Қорытынды
Жалпы алғанда, Қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дəстүрді, орта ғасырлық шығыс мəдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап-тілегіне қарай жаңартып, Жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Жаңа
заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа
салалары тез дами бастады. Гидростатика, оптика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табыстар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен əсер етіп, философияда механикалық көзқарасты жəне метафизикалық ойлау тəсілін қалыптастырды. Тіпті, қоғамдық
өмірді де, адам табиғатын да механика тұрғысынан қарастыру əдетке айналды. Міне, осылай философия жаңа заманға көшті.
Адам философияны оқи келе, философия – алдымен жалпылық ғылым екенін түсінеді. Жалпы қашанда жекеге бағдарлық рөл атқарады. Бұл əсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені, олардың көбісінің зерттеу объектісі тереңдеп, қамтыған көлемі тарылып барады. Қазіргі нақты ғылымдар, тіпті кішкентай бір құбылысты да бүтіндей алып қарамайды, оның тек бір қырын, бір көрінісін ғана зерттейді. Оны нақты білу осындай абстрактылы танудан тұрады. Өйткені, əлгі құбылыстың басқа қырларын қалған ғылымдар зерттейді. Сонымен, нақты ғылымдар бір затты толық, нақты білу үшін басқа ғылымдардың көмегімен, əсіресе жалпылық ғылымның жəрдемін қажет етеді. Сөйтіп, жалпылық ғылымдар нақты ғылымға жетекшілік, етодологиялық рөл атқарады.
Сондай-ақ, философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белілі көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда əрбір адам дүниеге, əрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Əрине, көзқарас əр қилы болады: ғылыми, ғылыми емес, дəйекті, дəйексіз, т.б. Философия сол көзқарастың жүйелі болуын қамтамасыз етеді. Əрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі бір қорытындыға келеді: қабылдайды теріске шығарды, қолдайды, ұнатпайды т.б.
Сонымен, философияның негізгі мəселесі ойдан шығарылған пікір емес. Оны дүниеге алып келген өмір, адамзат ой-санасының дүниетанымдық дамуы. Менің ойымша, философияны сүйсене оқыған адам жартылай болсын философ бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |