Жоспар І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Менеджерге қойылатын талаптар
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмада жұмыс істейді. "Өзінің офицерлері мен унтер-офицерлерін қажет ететін армия секілді, — деп жазды Маркс, — бұқара жұмысшылар үшін де дәл осындай өнеркәсіп офицерлері, басқарушы менеджерлер қажет болды".
Қазіргі мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында экономикалық және ұйымдық-басқару процестерінің күрделенуі монополияның басқару аппаратын сөзсіз арттырды.
"Босс" және "менеджер" ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі және басқарушы — бұлар әдетте мүлде бөлек жандар.
Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруду тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер-ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл — басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер.
Әр елде менеджерге түрлі анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше — менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.
"Менеджер — бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы — фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болу тиіс". Жапониядағы менеджерлер мектебінің — негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.