Менеджерге қойылатын талаптар
Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да ол "бесаспап данышпан" болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы — жазбаша немесе ауызша сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.
Гринхальдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:
Өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;
Өзінің келісім жүргізетін жақты ұнататындығыңды, оның пікірлерін ескеретіндігіңді білдір;
Келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда "Мен бұған келісе алмаймын", — деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтыныңызды айқын түсіндір.
Өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәрбиеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы — бірден-бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. "Әңгімелесушіге өктемдік ету — келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз".
Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті — жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлердің басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушылармен кездесу өткізуді және де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.
Европалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудкок пен Д.Френсистің "Басыбайлықтан босаған менеджер" кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:
Өзін меңгере білу;
Жеке басының бағалы қасиеттері;
Жеке өзінің айқын жоспарлары;
Жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;
Проблемаларды шешуге дағдылану;
Өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;
Маңайдағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;
Қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
Басшылық ету қабілетін;
Қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
Тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.
Әрбір басқару міндеттері білгілі бір нақты талаптар қоятындықтан, авторлар жоғарыда аталған факторларды кез келген жағдайда қатысты деп есептемейді. Алайда бұл аталған факторлар әрбір жұмыскердің берілген жұмысты орындау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Менеджерде осы аталған дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіспеген жағдайда оларда мынадай шектеулер пайда болады:
Өзін меңгере білмеу;
Жеке басының бағалы қасиеттерінің болмауы;
Жеке басында көмескі мақсаттың болуы;
Жеке басын жетілдірудің тоқырауы;
Проблемаларды шешу дағдысының жеткіліксіздігі;
Творчестволық ықпалдың жеткіліксіздігі;
Адамдарға ықпал ете алмаушылық;
Басшылық еңбегінің ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;
Басшылық дағдысының осалдығы;
Баули білмеушілік;
Ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар. Американ менеджмент мектебі жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:
Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырды.
Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білуі тиіс.
Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
Әзіл - оспақты түсіне білуі тиіс.
Әдетте әзілдеу жақсы көңіл - күйге байланысты, ал көңілдік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
Айта да, тыңдай да білуі керек.
Үнемдеуге тырысу керек.
Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |