1. Нарықты зерттеу және оны болжау – кәсіпорынның неғұрлым тиімді қызметін анықтау үшін нарықтағы жағдай туралы деректерді талдау оның мақсаты болып саналатын, маркетингтік зерттеулердің аса кең таралған бағыты. Нарықты зерттеуге мыналар кіреді:
нарықтың сыйымдылығын (қамтымдылығын) анықтау және оны болжау;
бәсекелестер арасында нарықтағы үлестердің бөлінуін талдау;
нарықтың сипаттамаларын (тұтынушылардың пікірлерін, уәждерін және тілектерін талдау) зерделеу;
тұтынушылардың құрамы мен құрылымын (жас мөлшері, өңірлік
орналасуы, әлеуметтік топқа жатушылығы, жынысы, отбасы құрамы, сатып алушылық мінез-құлқы бойынша) анықтау;
нарықтардағы сату көлемдері мен бағаны, тауарайналымы құрылымдарын талдау. Оның дамуын болжау, конъюнктуралық үдерістерді бағалау, табысқа жетудің негізгі факторларын, нарықта бәсекелестік саясат жүргізудің неғұрлым тиімді тәсілдері мен жаңа нарыққа шығу мүмкіндіктерін анықтау.