Электромагниттік толқындар интерференциясы. Аса жоғары жиілікті генератормен жасалған тәжірибелерде де электромагниттік толқындардың (радиотолқындардың) интерференциясын байқауға болады.
Генератор мен қабылдағыш бір-біріне қарам-қарсы орналастырылады. Сонан соң астыңғы жағынан горизонталь қалыптағы металл пластинаны енгізеді. Пластинаны бірте-бірте көтеріп, дыбыстың біресе бәсеңдеп, біресе кішейіп шыққанын байқайды. Бұл құбылыс былайша түсіндіріледі. Генератор рупорынан шыққан толқынның бір бөлігі тікелей қабылдағыш рупорға түседі. Оның екінші бөлігі болса, металл пластинадан шағылады. Пластинаның орналасуын.өзгерте отырып, біз түзудің және шағылған толқын жолының айырмасын өзгертеміз. Осының салдарынан толқындар жол айырмасы толқын ұзындығының жұп санына немесе жарты толқынның тақ санына тең болатын-болмайтынына тәуелді бір-бірін не күшейтеді, не әлсіретеді.
Жарық интерференциясын бақылау жарық таралған кезде толқындық қасиет байқалатынын дәлелдейді. Интерференциялық тәжірибелер жарық толқынының ұзындығы өлшеуге мүмкіндік жасайды: ол өте аз – 4 · 10-7 м-ден 8 · 10-7 м-ге дейін.
Қорытынды Егер жарықтың табиғаты толқындық болса , онда тек интерференция емес дифракция құбылысы да байқалуы тиіс . Алдымен қандай жағдайларда және электромагниттік толқындар дифракциясы пайда болатындылары еске түсіру керек . Әсіресе құбылысты байқау үшін толқын ұзындыны даңылау ( бөгет ) өлшемдерінің ара қатнасының қандай болуы керек екендігіне баса назар аудару қажет . Содан соң қысқаша жарық дифракциясының ашылу тарихына тоқталып , саңылаудан және жіңішке сымнан алынатын жарық дифракциясын тәжірибе жасап көрсетуге болады . Жарық көзі ретінде лазер сәулесін пайдалану өте тиімді . Экранды сәуле бағытында алыстату және жақындату жолымен дифракциялық картина ортасында жарық және қараңғы жолақтардың ауысатындығын көрсете аламыз . Сабақтың осы тұсында « Жарықтың толқындық қасиеті » кинофильмінің қажетті бөлігін көрсеткен жөн . Айтылған тәжірибелерге қосымша сыныпта жарық дифракциясын бақылауға арналған гориялық жұмыс ұйымдастырған дұрыс . Үйге тапсырма ретінде алыстағы арык кірпіктер арқылы , жіңішке сымдардан тоқылған тор арқылы қарағанда байқалатын құбылыстарды бақылап түсіндіруді беру керек . Екі параллель орналастырылған қалам немесе ұстара жүздерінен алынатын құбылыстарды бақылауды да үйге тапсырма ретінде беруге Бұл тақырыпта демонстрациялық торға және он ерекше көңіл аудару керек . Айқын да анық , қ дифракциялық емес Studiмен көрсетілген тәжірибеге і алу және бақылау үшін дифракциялық торды пайдаланады Дифракциялық тор дегеніміз - жарық дифракциясы байқала тие осқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы . Сабақ соңында оқушылар назарын табиғатта байқалатын дифракциялық құбылыстарға аударуға болады , мысалы көше шамдарының айналасындағы түсті дөңгелектер.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1.П.Полатбеков «Оптика» Алматы «мектеп» 1981ж.
2.Интернет «google», «яндекс»
3. Бұзаубақова.К.Ж «Физика сабақтарындағы оқытудың иновациялық технологиялары»,Алматы, 2005ж.
4.С.Тұяқбаев, Н.Насохова, Б.Кронгарт, В.Кем, В.Загайкова « физика 11-сынып»; Мектеп, 2007ж.