Жазық терінің терең трихофитиясы . Сау теріден анық шектелген, дөңгелек,сіңбелі, көтеріңкі ақшыл-қызыл түстес табақшалар түзіледі. Беті шамалы кебекті қабыршақтармен жабылады немесе фолли-кулярлық іріңдіктер,іріңді қабықтар қаптайды.Шеттері өскендіктен көлемі 4-6 см дейін және одан да көбірек үлкейеді. Терең трихофитияның ошақтары бірнеше апта өткен соң пигменттік, кейде нүктелі ұсақ фолликулярлық тыртық қалдырып, өздігінен емдеусіз-ақ жазылады.
Бастың шашты бөлігінің терең трихофитиясы. Бастың шашты бөлігінде көкшіл-қызыл түсті, сау терінің үстінен көтеріңкі, ісік тәрізді, шектелген қабыну сіңбесі пайда болады.Ол дөңгелек және жарты шар тәрізді болып келеді. Біртіндеп көлемі үлкейіп, сіңбенің диаметрі 6-8 см-ге дейін жетеді. Алғашын-да сіңбенің тығыздығы қатты, бетінде 2-4 мм биіктікте жеке сынған шаштар және фолликулярлық ірің-діктер байқалады. Кейін сіңбе жұмсарады да былқылдай бастайды. Беті бостау іріңді-қанды қабықпен
жабылады, қабық алынған соң ішінен ірің ағады. Іріңмен , қабықпен бірге бұзылған шаштар түседі. Инфильтратты басқанда қатты ауырады. Терең трихофитияның ошақтары емдеусіз-ақ 2-3 айдан кейін біртіндеп жазылады да, орнында шұбар тыртық қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |