Реферат
Тақырыбы: Дүниежүзінің саяси картасында Қазақстан Республикасының алатын орны
Орындаған: Керимов Диас
Талдықорған 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік
1.2. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
1.3. Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары
1.4. Дүниежүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер
2 ТАРАУ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Қорытынды
КІРІСПЕ
Саяси картаның мазмұнының анықтамасы бойынша, дүние жүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси – әкімшілік құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар саяси картада басты саяси – географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесінің ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астанасының өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді.
Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып көрінетін саяси картада, әдетте, мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік – аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару үлгілерінің таралу заңдылықтарына, мемлекеттер арасындағы өзара қарым – қатынастарға, сондай – ақ мемлекеттік шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына байланысты болатын аумақтық қақтығыстарға қатысты күрделі мәселелер жатыр. Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске түсуде. Оған әрі түрлі факторлар ықпал етеді.
1 ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Жалпы карта және саяси карта туралы түсінік
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды.
Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғаны- сында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |