Реферат Тақырыбы: Корей әдебиетінің тарихы Орындаған: Оралтаева Лейла 205 корей тобы Қабылдаған: Бүркітбай Гаухар Жансапқызы Мазмұны



бет6/6
Дата12.03.2022
өлшемі23,13 Kb.
#135296
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат

Жаңару кезеңі (1960 жылдардан қазіргі уақытқа дейін). Бұл кезеңде бүгінгі таңдағы қазіргі корей әдебиеті қалыптаса бастады. 1960 жылдың 19 сәуіріндегі демократиялық және либералдық бағыттағы төңкеріс 60 жылдардағы корей қоғамының тарихи дамуында маңыз­ды оқиға болады. 1960 жылғы 16 мамыр­дағы көтеріліс секілді бұл төңкеріс те сәтсіз болға­ны­мен, қоғамның әрі қарай дами түсуіне ықпал етеді. Әдеби шығармаларда әлеуметтік теңсіздік туралы сыни ескертпелер көбейіп, әдебиет реалистік-сыни көзқараста дамиды. Корей поэзиясының тарихында кездесетін ағымдардан «минчжунси» жаңа дәстүрі бөлініп шықты. Бұл дәстүрді жақтаушы ақындарға Чжонг Хан Мо, Чжо Бенг, Ким Нам Чжо, Пак Чжэ Сам, Пак, Ким Квант Соби, Хванг Донг По және т.б. жатқызуға болады. 60 жылдар­дағы корей поэзиясында корей өлеңдерін дамытудың жаңа жолдарын табуға тырысқан жазушылар корей халқының дәстүрлі әрі ұлттық сипаттарын қарастыра бастайды.
70 жылдары корей тарихында «прогресс пен даму кезеңі» деп аталады. Елде соғыстың зардаптары жойылып, индустрия дами түседі, Корея дамушы елдердің қатарына кіреді. Халықтың өмір сүру деңгейі жақсарып, еңбекшілер ауылдан қалаға қарай көшіп, ірі кәсіпо­рын­дарында қызмет ете бастайды. Мұндай қоғамдық өзгерістер прозалық шығармалардың мазмұны мен құрылымына әсер етпей қоймады.Хванг Сок Енгтің «Шетелдік жер» атты шығармасында жұмысшының өмірі шынайы суреттелген. Хванг Сок Енг өз кейіпкерін сомдай отырып, жұмысшылар мен құрылысшы­лар­дың күресі мен сәтсіздігі, индустриаландыру кезеңіндегі корей қоғамының тұрақсыздығын айқын көрсетеді. Оның «Сампоға барар жол» және 1974-1984 ж. аралығында «Хангук Ильбо» газетінде жарияланған «Чан Гиль Сан» тарихи романы корей әдебиетіндегі үздік шығар­­ма­­лардың қатарына жатады

Пайдаланылған әдебиеттер



  • Әмірбек Ү.Ә., Тен Ю.П.; Ежелден ХХ ғасырға дейінгі корей әдебиеті- Қазақ университеті баспа үйі. 10-20б.,215б.

  • Көптілеуова Д.Т. Әлем әдебиеті: Оқулық. – Алматы, 2012. - 320 б.

  • Троцевич А.Ф. История корейской традиционной литературы (до ХХ в.). Учебное пособие. Издательство Санкт-Петербургского университета. 2004.

  • Корейская поэзия. Википедия. Интернет көзі: ru.wikipedia.org_wiki//philology.ru.

  • Никитина М.И. Корейская поэзия ХУІ-ХІХ вв. в жанре сиджо. Санкт-Петербург. 1994. С.306.

  • Концевич Л.Р. Корееведение. Корейская поэтика. Статьи. Интернет көзі: kore-saram.ru_Articles/Article info.aspx.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет