Тестілеудің кемшіліктері:Тестік сұрақтарды құрастыру, топтастыру ұзақ үрдіс. Барлық пәндер бойынша стандартты тестер жоқ, бар болған да сапасы дұрыс емес. Тестілеу кезінде алынатын мәліметтер бойынша біз оқушының қандай тараулардан ақаулар бар екенің анықтай алсақ та, ақаулардың себебін анықтай алмаймыз. Тест білімнің жоғары, продуктивті, шығармашылық, әдістемелік деңгейін тексеруге, бағалауға мүмкіндік бермейді. Тестте көп сұрақтардың қамтылуы уақыттың жетпеуіне, асығуына байланысты кемшілік туғызады.Тестілеуде кездейсоқтық элементтер бар. Мысалы, оңай сұраққа жауап бере алмаған оқушы күрделі сұраққа жауап бере алады. Бұған себеп, бірінші сұрақта байқаусыз қате жіберілсе, екінші сұрақта жауапты ойланып табу бола алады. Бұл жағдай тестің нәтижесін бұрмалайды және оларды талдау кезінде есепке алудың қажеттілігіне әкеп соқтырады. Сұрақты аяғына дейін оқымау.
Достарыңызбен бөлісу: |