Реферат Тақырыбы: Корей әдебиетінің тарихы Орындаған: Оралтаева Лейла 205 корей тобы Қабылдаған: Бүркітбай Гаухар Жансапқызы Мазмұны



бет5/6
Дата12.03.2022
өлшемі23,13 Kb.
#135296
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат

Даму кезеңі (1950 жылдар соғысынан кейін). Қазіргі заманғы корей әдебиеті тарихында 50 жылдары күрт өзгерістер орын алады. Корей тарихында соңғы онжылдық маңызды оқи­ғаларға толы болады. Корей халқы жүргізген үш жылдық соғыс шығармалардың мазмұны мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Соғыстан кейінгі қоғам, елді қалпына келтіру, жақынын жоғалтып жаны ауырған адам тағдыры бейнеленген шығармалар жарыққа шыға бастайды.Соғысқа қатысқан ақындар Ю Чи Хван, Чжо Чжи Хун, Ку Санг, Пак Ин, Пак Ду Чжин және т.б. өлеңдерінде қайтыс болғандар мен жараланғандардың қайғылы тағдыры мен халықтың өкініші көрініс тапқан. Сондықтан 50 жылдардың басына қарай поэзияда патриотизм тақырыбы басты орынға шығады. Ю Чи Хванның «Жаяу әскермен бірге» Чжо Чжи Хунның «Табувонға барар жолда», Ку Сангтың «Жау қабірінің алдында тұрып» атты өлеңдері осы тақырыпта жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет