Реферат тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ету механизмдері Мамандық: 5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы


Дәрілік заттардың арнайы рецепторларға әсері



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі43,47 Kb.
#96846
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ДЗ әсер ету механизмдері

Дәрілік заттардың арнайы рецепторларға әсері
Жасуша рецепторлары – белгілі бір химиялық қосылыстарға таңдамалы сезімтал болып келетін, макромолекулярлы құрылымдар. ДЗ рецепторлармен әсерлесуі, жасушалар мен бүкіл ағзадағы физиологиялық өзгерістерге әкеліп, белгілі бір фармакологиялық эффект көрсетеді (кесте 1).


Кесте 1. Рецепторлар, олардың патогенетикалық маңызы және регуляторлар

Рецепторлар

Патогенетикалық маңызы

Рецепторлардың регуляторлары

α1-адренорецепторлар

Артериалды гипертензия (АГ)

α1-адреноблокаторлар (доксазозин, празозин)

Ұрық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы

α1-адреноблокаторлар (альфузозин, доксазозин, тамсулозин, теразозин)

β1-адренорецепторлар

АГ, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі

β1-адреноблокаторлар (атенолол, бетаксолол, бисопролол, метопролол)

β2-адренорецепторлар

Бронх демікпесі

β2-адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол, формотерол)

м1-холинорецепторлар

Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы

м1-холиноблокаторлар (пирензепин)

Н1-гистамин рецепторлары

Аллергия

Н1-блокаторлар (астемизол, клемастин, лоратидин)

Н2-гистамин рецепторлары

Асқазан және 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы

Н2-блокаторлар (ранитидин, фамотидин)

I1-имидазолин рецепторлары

АГ, метаболиттік синдром

I1-имидазолин рецепторларының агонистері (моксонидин, рилменидин)

АТ1-рецепторлар

АГ

АТ1-рецепторларының блокаторлары (лазортан, телмисартан, эпросартан)

IIb/IIIa-тромбоциттердің рецепторлары

Тромбтардың түзілуі

IIb/IIIa-рецепторлардың блокаторлары (абциксимаб, тирофибан)

Дофамин рецепторлары

Асқазан ішек трактісінің (АІТ) моторикасын реттеу

Дофамин рецепторларының блокаторлары (домперидон, метоклопрамид)

5HT3-серотонин рецепторлары

Лоқсу және құсу

5HT3-серотонин рецепторларының антагонистері (гранисетрон, ондансетрон)

5HT4-серотонин рецепторлары

Асқазан ішек трактісінің (АІТ) моторикасын реттеу

5HT4-серотонин рецепторларының агонисті (цизаприд)
5HT4-серотонин рецепторларының антагонисті (алосетрон)

μδχ-опиоид рецепторлары

Ауырсыну сезімталдығын реттеу

Агонисттер (морфин, фентанил)
Антагонисттер (налоксон, налтрексон)

АІТ моторикасын реттеу

Агонисттер (лоперамид)

ГАМК-А-бензодиазепинді рецепторлық комплекс

Үрейлі жағдайлар, тырысу синдромы

Агонистер (бензодиазепиндер)

Рецепторларға әсеріне байланысты ДЗ төмендегідей бөлінеді:



  • агонисттер – рецепторларды тікелей қоздыратын немесе рецептор белсенділігін арттыратын заттар

  • антагонисттер – арнайы агонистер қызметіне кедергі келтіретін немесе рецепторды тежейтін заттар

  • біруақытта агонисттер мен антагонисттердің қасиеттеріне ие болатын заттар.

Антагонизмнің екі түрі бар:

  • бәсекелі – егер, ДЗ мен агонистер арнайы рецепторлардың бір түріне бәсекелессе. Бәсекелес антагонистің әсерінен туындаған рецепторлардың тежелу үрдісін, агонистердің әсерімен қайтаруға болады (ДЗ немесе табиғи медиатор);

  • бәсекесіз – егер, ДЗ арнайы рецепторларға қатысы жоқ макромолекулалардың басқа бөліктерімен байланысса.

Көптеген рецепторлар ДЗ нысана болып табылады. ДЗ рецепторлармен өзара әсерлесу сипаты (агонизм, антагонизм), фармакологиялық әсердің ұзақтығы мен қайтымдылығын сипаттайтын - байланысу күші, өте маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет