Реферат Тақырыбы: Қыз қуу Тексерген: Жумабаев А. Б орындаған: Елеусіз Сымбат Тобы: 1201-12 Шымкент 2023



Дата24.05.2024
өлшемі61,55 Kb.
#202860
түріРеферат
Байланысты:
дш реферат қыз қуу








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тарих және педагогика факультеті

Реферат
Тақырыбы: Қыз қуу




Тексерген: Жумабаев А.Б
Орындаған: Елеусіз Сымбат
Тобы: 1201-12

Шымкент 2023
Қыз қуар-(Кейде қыз қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады. Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы. Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдение дене тәрбие.



Кейбір кейнгі зерттушілер бұл ойында қызды жігіт сүйеді дегенді айтады. Бұл ақылға қонымсыз, қыз қуар ойынын көрмегендердің фантазиясы. Олар осы арқылы бұл ойынды қазақ жастарының махаббаттасуы ретінде айтқысы келеді. Бірақ қазақ қоғамында жиналған жұрттың көзінше қызды сүю өте әдепсіз қылық есептеледі, ондай жағдайда намысқа тиіп, рулар арасында тіпті қақтығысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан тіпті олар алда қосылатын, не қосылған жұптар болса да, бәрібір ат үстінде сүйісу деген әңгіме жоқ. Әрине, өзара әзіл-қалжың болуы мүмкін. Ойындағы ең басты ереже жігіттің атқа мықты шаба алуы, болмағанда қыздардың қамшысы тиіп масқара болуы.



Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында өткізілген. Әрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бәлгілі бір тәртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нәрселер өзгерген жоқ. Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да шабан болуы мүмкін, демек ол қыздың қамшысына қалады.
Өткізу тәртібі мен шарттары
Қыз қуар ойыны үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, жүйрік тұлпарларға мініп шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40 метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық алаң таңдалып алынады. Жарыстың басталатын жері – алаңның бір маңдайында қатысушылар орағытып өту үшін қарақшы қойылады. Бұған көбінесе қызыл жалау қолданылады. Жарыстың екі түрі болады. Жарыс жекелей өтеді. Егер жастар екі топқа бөлінсе, онда ойын ережесіне сәйкес, қыздар мен жігіттердің саны тең болуы керек. Ойын төрешісінің бірінші белгісі бойынша, жігіт қыздан 10 метрдей қашықтықта алда тұрып, шабысқа дайындалып тұрады. Келесі белгіде олардың екеуі де аттарының басын жіберіп, шаба жөнеледі. Қыз жігітті бұрылысқа дейін қуып жетіп, қамшы үйіруі керек. Егер жігіт сол бетімен – қарақшыдан мәреге дейін қуғыншыға жеткізбесе, онда – жеңгені. Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі. Жарысқа қатысушыға бір-бірінің атын тоқтатуға, алаңнан сыртқа шығуға, қарақшыға жетпей мәреге оралуға рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет