Реферат тақырыбы: Ингаляциялық емес наркоз препараттары. Ұйықтататын дәрілер. Эпилепсияға қарсы дәрілер


Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі



бет15/26
Дата07.02.2022
өлшемі48,64 Kb.
#86636
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Сырым Інжу ингаляциялық дәрілер

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жедел ұйқы қашқанда, негізгі қояншыққа қарсы, нәрестелердің гемолитикалық аурулары, жүйке жүйесі қозғанда және хореяда қолданылады. Ұйықтататын зат ретінде ересектерге ұйықтар алдында 100 – 200 мг-нан, балаларға тәулігіне 3 – 5 мг/кг-нан тағайындау қажет.
Кері көрсеткіштері. Бауыр және бүйрек қызметтерінің бұзылуымен жүретін ауыр зақымдалулар, маскүнемдік кезінде, наркотикалық тәуелділік, миастения, жүктіліктің алғашқы 3 айында және емшекпен емізу кезінде.
Жанама әсерлері. Кейде денеде жиналады, улану және тәуелділік пайда болуы мүмкін. ОЖЖ-нің қызметінің тежелуі, артериялық қан қысымының төмендеуі, қан формуласының солға ығысуы, тері бөртпесі ретіндегі аллергиялық реакциялар.
Шығарылу түрі. Балаларға арналған 5 мг таблеткада N. 6, 10, ересектерге арналған 50 және 100 мг N.6; Балаларға арналған ішке қолданатын 0,2% 100 мл сауыттағы ерітінді. Келесі препараттардың құрамына кіреді «Андипал», «Белласпон», «Валокордин», «Корвалол», «Пенталгин» және т.б.
Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Phenobarbitali 0,2% - 100 ml
D. S. 30 мин ұйқыға жатар алдында 1–2 чай қасықпен ішуге.
#
Золпидем (Zolpidemum), ивадал, сновител, санвал. Золпидем ұйқыға кету уақытын қысқартады, түнгі ояну санын азайтады, ұйқының ұзаруын жоғарылатады және оның сапасын жақсартады. Терең ұйқы фазасын (ІІІ және ІV) ұзартады, тез ұйқы фазасының ұзақтығына әсер етпейді. Соымен қатар, орталықты миорелаксациялық және тырысуға қарсы ықпалдар тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет