ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «И.В.Сталин-саяси тарихи тұлға»
Орындаған: Ист-33 топ студенті Қаирбол Б.С.
Тексерген: Оқытушы, магистр Майманова Н.Н.
Орал, 2018 ж
Мазмұны:
1.КІРІСПЕ...........................................................................
|
3
|
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.............................................................
|
4
|
2.1. Сталиннің қысқаша өмір баяны.............................
|
4
|
2.2. Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі............................................................
|
5
|
2.3. Сталиндік Конституция............................................
|
6
|
2.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы...............................................................................
|
7
|
2.5. Сталиндік биліктің салдары....................................
|
10
|
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................
|
11
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................
|
13
|
Кіріспе
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «…данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунистік саясат пен идеологияға бағындырылған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғамдық-саяси өмірде демократияның шектелуіне әкелді. Шынайы демократиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
Әрбір еңбекшісі республикада болған социалистік өзгерістердің үлкенді-кішілі мәселелерінің бәрі де Сталин жолдастың қатысуымен шешіліп келді. Партия және мемлекет құрылысының мәселелерінен бастап, өнеркәсіп орындарын, шаруашылық құрылыстарын салу, ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерін ашу мәселелеріне дейін барлығы Сталин жолдастың қандай болса да бір принципті нұсқауынсыз, кеңесінсіз іске аспады. Партия және мемлекет құрылысының барлық маңызды мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді. Мұның барлығы сталенизмның, Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғам идеологиясына қаншалықты сінгенінің көрінісі болып табылады.
2. Негізгі бөлім
2.1. Сталиннің қысқаша өмір баяны.
Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет «Жеңіс» орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, «Месамедаси» атты грузин социал – демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП – ға мүшелікке өтті. «Коба» деген лақап атты иленеді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП – ның ОК – не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылдары Санкт – Петербургте жұмыс істей жүріп, «Звезда» және «Правда» газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде «Марксизм және ұлт мәселесі» деген еңбегін жазды.
1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП – ның ОК бюросының құрамына және «Правда» редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 1917 жылы қарашаның 8-де болған 2-ші съезінде Ұлт істері халкомы ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 жылмен 1922 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. 1918 – 20 жылдардағы Азамат соғысы кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік – Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК – нің Бас хатшысы етіп сайлады. Осы қызметте 31 жыл 1953 жылға дейін отырды. КСРО – ны құруға белсене қатысты. . Алғашқы кезде «автономияландыру», яғни бүкіл республикалардың РКФСР – ге автономия құқығына енгізу жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1922 жыл желтоқсанда болған 1-ші съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П – ның 1924 жыл мамырда болған 13 – съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын – сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық
интеллигенция өкілдерін «халық жауы» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жауы» жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті.
2.2. Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі.
Қоғамда әміршілдік-әкімшілдік жүйе идеологиясы өз жемісін бере бастаған 1929 жылды И.Сталин “ұлы бетбұрыс” жылы деп атады. Партиялық мерзімді басылымдар коммунистік саясат пен идеологияны насихаттаумен қатар, партия көсемін мақтап-мадақтаудың ерекше үлгісін көрсетті. И. Сталиннің 50 жасқа толуына орай жарияланған мақалалардың негізгі мазмұны партия көсемінің марксизм-ленинизм теориясын дамытудағы ерекше рөлін, социализмді іс жүзінде орнатудағы шексіз үлесін дәріптеді. Мерейтой тарқағаннан кейін де бұл үрдіс үдемесе толастаған жоқ. “Ұлы данышпан” Сталинді қазақ халқы ғана емес, бүкіл кеңес жұрты жырға қосты. Орталық басылымның жолынан ауытқымайын дегендей, басқа ұлт тілдерінде шығатын мерзімді басылымдар “Правда” газетінің “Сталин жолымен” деген тақырыпта көсемге арналған өлеңдер топтамасын аударып басты. Кеңес Одағы Коммунистік партиясы съездері мен конференцияларына қатысушы делегаттар Сталинді “Сталин жолдасқа – ура!”, “Сталин жолдас жасасын!”, “Ұлы Сталиннің даңқы арта берсін!”, “Дүние жүзі еңбекшілерінің ұлы көсемі – Сталин жолдас жасасын!” деген тәрізді ұрандармен қарсы алып, шығарып
салуды дәстүрге айналдырды. Осындай асыра мақтап-мадақтаулар мен көтермелеулер мерзімді басылымдар арқылы да халыққа тарап жатты. И.Сталин өзінің 50 жасқа толуына байланысты құттықтаулар жіберген барлық ұйымдарға жолдаған хатында (“Правда”, 22 желтоқсан, 1929 жыл №302): “Жұмысшы табының ісіне, пролетарлық революцияның және дүниежүзілік коммунизмнің ісіне барлық күшімді, барлық қабілетімді, ал қажет болса, бір тамшысын қалдырмай барлық қанымды беруге бұдан былай да әзірмін, бұған күмәнданбауларыңызға болады”, – деп жазды.
Республикалық “Советская степь” газетінің 1931 жылдың 2 тамызында жарияланған баспасөзге шолуында: “Көсемнің нұсқауларын қалың еңбекші бұқара игілігіне айналдыру керек. Бұл нұсқауларды бұқараға жеткізумен шектелмеу керек, жұмысты Сталин нұсқауына бейімдеп қайта құрып, көсемнің айтқандарының тұтастай орындалуын қамтамасыз ету керек. “Жаңаша жұмыс істеп – жаңаша басқару керек”. … Әрбір газет Сталин жолдастың сөйлеген сөзін уақытында әрі толықтай басып отыруы керек. Әр газет Сталиннің сөйлеген сөзіне үн қосушылардың пікірін ұйымдастырып беріп отыруы керек”, – деп облыстық және аудандық газеттер міндеттерін де атап көрсетті. Саяси сауат ашу мектептерінің көптеп ашылуына қарамастан, партия мүшелерінің көбінің 20-жылдары саяси сауаттылық деңгейі төмен болатын. Алайда, Сталиннің діни семинарияда алған білімі арқасында өз идеяларын қысқа, есте сақтауға жеңіл, қанатты сөздермен, анық әрі тікелей түсінік беретін тұжырымдармен жеткізуі, айтатын негізгі ой-тұжырымдарын бөліп, сандармен белгілеп қою әдісі оның сөйлеген сөздері мен нұсқауларын қарапайым халықтың қабылдауына жеңілдік туғызды. Сталиннің мұндай баяндау тәсілі сталиндік тұжырымдар мен теорияларды орташа теориялық дайындықпен-ақ қабылдауға мүмкіндік жасады. Ауызша және жазбаша насихат құралдары Коммунистік партияның және оның көсемінің мемлекеттік саяси билікке құқықты екендігін кеңінен насихаттады.
2.3. Сталиндік Конституция.
И.Сталиннің бастамасымен БК(б)П Орталық Комитетінің 1935 жылғы ақпан пленумына КСРО-ның 1924 жылғы Конституциясын өзгерту мәселесі қойылды. 7-сайланған КСРО Орталық Атқару Комитетінің бірінші сессиясы 1935 жылғы 7 ақпанда Конституцияның жаңа мәтінін жасап, КСРО Орталық Атқару Комитетінің бекітуіне тапсыру үшін И.В.Сталинді төраға етіп Конституция комиссиясын құрды. 1936 жылғы 11 маусымда КСРО Орталық Атқару Комитетінің Президиумы жаңа Конституция жобасы туралы Сталиннің баяндамасын тыңдады. И.Сталин “ССР Одағы Конституциясының жобасы туралы” баяндамасында: “Бұл дәуірдің ішінде қоғамымыздың құрылысында да терең өзгерістер болды. Өнеркәсіп саласында капиталистер табы жоғалды. Ауыл шаруашылығы саласында кулактар табы жоғалды. Товар обороты саласында купецтер мен спекулянттар жоғалды. … біздің елімізде жұмысшы табы, шаруалар табы, интеллигенция қалды. Совет өкіметі орнағаннан бергі жылдар ішінде бұл әлеуметтік топтардың өздері де орасан өзгерді”, — деді. Конституция комиссиясы тапсырған жоба мақұлданып, КСРО Конституциясының жобасын қарау үшін Кеңестердің Бүкілодақтық съезі шақырылсын деген қаулы алынды. 1936 жылғы 12 маусымда КСРО Конституциясының жобасы баспасөз бетінде талқылауға ұсынылды. Конституцияны “талқылау” деген аты болмаса, “Жеңген социализмнің сталиндік конституциясы” (“Правда”, 12 июнь 1936 ж.), “Кадрға ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеп отыру керек” (“Социалды Қазақстан”, 30 наурыз 1936 ж.), “Сталиндік Конституция және большевиктік баспасөздің міндеттері” (“Социалды Қазақстан”. 15 желтоқсан, 1936 ж.) және басқа да мақалаларда “Мемлекет жұмысындағы, кадр мәселесіндегі сталиндік стил” үшін күрес, үгіт-насихат жалғасын тапты. Сталиннің “Біздің партиямыз қамал – оның есіктері тек лайықты кісілер үшін ғана ашық болады” деген сөзі саяси ұран әрі іске басшылық болып саналды. Сталиндік Конституция жобасына сын пікір болған жоқ. 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Бүкілодақтық VІІІ төтенше съезі И.Сталиннің баяндамасынан кейін оны бірауыздан бекітті. КСРО Конституциясы негізінде Қазақ автономиялы республикасы одақтас республика болып қайта құрылды. Осыған орай Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын жасау қажеттігі туындады. 1937 жылғы 9 ақпанда Қазақ КСР-і Конституциясының жобасы талқылау үшін баспасөзде жарияланды. 1937 жылдың 21-26 наурызында Алматы қаласында өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекітті. Кеңестердің Бүкілқазақстандық төтенше Х съезінің делегаттары И.Сталинге алғыс хат жолдады. Хаттың мәтіні баспасөзде жарияланды. Хатта: “Біздер, халықтың қалап сайлаған адамдары… бүгін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясын бекіттік. …Қымбатты ұстаз, көсегесі көгерген қазақ халқының шын жүректен берілгендік және сүйіспеншілік сезімін қабыл ал, қазақ халқы коммунизм орнату ісіне барлық күшін, барлық жігерін жұмсайды, жаулар шабуыл жасаған күнде біз ұлы, тамаша социалистік Отанды кеуде төсеп қорғауға әзірміз деген сертімізді қабыл ал” деп жазылды. Сталиндік Конституцияның жетістігін халыққа түсіндіру науқаны мерзімді басылымдарда жалғаса берді. Барлық облыстық партия комитеттеріндегі жауапты адамдар, газет редакторлары басылымдарды мезгілімен шығарып, БК(б)П Орталық Комитеті нұсқауларын тыңғылықты орындауды қамтамасыз етті. Қоғамдық ғылымдар саласын партиялық саясатқа бағындырудың теориялық негізін салған “БК(б)П тарихы қысқаша курсының” шығуы елде ерекше үгіт-насихаттық саяси науқанға ұласты.
2.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы.
Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Сталин үкіметі жүргізген зұлмат 1937 жылы шарықтаған шегіне жеткен еді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Әр совет республикасында жүздеген мың адам атылды.Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро мүшесі және ВКП(б) ОК хатшысы, Ленинградтық обкомның бас хатшысы С.М.Кировтің атып өлтірілуінен басталды. Кировтің жерлеу рәсіміне дейінгі бес күн ішінде жалған айыппен, Ленинградта 39 адам, Мәскеуде 29, Минскіде 9, Киевте 28 адам атылған. Олардың барлығы жазықсыз жандар болатын. Кировтің өлімі Сталинге өзінің қарсыластары мен халыққа қарсы күш қолдануға мүмкіндік берді. Бұрынғы Сталинге қарсы оппозиция өкілдері және саяси қызметтен кеткен тұлғалардың барлығы да тұтқындалды. 1937 жылдың басында Ішкі Істер Халық Комиссариатының басшысы қызметінен айрылған Г.Г.Ягоданың өзі ақпан-наурыз айларындағы ОК-нің Пленумында үлкен сынға ұшырап, 28-наурызда тұтқындалды. Ол кезінде үлкен қызметте жүргенде Сталинмен арақатынасы жақсы еді және НКВД-ң басшысы ретінде де жеке тапсырмаларын орындайтын. Ягода болса, Сталиннің қылмысының куәгері еді. Сондықтан Сталин одан сыпайы жолмен, яғни «оңшыл троцкистік блоктың» өкілі деп айыптап құтылғысы келді. Ягода барлық тағылған айыптарды мойындады. Осы кездерде «сатқын», «халық жауы» деген түсініктер синоним ретінде пайдаланылды және жауапқа 12 жастағы баладан бастап тартылсын деген бұйрық та болды. Ежов жұмысқа кіріскеннен кейін НКВД жұмысшыларының жағдайы жақсарып, «жендеттердің» айлық жалақылары көбейіп, әр түрлі марапаттарға ие болды. НКВД қызметкерлері барлық күшін «контрреволюциялық ұйымдарды», «зиянкестерді», «шпиондарды» ұстауға жұмылдырылып, олар өз жоспарын асыра орындау үшін барлық жауыздыққа барды. Сотсыз үкім шығарушы органдар «екілік» және «үштіктер» күшейе түсті. Олар тұтқындағыларды сырттай жоғарғы жазаға ұшыратты. Одақтас республикалардың барлығында бұрынғы «ұлттық ауытқушылыққа» айыпталғандарына және партия өкілдеріне қарсы жаппай репрессия ұйымдастырылды. Әрине бірінші соққы ВКП (б) ОК-ның өкілдеріне тиді. Кезінде 1934 жылдың 10 ақпанындағы партияның ХYІІ съезінде ВКП(б) ОК-ге алынған 71 мүше мен 68 мүшелікке кандидаттың, бес жыл өткеннен кейін, яғни сол 139 адамның үштен екісі заңсыз репрессияланған. Нақтырақ айтқанда өз әріптестері тарапынан өлтірілген. 1937-1938 жылдары адам шошырлық репрессияға жалпы барлық республикалық, облыстық, обком және облисполкомдық, кеңестік ұйымдар өкілдері, қалалық және аудандық партия басшылары ұшырады. Осындай қызметтегі тұлғалардың РСФСР бойынша 90% көзі жойылды. Басшылық кадрларға үлкен соққы берілді. Тіпті, Мәскеу облысының партиялық хатшыларының 136-нан 1939 жылы тек жетеуі ғана қалған.
Осындай қиын сәтте Сталин Қызыл Әскер кадрларына да соққы беруді ұмытпады. 1937 жылы атақты қолбасшы маршалдар М.Н.Тухачевский, И.Э.Якир, А.И.Егоров, В.К.Блюхер т.б. ату жазасына ұшырады.
Сталин елдегі репрессияны жүргізуде бірінші кезекте жазалаушы және сот-тергеу органдарына арқа сүйеген еді. Бірақ жаппай репрессия сан мыңдаған НКВД мен сот және прокуратура өкілдерін де назардан тыс қалдырмады. Ауыр соққы Кеңестік барлаушыларға да беріліп, әскери барлаудың басшысы Я.К.Берзиннен бастап И.Рейсс, В.Кривицкий тағы басқалары атылды.
1935 жылдың қарашасындағы НКВД органының ең жоғарғы әскери шені 1,2 және 3 рангалы комиссар атағын иемденген, және елімізде «Үлкен террор», мен «тазарту» жүргізген 38 адамның 1941 жылы тек екеуі ғана тірі қалған.
Ал, Қазақстанға келетін болсақ, осылардың бірі екінші рангалы мемлекет қауіпсіздігі комиссары П.Б.Залин Қазақстанда тура үш жыл (09.01.1935-20.01.1938) НКВД бастығы болып істеді. Соның соңғы бір-екі жылы тікелей Н.Ежовтың қарамағында өтті. 1937 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің құрамындағы 85 мүше, 35 мүшелікке кандидат, 11 ревком мүшесі – барлығы 131 адам болса, жыл аяғында одан 68 адам ғана қалған. Қазақ елінде НКВД басқарған П.Б.Залин Мәскеуге ауысуына байланысты оның орнына орталық С.Ф.Реденсті жіберді. 1938 жылы қаңтардың соңында қызметіне кіріскен ол Алматыда 37-де басталған қызыл террор қарқынын өрістете түсті. Ол он күн ішінде бүтіндей Қазақстанның үкіметін атып тастаған. Келген он күні ішінде Жоғарғы Советтің төрағасы Құлымбетовтен бастап сегіз министрді, Орталық партия Комитетінің бас хатшысын, төрт меңгерушісін, бюро мүшесін түгел, Жоғарғы Совет төрағасының орынбасарларын, министрлер Советі төрағасының орынбасарларын атып тастаған. Солардың қатарында 14 облыстық атқару комитетінің төрағалары, 13 обком хатшысы бар. Қазақ мемлекетінің басшыларын жаппай жою саясаты осылай жедел, жантүршігерлік күйде жүргізілді. Сөйтіп, репрессияның нағыз шарықтау кезеңінде, 1937-1938 жылдарда, қазақ елінде тіпті НКВД-ны басқарған Залин мен Реденстер де репрессиядан қашып құтылмады. Сол жылдары бір ғана репрессия салдарынан қазаға ұшыраған қазақстандықтардың саны 25 мың адамнан асып жығылады. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен бастап Қазақстанда 103 мың адам саяси айып тағылу арқылы сотталса, оның төрттен бірі «НКВД үштіктері» үкімімен, сот үкімімен атылып кеткен.
Мұндай қызыл қырғын қазақ халқын ерекше ойсыратты. Демограф М.Тәтімовтің айтуынша, 1937-1938 жылдары «халық жауы» болып атылған қазақтар пайыз жағынан грузиндерден екі есе, орыстардан үш есе, татарлардан төрт есе, өзбектерден бес есе көп болған. Елінің еркіндігін аңсап, арманда кеткен алаш арыстары, ғалымдар, әулиелер, ақын-жазушылар болды. Қазақтың дербес мемлекет болғанын былай қойғанда кедей табынан шығып, большевиктерге адал қызмет еткен азаматтар қамауға алынды. Тіпті, Мирзоян, Нұрпейісовтар бастаған Орталық комитет бюросының мүшелері де, Кеңестік халық комиссары Ораз Исаев та «жау»- деп танылды. Көзі ашық азаматтарымыз тек жау деп танылып сотталып қоймай, міндетті түрде ату жазасына кесілді. Сталин есігін айқара ашып кіретін батылдығы болған Тұрар Рысқұлов, өзге саясатының өңін байқап қалған Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров…. Ұлтымыздың тарихына Сталин мен оның Ежов, Берия сынды жендеттері қосып кеткен қаралы тізім осылай жалғаса береді, жалғаса береді…. Құтырған иттей асқынған қызылдар Ұлы Отан соғысы тұсында да ойранын доғарған жоқ. Аштық пен қуғын-сүргін салдарынан қалжыраған қазақ халқы осы майданға миллионнан астам боздағын аттандырыпты. Бірақ, менсінбейтін көз мұндай жанкештілікті
байқамайды. Егін алқабында қалған масақты балаларыма қуырып берейін деген адамдар жау атанып айдалып жатты. Бұл аздай аштық салдарынан халқы ат төбеліндей болып қалған Қазақстанға жан-жақтан кірмелер тоғытылды. Берияның тікелей тапсырмасы бойынша Қап тауынан қоныс аударылған ұлттардың барлығы қазақ даласына орнықты. Неміс, кәрістердің де келетіні осы кезең. Өзі азғантай қалған халқымызға өзгелермен сапырылысып, жойылып кету қаупі төнді. Бірақ, талай азаптың сорын таңдайы татып көрген қазақ бұған да төтеп, сақталып қалды. Цифрға сенер болсақ, біз бүкіл соғыс жылдары 600-дей генералдан айрылдық. Сталин болса, 1937-1938 жылдары 43 мың әскери басшыны репрессияға ұшыратқан. Кейбір деректерге қарағанда 30-шы жылдардың соңында 23000 чекист өлтірілген. Нағыз қылмыскерлер Ягода, Ежов, Берия, Вышинский және Ульрихтер болатын. Олар Сталиндік жазалаушы жүйенің 30-шы жылдардағы іріктелген белсенді мүшелері еді. Сол белсеніп жүрген Ежовқа да «Польша, Германия, Жапониямен сатқындық, шпиондық байланыста болған» деген айып тағылып, 1940 жылы 4 ақпанда ату жазасына ұшырады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда 1935 жылдың 1 қаңтарынан 1941 жылдың 22 маусымы аралығында КСРО-да 19 млн. 840 мың «халық жауы» тұтқындалып, оның 7 миллионы атылса, қалғандары лагерьлерде өлген.
Бұдан шығатын қорытынды, С.Кировтің қазасынан кейін басталған еліміздегі жаппай қуғын-сүргін адамзат тарихында болмаған қатыгездікпен жүргізілді. Зұлмат Кеңес Одағы құрамындағы барлық республикаларды қамтыды.
Ол гитлерлік Германияның КСРО – ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран 1943 жылы болған, 1945 жылы болған Қырым және 1945 жылы болған Потсдам конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып – жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді.
. “Коммунист” журналының 1950 жылғы №11 санындағы С.Бәйішев “И.В.Сталин – Қазақстандағы социализм жеңістерінің дем берушісі және ұйымдастырушысы” деген мақаласында: “Қазақстанның әрбір еңбекшісі республикамызда болған социалистік өзгерістердің үлкенді-кішілі мәселелерінің бәрі де Сталин жолдастың қатысуымен шешіліп келгенін білуге тиісті. Қазақстандағы партия және мемлекет құрылысының мәселелерінен бастап, өнеркәсіп орындарын, шаруашылық құрылыстарын салу, ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерін ашу мәселелеріне дейін біз Сталин жолдастың қандай болса да бір принципті нұсқауын, кеңесін, ұсынысын кездестірмей қоймаймыз.
…Қазақстандағы партия және мемлекет құрылысының барлық маңызды мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді”, деп жазды.
2.5. Сталиндік биліктің салдары.
Сталиндік зорлық-зомбылық ақырында тарихи жеңіліске ұшырады. Сталиндік жүйенің 30 жылдық тарихындағы КСРО-дағы адам шығыны, Романовтар әулетінің 300 жылдық тарихындағы адам құрбандығынан бірнеше есе көп. Әлем тарихында ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 миллион адам қырылып жойылыпты. Солардың 110 миллионы, немесе шамамен үштен екісі, коммунистік бағдардағы елдердің үлесіне тиеді. КСРО-да 1917-1987 жылдары 62 миллион адам жойылған. Сондай-ақ адамдарды жойқын қырғаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы айтатын болсақ, бұл тізімнің ең басында Сталин тұр. Оның мойнына 42,6 миллион адамның қаны жүктеледі.
Қорытынды
Кеңестер Одағында тоталитарлық жүйе толық орныққан 1920 жылдардың соңы мен 1950 жылдардың ортасында кеңестік идеология “күнәсіз, кемшіліксіз, кіршіксіз таза көсем” мен “халық жауының” образдарын қалыптастырды. Мұстафа Шоқай кеңестік көсемге табыну турасында былай деді: «… “Известия” мен “Правда” газеттеріне басылған материалдарды оқысаңыз – осының бәрі тек Сталиннің жеке басын дәріптеп, оны тәңірге айналдыру үшін істелген бе деген ойға келесіз»
Сталин… Сталин… Сталин… Ол барлық торайлар мен бұзаулардың “құрметті атасы”, мақта маманы… Мәскеудің “жаңа сара жолы дегеніңіз – Сталинге табыну, басшыларға табынудан тұрады”. Көптеген күнәсіз адамдардың өліміне себепкер болған Сталинді қазіргі және сол замандағы қоғамдағы адамдардің бірі жақтаса, бірі даттауда. Мысалы, Медведев «Известия» газетіне берген сұхбатты барысында ол Иосиф Сталиннің Ұлы Жеңістегі рөлінің орынсыз зорайтылып жүргенін және оның кеңес халқына жасаған қиянатының ешқашан кешірілмейтінін айтты. Ал Сталиннің замандасы Черчиль 1959 жылы лордтар палатасында сөйлеген сөзнде ол туралы керемет пікірлер айтқан. Бұл бір кездері Фашизмге қарсы күш біріктіріп күрескен кейін бірін-бірі бітіспес жау санаған адамдардың ауызынан ести бермейтін сөз. « Қиын-қыстау уақытта елді Сталин сияқты көреген әрі жеңілмейтін қолбасшының басқарғаны Ресей үшін үлкен бақыт болды деп білем. Ол өзі өмір сүрген қиын кезеңнің үдесінен шыққан керемет тұлға болды. Сталин ерекше қуатты, зерделі, жігерлі әрі жұмыста да өзара әңгімеде де қатал да қатты адам болатын. Тіпті ағылшын парламентінде тәрбиеленген мен өзім оған қарсы сөз таппай кейде қиналып қалатынмын. Сталин, ең алдымен ұтымды әзіл мен мысқылдың шебері еді. Сонымен бірге ол өз ойын керемет дәл жеткізетін. Мақалалары мен баяндамаларын өзі жазатын және оның шығармаларынан үнемі адамға бұйрық беріп тұратын әлдебір күш сезіліп тұрушы еді. Сталинге біткен осы бір күштің тегеурінділігі сондай, ол адамзат тарихындағы барлық басшылардан оқ бойы озық тұрғандай көрінетін. Сталин бізге керемет әсер қалдырды. Оның адамдарға ықпалы күшті болды. Бірде ол Ялта конференциясы өтетін залға кіріп келгенде, іште барлығы бірдей сапқа тұрғандай бойларын тік ұстап қатып қалды. Ол мүлде абдырамайтын, барлығын ақылға жеңдіретін. Сталин қиын сәттерде кез-келген күрделі мәселеде жол тауып кетудің шебері еді. Қиын кезеңде де салтанатты сәттерде де ол ұстамды қалпынан ешқашан айныған жоқ. Оны өте күрделі тұлға деп білем. Ол алып империя
құрып, оны өзіне бағындыра білді. Бұл адам өз жауларын жауларының қолымен жайратып шықты. Тіпті империалистер деп атаған бізді де империалистерге қарсы күресуге мәжбүрледі. Сталин әлемде теңдесі жоқ ұлы диктатор болды. Ол Ресейді соқамен қабылдап, соңында атом бомбасы бар ел қалдырып кетті.. Жоқ! Ол туралы кім не десе о десін, бірақ мұндай адамдарды халық пен тарих ешқашан естен шығармайды» — деп Черчиль замандасы Сталиннің тұрғыластарынан тұрпаты бөлек болғанын сол кезде-ақ мойындаған.
Сталинге «қанды қол қылмыскер» деген ат тағылса да, Сталинге деген, әсіресе, қарт кісілердің ықыласы әлі күнге сөнбей келеді. Бірі «құдай» деп дәріптесе де, бірі айыптаса да, мен үшін Сталин ашылмаған сырлары әлі де мол тарихи тұлға болып қала бермек.
Сталиндік зұлымдық саясаттың құрбаны болған ата-бабаларымыздың топырағы торқа болсын!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Т. Омарбеков: «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері»
2. Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселесінің зерттелуі (1980-ж. аяғы — 1990 ж.)
3. Кодалаев Г.З., Багаев Ч.Н.: «Кто ты, Сталин?»
4. Такер Р. «Сталин, Путь к власти»
5. www.interfax-religion.ru
6. www.google.ru
Достарыңызбен бөлісу: |