ядросы қарастырылып отырған элемент символы, А - атом ядросындағы нуклондардың жалпы саны, 2 - ядро заряды, А = 2 + N, N - ядродағы нейтрондар саны, N = А - Z оңай табылатындықтан, кейде жазылмайды. Құрылымдық символ бойынша хлор атомдарының ядро құрамы былай кескінделеді:
[ С118] және [ С120]
Хлор, оттегі және сутегі атомдарының құрылымдық символдарын жазу арқылы ядро зарядтары бірдей, массалары әр түрлі - изотоптар болатыны жөнінде түсінік беріледі. Химиялық элемент жәэне салыстырмалы атомдық масса ұғымдары жаңаша анықталады, мысалы: химиялық элемент дегеніміз - ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі, изотоптар - олардың түр өзгерістері. Салыстырмалы атомдық массаға элементтің табиғи изотоптары орташа массасының көміртегі атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасы деген анықтама беріледі. Оқушыларға белгілі кейбір элементтердің табиғи изотоптары және олардың орташа атомдық массаларын табу тәсілдері түсіндіріледі:
m ( O): m ( О): m ( О) = 99,759,: 0,057 : 0,204
m ( С1): m( С1) = 75: 25
Хлордың табиғи изотоптарының орташа атомдық массалары:
Аr (С1) = (35∙75): 100 + (37∙25): 100 = 35,5
Бұдан соң мұғалім реттік немірі 3-11 элементтердегі бөлшектердің санын көрсететін кесте сызады.
Бұл мәліметтер атомның массасы ядроға жинақталғанын, оң зарядталған бөлшектер санының теріс зарядталған белшектер санына тең, сондықтан атом тұрғысынан алғанда электрбейтарап екенін көрсетеді. Атом ядросының заряды (элементтің реттік нөмірі) қанша бірлікке артса, электрон саны соншама өседі. Атомдағы электрондар энергетикалық деңгейлерде орналасады.
Кіші периодтар элементтерінің электрондық құрылысы қарастырылады. Энергетикалық деңгейлер, деңгейшелер, электрон бұлттары, олардың пішіні және кеңістікте орналасуы туралы ұғымдар қалыптастырылады.
Қазір олардың күйін кванттық механика теориясы тұрғысынан түсіндіреді.
Электрондар энергетикалық деңгейлерде орналасады, оларды n-деп белгілейді. Олардың мәні 1,2,3,4,5,6,7.....∞ сандарымен көрсетіледі. Әр деңгейде болуы мүмкін электрондар саны 2 n2 формуласымен таңбаланады. 1-деңгейде 2∙12 = 2, 2-деңгейде 2∙22 = 8, үшінші деңгейде 2∙32 = 18, төртінші деңгейде 2∙42 = =32, т.б. электрондар орналасады.
Бір деңгейде орналасқан электрон бұлттарының пішіні бірдей еместігі анықталған, ол орбитальдарға (l) жіктеледі. Олардың сан мәні 0-ден n=1-ге дейін өзгереді. п=2 болғанда l=0, n=2 болғанда 0,1; n=3 болғанда l=О, 1, 2. - мәндері санмен немесе 2ріптермен көрсетіледі:
0, 1, 2, 3, 4
s, p, d, f, q
Бірінші энергетикалық деңгейде S-орбиталь, екінші энергетикалық деңгейде s,р -орбитальдар, үшінші энергетикалық деңгейде s,р,d -орбитальдары, төртінші энергетикалық деңгейде s,p,d,-орбитальдары, т.с.с. болады.
Достарыңызбен бөлісу: |