Реферат Тақырыбы: «Кеңес қоғамының қалыптасуы


Зерттеудің хронологиялық шеңбері



бет4/6
Дата11.07.2020
өлшемі60,31 Kb.
#75104
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КЕҢЕС РЕФ — копия

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Жұмыста кеңес қоғамының қалыптасуы мен 1921-1927 жж. аралығындағы әлемдегі саяси тарихы мен орны қамтылады.

1 КЕҢЕС ҚОҒАМЫНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ.


    1. Кеңес қоғамының құрылуы және оның қоғамдық саяси өмірі

1917 жылдың 24–25 қазанында Ресейде большевиктер партиясы басқарған төңкеріс болып, Уақытша үкіметі құлатылды. Қысқа мерзімде большевиктер Петроград, Мəскеу, Иваново- Вознесенск, Төменгі Новгород, Тверь, Ярославль, Екатеринбург жəне тағы басқа өнеркəсіп орталықтарында жаңа Кеңес өкіметін орната бастады. Төңкеріс кезінде жұмыс істеген Кеңестердің Бүкілресейлік II cъезінде большевиктердің ықпалымен Жер жəне Бейбітшілік туралы тарихи Декреттер қабылданып, В.И.Ленин басқарған бірінші Кеңес үкіметі Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің съездер аралығында елдегі өкіметтің жоғарғы органы болып Бүкілресей Орталық Атқару Комитеті сайланды. Дəл осы кезеңде алдағы аталған Декреттермен қатар, большевиктер үкіметі «Ресей халықтары құқықтарының декларациясы», «Еңбекші жəне қаналушы халық құқықтарының декларациясы» атты маңызды құжаттарын, Ресей Федеративтік Республикасын құру туралы қаулысын жариялады жəне социалистік құрлыстың негізгі кезеңдерін белгіледі .

Большевиктер билікке келсімен оларға қарсы бағытталған «ақтар қозғалысы» қарулы күрес бастап, Ресейде азамат соғысының оқиғалары орын алды. Кеңес өкіметі жаңа орнығып жатқан кезде көпұлтты Ресейде ыдырау үрдістері басталды, соған байланысты Финляндия, Польша, Əзербайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия жəне Литва өздерінің тəуелсіздіктерін жариялады. Сонымен қатар Украинада Орталық Рада, Қазақстанда «Алаш Орда», Түркістанда Қоқан автономиясының үкіметтері құрылды, олар жергілікті халықтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер болды .

Бірақ Қазан төңкерісіне дейін Ресейді «халықтар түрмесі» деп олардың бостандығын жақтаған В.Ленин, И.Сталин жəне тағы басқа большевиктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін, «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918–1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен, Украинадағы, Қазақстандағы жəне Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап, құғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.

Бөлініп кеткен территорияларды қайта қосып алу саясатын Кеңес үкіметі жалғастыра берді. Польшаның тəуелсіздігін таныса да, қалай да осы елді қайта қосып алу амалын Кеңестік Ресей басшылары іске асыруға кірісті. Сондықтан большевиктер осы кезде поляктармен жүргізілген келіссөздерге немқұрайлы қарап, екі мемлекеттің арасындағы қатынастарды одан сайын шиеленістіруі, ең соңында Кеңестік Ресей мен Польшаның арасындағы соғысқа əкеп соқты. 1920 жылы кеңес-поляк соғысы кезінде Варшава түбінде Қызыл Армияны талқандаған поляк халқы өз тəуелсіздігін сақтап қалды [1].

Большевиктердің Ресей халықтарының тəуелсіздігіне қарсы болғанын Теріскей Кавказ жеріндегі оқиғалардан байқауға болады. Осында өздерінің тəуелсіздігін жариялаған Армения, Əзербайжан жəне Грузияға Кеңестік Ресейдің басшылары ашықтан ашық қоқан-лоққы саясат жүргізіп, неше түрлі арандатушылық ұйымдастыра бастады. Осындай саясатты жүргізуде, əсіресе И.Сталин, С.Киров, С.Орджоникидзе сияқты большевиктер партиясының белгілі қайраткерлері ерекше белсенділік көрсетті. Осы мемлекеттерге «еңбекшілер ерекше қарсы болып, бізден көмек сұрады» деген сылтаумен Ресей басшылары 1920 ж. сəуір айында Қызыл Армияны жіберіп, мусаватистер үкіметін құлатып, Əзербайжанда Кеңес өкіметін орнатты. Тура осындай жолмен қараша айында дашнактар билігі жойылып, Кеңес өкіметі Арменияда орнады . Ал 1921 жылдың мамыр айында Қызыл Армия тəуелсіз Грузияға басып кіріп, осындағы ұлттық үкіметті құлатып, осы жерді кеңестендіруге жол ашты. Сөйтіп, большевиктердің агрессиялық саясатының нəтижесінде армян, грузин жəне əзербайжан халықтарының тəуелсіздіктері жойылды.

Əр түрлі ұйымдастырылған арандатушылықтан кейін, 1920 жылы Түркістан майданының (қолбасшысы М.Фрунзе) əскерлері патша кезінен сақталып келген Бұқар жəне Хиуа хандықтарын басып алып, осы жерлерде 1918 ж. құрылған Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасымен қатар «құыршақ» Бұқар жəне Хорезм Кеңестік Республикаларын жариялады. Осы уақыттан бастап, əскердің күшімен орнатылған Кеңес өкіметіне қарсы Орта Азия халықтарының 20 жылға созылған қарулы күресі басталды. Оның себептері туралы Кеңестік Ресейдің Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы С.Каменев: «...Кеңес өкіметінің шаралары, шын мəнінде, отарлаушылық саясат болды. Сондықтан ол ұлттық қозғалыстың дамуына əкеп соқты. Қызыл гвардияшылар отрядтарының сорақылық істері басмашылардың көбеюіне əсер етті», — деп көрсеткен . Осыған орай бір кезде большевиктер кемсітіп, «басмашылар қозғалысы» деген соғыс, шын мəнінде Түркістанның жергілікті халықтарының Кеңес үкіметінің озбырлық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды. 1922 жылы Ресейдегі азамат соғысы большевиктер үкіметінің жеңісімен аяқталды. Қызыл Армия жеткен жерлердің көбісінде Кеңес өкіметі орнатылды, бірақ тəуелсіздіктерін жариялап, Ресейден Польша, Финляндия, Латвия, Эстония жəне Литва бөлініп шықты.

Атақты советолог Р.Пайпстың айтуынша, «Ленин ұлттық проблемаға оны қалай шешу үшін емес, қайта оны қалай пайдалана білу керек деп қарады» дегенімен келісуге болады. Дегенмен, халықтардың сенімінен айырылып қалмау үшін, 1917 жылғы Декларациядағы уəделерін большевиктер азамат соғысының қиын кезеңінде іске асыра бастады. Сөйтіп, олар ұлттық аймақтарды уыстарында ұстап қалғысы келді.

Өздеріне пайдалы «пролетарлық интернационализм» принципін негізге алып, большевиктер 1918–1920 жылдары Ресей құрамында бірқатар автономиялар құрды. Бұл жұмысты жүргізгенде олар орталық аппарат пен көбінесе орыстардан тұратын жергілікті партия ұйымдарына сүйенді. 1918 жылы Еділ бойындағы немістер коммунасы, ал 1919 жылы Татар-Башқұрт Автономиялары құрылды. Бірақ Татар-Башқұрт Автономиясының басшылары «пантюркизм» жолына түсті деп үріккен большевиктер бұл Автономияны екіге бөлді. Сөйтіп, 1920 жылы Башқұрт Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, Қазақ Кеңестік Автономиялық Республикасы, Дағыстан жəне Таулы Кеңестік Автономиялық Республикалары, сонымен қатар Шуаш, Карел, Удмурт, Мари, Қалмақ Автономиялық облыстары мен округтары құрылды. Ал 1921 жылы Коми, Кабарда, Қырым Автономиялары пайда болды .

Азамат соғысының аяғына қарай бұрынғы Ресей кеңістігінде Украин, Белорус, Əзербайжан, Армян жəне Грузин Кеңестік Социалистік республикалары жəне Қиыр Шығыс Республикасы пайда болды. Оларды большевиктер құрған үкіметтер басқарды. Орта Азияның Қызыл Армия басып алған жерлерінде «қуыршақ» Бұқар жəне Хорезм Халық Республикалары құрылды.

