Реферат тақырыбы: «Жазу және жазба тілі»


ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ



бет3/7
Дата27.03.2022
өлшемі266,5 Kb.
#136970
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Реферат та ырыбы «Жазу ж не жазба тілі»

ЖАЗУДЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциатері де өзгеріп отырды.
Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол тақбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы (слоговое письмо), 4) әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.
1. Пиктографиялық жазу. Бұл - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу — суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы (рисуночное письмо) деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды (сообщение) білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т. б. суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырылып тоғайдың және аңның суреті салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет