Өзіндік сана өлшемдері: 1) өзін ортадан бөліп қарау, өзін субъект ретінде ұғыну (физикалық ортадан, әлеуметтік ортадан);
2) өз белсендігін – “Менін” ұғыну, өзін басқару;
3) өзін “өзгелер” арқылы ұғыну (“Менің өзгелерден көргенім, менің де қасиетім болуы мүмкін”);
4) өзін моральды бағалау, рефлексияның болуы - өзінің ішкі тәжірибесін ұғыну;
“Бейсаналық” ұғымы. Сана адам психикасында маңызды роль алғанымен, барлық психикалық өмірді қамти алмайды. Сана адамның ішкі дүниесінде өтетін процестердің басым бөлігін ұғына бермейді. Ұғынылмайтын психикалық процестер, операциялар және күйлер психикалық дүниенің айрықша сферасын құрайды және ол бейсаналық (санадан тыс) деп аталады. Психиканың бейсаналық деңгейінде субъект жасайтын әрекетті ерікті бақылау, олардың нәтижесін бағалау мүмкін емес.