1920–1922 жылдары осы республикалардың көпшілігі Ресей Федерациясымен шаруашылық жəне дипломатия салаларында одақтастық туралы келісім-шарттарға қол қойды. Ал бұл республикалардың партия ұйымдары облыстық партия комитеті ретінде РКП (б) Орталық Комитетіне тікелей бағынатын болды. Орталық Комитет ұлт аймақтарындағы жергілікті халықтардың өкілдеріне сенімсіздікпен қарап, сол жерлердің басшылығына көбінесе комиссарларды Мəскеуден жіберіп немесе сондағы орыс жұмысшылары мен солдаттарды қойды. Соңғылардың Орта Азиядағы «басқаруы» туралы партияның Орталық Комитеті 1920 жылдың маусым айында арнайы Қаулы қабылдап, онда: «Отаршылдық психологиясы дарыған орыс жұмысшыларының қолында Кеңес үкіметі 2,5 жыл болса да, келімсектер мен жергілікті Түркістан халықтарының қарым-қатынастары өзгерудің орнына одан сайын шиеленісе түсті», — деп көрсеткен [2].

Осындай жағдайға байланысты Орталықпен басқа республикалармен жəне олардың халықтарымен қарым-қатынастарды заңдастыратын мəселелер қаралып талқылана бастады. Соның нəтижесінде Грузия басшылары Махарадзе, Орахелашвили, Мдивани қарсы болса да 1922 жылдың басында РКП (б)-ң нұсқауымен Грузия, Армения жəне Əзербайжан біріктіріліп, Теріскей Кавказ Кеңестік Социалистік Федерациясы құрылды. Ал 1922 жылы тамыз айында Кеңестік Республикалардың Федерация негізінде Одағын құру туралы жоспарды Сталин басқарған комиссия қарай бастады. Жалпы федерация арқылы Ресей, Украина, Белоруссия жəне Теріскей Кавказ Федерациясының бір одаққа кіру жоспарын Ленин ұсынды. Ал Сталин бұл республикалар Ресей құрамына автономиялар ретінде кіру керектігін дəлелдеді. Осы кезеңде басқа да ұсыныстар болды. Мысалы: Грузия басшылары Теріскей Кавказ Федерациясындағы республикалар əрқайсысы жаңа одаққа бөлек кіруін қалады. Осындай ұсынысты Татар, Башқұрт автономияларының басшылары да қолдады. Ал Украинаның өкілдері федерацияның орнына конфедерация құру керектігін дəлелдеді. Бірақ Сталин бұл ұсыныстарды қабылдатқызбай, өзінің автономиялық жоспарын жақтап: «Ұлттық аймақтардағы жас буын коммунистер, тəуелсіздік ойынын ойын ретінде түсінгісі келмей, бізден тəуелсіз республикалардың конституцияларын іске асыруды талап етеді», — деп большевиктердің республикалар құруын «тəуелсіздік ойынымен» салыстырады. Сөйтіп, басқарушы партияның ұлыдержавалық саясат жүргізітіндігін айқын байқатады .

Бірақ Ленин Сталиннің «тым асығыс» шараларын сынға алып, партияның Орталық Комитетінде өзінің жаңа одақты федерация негізінде құру туралы жоспарын қабылдатқызады. Əрине, өздерінің осы жоспарларына қарамастан, Ленин мен Сталин де құрылатын одақты болашақта біртұтас ірі коммунистік державаға айналдыру мақсаттары болғанын байқау онша қиын емес.

1922 жылдың желтоқсан айында Украинаның, Белоруссияның, Теріскей Кавказ жəне Ресей Федерациясы Кеңестерінің республикалық съездері өтті. Олар большевиктердің қысымымен республикалар одағының құрылуын жақтаған шешімдер қабылдады жəне Бүкілодақ Кеңестерінің І съезіне делегаттар сайлады. Осы уақытта Қиыр Шығыс Республикасы таратылып Ресейге қосылды .

1922 жылдың 30 желтоқсанында Мəскеу қаласында Бүкілодақ Кеңестерінің І съезі өтті. Съезд төрт республика: Ресей, Теріскей Кавказ Федерациясы, Украина жəне Белоруссия бірігіп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы туралы Қаулы шығарды жəне КСРО-ның құрылғаны туралы Декларация мен Шарт қабылдады. Онда республикалардың одақтық мемлекетке бірігуінің принциптері мен шарттары баяндалды. Съезде КСРО Орталық Атқару Комитеті (ОАК) сайланып, оған төрт тең төрағалар болып М.Калинин (Ресей), Н.Нариманов (Теріскей Кавказ), Г.Петровский (Украина) жəне А.Червяков (Белоруссия) сайланды. Бірақ тең төрағалық қағаз жүзінде қалып, аз уақыттан кейін Орталық Атқару Комитеттегі билік толық М.Калининнің қолына көшті.

1923 жылы шілде айында Орталық Атқару Комитетінің ІІ сессиясы КСРО-ның Конституциясын қабылдап, оны Бүкілодақтық Кеңестерінің ІІ съезі 1924 жылдың 31 қаңтар айында бекітті. Конституция бойынша КСРО-ның жоғарғы үкімет органдарының қарауына мынандай мəселелер жататын болды: сыртқы саясат, соғыс жариялау мен бітім жасау, КСРО мен республикалардың шекаралары, КСРО құрамына қабылдау, КСРО Қарулы Күштері, көлік пен байланыс, халық шаруашылығын жоспарлау. Осыған қарағанда Конституция федерациядағы Орталықтың билігін заңдастырды. Əсіресе Конституцияның ІV-тарауы бойынша Орталық үкімет республикалардың ішкі жағдайларындағы барлық мəселелерге араласып тұруға мүмкіншілік жасады. Ал Конституциядағы республикалардың Одақтан шығу құқығы көп жылдары қағаз жүзіндегі бап болып қала берді .

Жаңа Конституцияның негізінде КСРО өкіметінің Жоғарғы Органы Кеңестердің Бүкілодақтық съезі болды. Ал съездің араларында жұмысты екі палаталық Орталық Атқару Комитеті жүргізетін болды, оның палаталары Одақтық Кеңес жəне Ұлттар Кеңесі деп аталды. Бүкілодақтық съезге делегаттар губерниялық съездерінде сайланды. Ал губернияларға бөлінбеген республикаларда тікелей Кеңестердің республикалық съездерінде сайланды. Жұмысшы табының рөлін көтеру үшін сайлау кезінде 1 жұмысшының даусы 5 шаруаның даусына теңелді. КСРО-ның Орталық Атқару Комитетінің атқарушы жəне басқарушы органы — КСРО-ның Халық Комиссарлар Кеңесі құрылып, оның ішінде Халық Комиссариаттары, Мемлекеттік Банк жəне Мемлекеттік Жоспарлау Комиссиясы бекітілді [20].

Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетіне барлық республикаларда міндетті түрде орындалатын декреттер мен қаулылар шығару құқығы берілді. Сессиялар арасында жұмысты Орталық Атқару Комитетінің атынан оның Президиумы жүргізді. Президиум республикалардың қарым-қатынастарын, оларда шыққан қаулыларының Одақ Конституциясына сəйкестігін бақылайтын болды. Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамында контрреволюция, шпионаж жəне терроризммен күресетін Ерекше Мемлекеттік Саяси Басқарма (ОГПУ) құрылды. Конституция барлық республикалардың тұрғындарына бірыңғай азаматтық белгіледі.

Кеңестік федерация большевиктердің үгіт-насихат, саяси ұйымдастырушылық жұмыстары арқылы құрылған көп ұлтты держава болды. Терезесі тең болып қосылған республикалардың барлық ресурстары бір Орталыққа бағындырылды, ал саяси басқаруды Коммунистік партия өз қолына алды. Осындай жағдайда большевиктерге экономиканы дамытуға, ішкі жəне сыртқы саясатты жүргізуге толық мүмкіндік пайда болды. Ал КСРО Конституциясы, белгілі ғалым Элен Каррер д.Анкосс көрсеткендей, «Интернационализмге үйрететін мектепке» айналды. Сонымен қатар Кеңестер Одағы сияқты алпауыт Коммунистік державаның құрылуы большевиктерге халықаралық аренада əр түрлі арандатушылық, «революцияны экспорттау» саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Кеңес Одағының пайда болуымен «Қызыл империяның негізі қалыптаса бастады».

КСРО құрылғаннан кейін Кеңес үкіметі ұлттық республикаларда көптеген саяси, экономикалық жəне мəдени шараларды іске асыруға кірісті. Республикалардағы басқару аппаратына жергілікті халықтардың өкілдері кіргізіле бастады. Бірақ оларға көбінесе сенімсіздікпен қараған Коммунистік партия ұлттық аймақтардың басшылығына өзінің өкілдерін жіберіп тұрды. Сөйтіп, Одақтық басқару жүйесінің ерекше билігі бюрократиялық орталықтандыру процесінің күшеюіне əкеп соқты.



Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты. 1918 ж. қаңтарда өткен Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің (бұдан әрі кеңестер деп аталады) біріккен съезінде “Еңбекші және қаналған халықтардың декларациясы” жарияланды. Езілген ұлттарға өз республикаларын құруға мүмкіндік берілді. 1918 ж. 4 – 10 шілдедегі Кеңестердің 5-Бүкілресей съезінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының (РКФСР) тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1919 ж. наурызда мемл. билік басындағы Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының [РК(б)П] жаңа бағдарламасы қабылданып, елде социализм орнату жолдары белгіленді. Бағдарламаға сәйкес ішкі және сыртқы контрреволюциямен күресу үшін 1919 ж. маусымда Ресей, Украина, Белоруссиядағы кеңестер билігін (қ. Кеңес өкіметі) жақтайтын мемл. органдардың әскери, саяси, шаруашылық одағы қалыптасты. 1918 ж. 30 сәуірде Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і), 1920 ж. 26 сәуірде Хорезм халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 8 қазанда Бұхар халық кеңестік республикасы, 1920 ж. 4 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і) құрылды. Қызыл Армияның Кавказға жорығы нәтижесінде ондағы ұлттық үкіметтер құлатылып, Әзербайжан кеңестік социалистік республикасы (28.04.1920), Армян кеңестік социалистік республикасы (29.11.1920), Грузин кеңестік социалистік республикасы (25.02.1921) жарияланды. 1922 ж. 12 наурызда осы үш республика бір федеративтік одаққа (Закавказье Соц. Кеңестік Республикалардың федеративтік одағы, ЗСКРФО) бірікті де, сол жылдың аяғына қарай (13.12. 1922), Кеңестердің 1-Закавказье съезінде ЗСКРФО біртұтас Закавказье Соц. Федеративті Кеңес Республикасы (ЗСФКР) түріне айналдырылды, әрі оған кірген республикалар дербестігін сақтайтын болды. Ресей мен Жапония арасында болуы ықтимал әскери қақтығыстың алдын алу және ақ гвардияшыларды, интервенцияны жоюға жағдай туғызу мақсатында 6.4.1920 ж. жарияланған Қиыр Шығыс республикасы, алға қойылған мақсат орындалған соң, 15.11.1922 ж. ВЦИК декретімен барша жері РКФСР-ге оның құрамдас бөлігі ретінде қосылды. 1922 жылдың ортасына таман бұрынғы Ресей империясының барлық жерінде дерлік кеңестер билігі орнады. Мемл. құрылымды одан әрі жетілдіру үшін, билік басындағы коммунистер (большевиктер) партиясының жетекшісі В.И. Лениннің жоспары бойынша, кеңестік республикалардың одағын құру керек болды. Жаңа одаққа кіретін республикалар тәуелсіз және тең құқылы болып саналды. РКФСР, УКСР, БКСР, ЗСФКР Кеңестерінің кезекті съездері одаққа бірігуді жақтап дауыс берді. Осыны негізге ала отырып, 1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. ОАК-нің 2-сессиясында К. О-ның үкіметі – В.И. Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, К. О-нда билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В. Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1925 ж. Өзбекстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Өзбек КСР-і), Түрікменстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Түрікмен КСР-і), құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасынан бастап К. О. жаңа экон. саясаттан бас тартып, елді күшпен индустриализациялау және а. ш-н күшпен ұжымдастыру саясатын жүргізді. Коммунистік партия мемл. билікті толық қолына алды. Елде қатты орталықтандырылған әрі милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді жедел түрде модернизациялауға және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға қызмет етті. А. ш-да шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл байларын, т.б.) тәркілеу халықты жаппай ашаршылыққа ұшыратты. Оған қоса зорлықпен отырықшыландырылған қазақ шаруалары айрықша қатты шығынға ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Бұл халықтың жаппай наразылығын туғызып, жер-жерде шаруалар көтерілістері басталды. Бірақ оларды үкімет әскерлері күшпен басып тастады [3].
1.2 Әскери коммунизмнің енгізілуі және оның қайшылықтары
Әскери коммунизм саясаты: Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.

“Әскери коммунизм” саясаты экономикалық және саяси-әлеуметтік салаларды қамтитын кешенді іс-шаралардан тұрды. Аталғандардың ішінде ең бастысы өндірістік құралдарды мемлекетке өткізу, орталықтандырылған басқаруды енгізу, еңбек өнімдерін теңгермешілік негізде бөлісу және большевиктер партиясының үстемдігін бекіту болды. 1918 жылдың 28 маусымында Кеңес үкіметі барлық ірі және орташа кәсіпорындарды мемлекет меншігіне алу туралы Декрет қабылдады. Келесі жылдарда ұсақ кәсіпорындар мемлекетке өтіп, ел ішіндегі өндіріс саласындағы жекеменшік кәсіпорындар жойылды. Сонымен қатар өте қатаң салалық басқару түрлері енгізілді. 1918 жылдың көктемінде сыртқы сауда саласында да мемлекеттік монополия тәртібі енгізілді. Мемлекеттің азық-түлік үстемдігін барынша кеңейту үшін азық-түлік салығы азық-түлік салғыртымен ауыстырылды. Ол бойынша шаруалардың күнкөрісінен артылған азық-түлік қоры әскерлер мен өндіріс жұмысшыларын қамтамасыз ету үшін ешбір өтеусіз алынды. Азық-түлік салғырты ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды жаппай мемлекеттендіріп, сауда-саттыққа, нарыққа тыйым салып, ақша айналымын тоқтатып, жұмысшылардың еңбекақысын нан, ет, май, картоп түрінде төлеумен бірге жүргізілді. Күшпен алынған өнімдер үшін шаруаларға түбіртек қағаз және құнсызданған ақша берілді. Үкімет бекіткен азық-түлік бағасы базардағы нарықтық бағадан 40 есе төмен болды. Шаруалардың қарсылығын басу үшін ауылдарға қаруланған жұмысшы жасақтары жіберіліп, ауыл тұрғындарының азық-түлік қорлары еріксіз түрде тартып алынды. “Әскери коммунизм” саясаты тауарлыақшалы қатынастардың жаппай жойылуына әкелді. Өндірістік және азық-түлік тауарлар жалақы түрінде тепе-тең бөлінді. Мұндай жағдай қоғамдық топтар арасында жалған әлеуметтік теңдіктік пікірді тудырды. Бұл саясаттың дәрменсіздігі “қара нарық” ошақтарын көбейтіп, қоғамдағы алыпсатарлықтың етек алуына жол ашты. 1918 жылдан бастап бұрынғы қанаушы таптар өкілдері еңбектік міндет тәртібіне тартылды, ал 1920 жылы жаппай еңбекке араласу міндеті енгізілді.



Еңбекшілерді еркінен тыс жинау үшін еңбек армиялары құрылып, олардың басым бөлігі көлікті жөндеуге, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылды. Жалақының натуралды түрі басым болғандықтан қаладағы тұрғын үйлер, байланыс, көлік, пошта және телеграф қызмет көрсету салалары ақысыз қызмет көрсетті. “Әскери коммунизм” саясаты кезеңінде саяси салада РК(б)П-ның шексіз үстемдігі орнатылды. Ресей большевиктік партиясы таза саяси ұйым ережесінен шегініп, партия аппараты біртіндеп мемлекеттік ұйымдарға айналды. Бір партияның үстемдігін мойындамаған басқа саяси топтар — кадеттер, меньшевиктер, эсерлер — іс-әрекетіне тыйым салынды. Кейбір көрнекті қоғам қайраткерлері шетел ауып кетсе, басқалары қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңестік атқару ұйымдары большевиктер партиясының нұсқауын мүлтіксіз орындап отырды. Партияның бақылауындағы кәсіподақ ұйымдары да тәуелсіздігінен айырылды. Олар жұмысшылардың мүддесін қорғаудан қалды. Пролетариат өз мемлекетіне қарсы шыға алмайды деген нанымды жақтап, жұмысшылар ереуілдеріне тыйым салынды. Сөз және баспасөз бостандығы жөніндегі ережелер орындалмады. Большевиктік емес баспасөз органдары түгел жабылды. “Әскери коммунизм” саясаты Ресейді экономикалық күйреуден құтқара алмады. Бірақ орталықтың қатаң басқару жүйесі арқасында барлық қорларды шоғырландырып большевиктер үкіметі азамат соғысы жағдайында саяси билікті сақтап қалды. “Азамат соғысы жылдарындағы революцияға қарсы шыққан басшыларды тұтқындау” (1917 ж., қараша) және “Қызыл террор” заңдарына сүйеніп большевиктер үкіметі өзінің саяси дұшпандарын зорлықпен жоюға мүмкіндік алды. Сондықтан меньшевиктер, оңшыл және солшыл эсерлер, анархистік топтар жаңа үкіметпен келісе алмай, азамат соғысы жылдарында Кеңес үкіметінің қарсыластары қатарына қосылды. Iшкі және сыртқы саясат. Ресей тарихында Кеңес үкіметі қарапайым адамдар үшін бостандықпен қатар аталатын ұғым болды. Шала білімі бар жұмысшылар мен шала сауатты шаруаларда коммунистік сана-сезім бірден үйлесе қоймады. Кеңес үкіметі бейбіт еңбек ету жолына көшті. Елдің жағдайы қиын болды. Ресей әлемдік экономикалық қатынастар жүйесінен шығып қалды. Азамат соғысы жылдарында саяси биліктің сипаты едәуір өзгеріске ұшырады. Мемлекеттік және партиялық билік органдары қосылып, төрешілдік ықпалы барынша өскені байқалды. Бүлінген, ашыққан, сарқылған ел жол салынбаған социалистік құрылысты іске асырудың қарсаңында тұрды. Әлемдік социалистік революция іске аспай, Ресей саяси оқшаулануға ұшырады. Ұлттық шекараның қауіпсіздігін ойлап Кеңес басшылары көршілес елдермен байланыс жасау әрекетіне кірісті. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясының құрамында болған Эстония, Литва, Латвия, Финляндия мемлекеттерімен жақындасып, Иран, Түркия, Ауғанстанмен достық қатынастар орнықтырды. 1921 жылдың ақпанында осы елдермен жасалған келіссөздер негізінде Ресей олардың патша үкіметі кезіндегі қарыздарын кешіріп, ерекше артықшылық құқығынан бас тартты. Кеңес үкіметі Моңғолия елімен достық қатынастар орнатып, Германия, Италия, Норвегия елдерімен саудасаттық келісімдеріне қол қойды. Азамат соғысының аяқталуы халық шаруашылығын қалпына келтіруге жол ашты. Дәл осы кезеңде Ресейде жаппай электрлендіру бағдарламасы жарияланды.

1919 жылы 11 қаңтарда ХКК Декретімен азық-түлік салымы енгізілді Азық-түлік салымының мәні – белгіленген бағамен әскердің және қалалардың пролетар тұрғындарының қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылығының артық тауарларын алу.. Большевиктердің жеңісінен кейін елдегі жағдай тұрақсыз болып қала берді. Партия триумфы Кеңес үкіметін қалыптастыру жолындағы тек алғашқы кезең ғана болды – Қазан революциясы орнағаннан кейін туындаған көптеген мәселелерді шешу қажет болды. Экономикалық қиындықтар Кеңес мемлекеті ортағының маңызды ауыл шаруашылығы аудандарынан алыс орналасуы салдарынан туындады. Сол себепті қалалар мен кедейленген ауылдар нан мен басқа да азық-түлік жетіспеушілігін қатты сезді. Бастапқыда азық-түлік салымы нан мен жем-шөпке ғана жайылды. Көп кешікпей картопты, етті, ал 1920 жылдың аяғына қарай ол түгел дерлік ауылшаруашылық өнімдеріне тарады. 1918—1919 жж. - 107,9 млн пұт, 1919-1920 жылдары - 212,5 млн пұт, 1920-1921 жылдары - 367 млн пұт нан мен мал жемі жиналды. Азық-түлік алымы кей жағдайда дөрекі әрі күштеп жүргізілгеніне қарамастан, ол Қызыл Армия жауынгерлері мен елдің орталық аудандарының тұрғындарын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Азық-түлік алымы тауар-ақша қатынасына айтарлықтай әсер етті: нанның, бидайдың еркін сатылымына тыйым салынды. «Нан монополиясын» жүзеге асыра отырып, билік азық-түлікті жоспарлап бөлу арқылы нарық бағаларын ретке келтіруге, оларды төмендетуге тырысты. «Әскери коммунизм» саясаты Азамат соғысы кезеңінде өткір тұрған мәселелерді шешуі керек болды. Қызыл Армияны қолдау зор маңызға ие еді, өйткені оның жеңістері мен жеңілістері Кеңес үкіметі өмір сүру-сүрмеуін шешті. Бірақ осы шаралар халықтың ірі апатына әкеп соқты. Артық азық-түлікті тартып алу үшін қызыл әскерлер жіберілді, олар көбіне-көп өз құқықтарын асыра сілтеп орындайтын. Бұның бәрі жергілікті халықты қаруланған отрядтарға қарсы шығуға итермеледі. Экономиканың табиғи заңдарын елемеу, жергілікті халықтың қалыптасқан тұрмыс-тіршілігімен санаспау осы жүйенің кемшілігі еді. Қазақтардың көпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен өмір сүрді, яғни мал шаруашылығы олар үшін маңызды рөл атқарды, малын сатып азық-түлік, бидай алатын. Тұрғындар өз нанын бергісі келмей, ел ішінде наразылық өсе бастады. Осы жағдайды қадағалау үшін арнайы органдар қажет болды. 1918 жылдың жазынан бастап ауылдарда «кедейлер комитеті» жұмыс жасай бастады, халықтың тығып тастатаған азық-түліктерін іздеу олардың тапсырмасы болды, сонымен қатар олар реквизицияланған азық-түлікті, малды және ауыл шаруашылығы құралдарын ауыл тұрғындары арасында бөлулері керек болды. Орта Азияда 1920 жылы кедейлер комитетіне ұқсас «Қосшы» одағы құрылды. Оның құрамына тек кедейленген халық қана емес, сонымен бірге орташалар да кірді. «Қосшының» мүшелері батрақтардың мүдделерін қорғап, олармен байлар мен дін басылардың ықпалына қарсы идеологиялық жұмыс жүргізді. Осының қарымы ретінде шаруалар жалпы кеңестік құрылысқа қосылып, большевиктер директивасына бағынулары керек болды. Поволжьеден (Еділ бойынан) Қазақстанның батыс аудандары арқылы Түркістанға ағылған халық ағыны жағдайды қиындата түсті. Еділ бойындағы аштықтың бірнеше себептері болды, соның ішінде азамат соғысының ауыр салдары, 1920 жылдардың басындағы қуаңшылық және де осы азық-түлік алымы. Кеңес басшылығы қуаңшылық салдарынан егін шықпағандықтан алапат аштық орын алды деп түсіндірді. Азық-түлік жетіспеушілігінен, температура төмендігінен, осылардың кесірінен туындайтын аурулардың салдарынан көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы халық саны азая бастады – ауыл тұрғындарының саны үштен бірге дейін азайып, көпшілігі туған жерлерін тастап, көшуге мәжбүр болды. 1920–1921 жж. Халық наразылығы өршіп, ашық бүлікке ұласты. Семей облысы аумағында, Қостанай, Ақмола, Петропавл, Көкшетау уездерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін!», «Азық-түлік алымы жойылсын!», «Азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған халық шерулері етек алды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі халық шеруі ірі көтерілістерге ұласты. Осылайша, экономикалық мәселе саяси сипатқа ие болды. Қазақстандағы 1921-1922 жылдардағы аштық халқымыздың тарихындағы зор қасірет. Жұттың, халықтың азық-түлігін реквизициялау, даланың географиялық жағдайынан бейхабар болу, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін білмеу салдарынан бір миллионға жуық халық қырылып қалды. «Әскери коммунизм» Қазақстан халқының төрттен бір бөлігін қырып тастаса, 700 мыңға жуық халық туған жерін тастап, көшуге мәжбүр болды [4].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет