Реферат Тақырыбы: Ми және психика Орындаған: Нұғман Сүйрік Қабылдаған



бет5/9
Дата08.02.2022
өлшемі30,91 Kb.
#122135
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Реферат Та ырыбы Ми ж не психика Орында ан Н ман С йрік абыл

2.1 МИ ЖӘНЕ ПСИХИКА
Психикалық процестер мидың жұмыс істеу принциптерімен тығыз байланысты жəне олардың өрбуінде мидың оң неме- се сол сыңарлары əртүрлі алгоритммен, тəртіппен ат салысады. Ғылымда екі ми сыңарларының қызметін түсіндіретін мидың функциялық асиметриясы (МФА деген ұғым қалыптасқан. Мидың функциялық асимметриясы – психикалық функциялардың мидың оң жəне сол жартышарының арасында бөлінуінің айырмашылықтарын көрсететін, мидың күрделі қасиеті.Функциялардыңжартышарларарасында бөлінуінің қалыптасуы мен дамуы биологиялық, мəдени факторлар кешенінің əсерінен əлеуметтену өрісінде сəби кезден жүреді деп саналады. Ми жартышарларының асимметриясы адамда психиканың белгілі бір құрылымының қалыптасуының себебі болуы арқылы оқыту үрдісінің негізгі компоненттерінің бірі болып саналады. Сондықтан білім беру жүйесіне, оқыту процесіне қатысты мəселе ретінде МФАның психологиялық, педагогикалық аспектілері жан-жақты зерттеліп, əртүрлі ізденістер арқылы жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріндегі, тұлғалық қасиеттеріндегі маңызын ашу өзекті мəселе болып саналады.
Осыған орай, соңғы жылдары бірқатар себептерге байланысты жеке адам психологиясының мазмұны, диагностикалау жəне психологиялық проблемаларына арналған еңбектердің саны едəуір өсуде. Жеке адам психологиясының дамуын, қалыптасу заңдылықтарын анықтаудың жалпы психологияда əртүрлі стратегиялары жəне нəтижелері бар. А.В. Либин адамдардың психологиялық айырмашылықтарын зерттеудің ең өнімді тəсілдемелерінің бірі биологиялық («табиғи») негіздер теориясына сүйенген тəсілдемелер деп санайды. И.П. Павловтың, Б.М. Теплов пен В.Д. Небылицынның, В.М. Русаловтың, Г. Айзенктің, Я. Стреляуды жəне басқа да ғалымдардың зерттеулері осы арнада орындалған. Бұл еңбектерде нейро жəне психофизиологиялық зерттеулер психологиялық білімдер жүйесіне тікелей кіріп, адамның жеке даралығының себептерін түсінуге қажетті буын болып табылатындығы атап өтіледі.
Ми жəне психика жұптамасының негізі болып саналатын психологиялық компонент ретінде мидың функциялық асимметриясы нақты-бейнелік жəне абстрактілік-қисындық ойлау, конвергенттік жəне дивергенттік ойлау, қабылдаудың бірінші жəне екінші сигналдық жүйелері, өріске тəуелділік жəне өріске тəуелсіздік, икемділік жəне ригидтілік, экстравер- сия жəне интроверсия сияқты жəне т.б. бірқатар психологиялық қарама-қарсылықтардың алғышарты болып саналады. Осы психологиялық қасиеттердің əртүрлі дəрежеде болуы адамдардың оларға тəн қабілеттерімен, эмоциялық-тұлғалық сипаттамаларымен, бейімделудің психологиялық типтік ерекшеліктерімен бірге мінез-құлқы, іс əрекеті жəне қарым қатынас көзі ретінде
«сол жартышарлық» жəне «оң жартышарлық» ойлауға сүйенуін қалыптастырады. В.Л. Биан- ки, В.С. Ротенберг, С.М. Бондаренко, Л.И. Вассерман, Е.Д. Хомская жəне басқалардың еңбектерінде мидың фунциялық асимметриясы психологиялық проблема ретінде қарастырылып, əлі де болса түбегейлі зерттеулерді талап ететін, психологиялық процестердің негізін құрайтын компонент ретінде маңыздылығы ашылмағанын алға тартады.
Осыған орай үстем жартышардың, жетекші қолдың, сөйлеудің, эмоциялардың, ойлаудың қалыптасуы жəне олардың өзара байланы- сы туралы деректердің қарама-қайшылығы, бытыраңқылығы жəне үзінділігі салдарынан мидың функциялық асимметриясы психолог мамандардың назарынан тыс қалуда.
Мидың функциялық асимметриясының (МФА) проблемалар жинағы – ежелден пайда болған мəселе. Адамның тіршілік ету кезінде, түрлі қызметтерді атқаруда қолдарының пайдалану бейімділігі ерте заманнан-ақ белгілі болатын. Соған сəйкес адамдарды оңқайларға («оң қолдыларға») жəне солақайларға («сол қолдыларға») бөлетін болған.
Ми жартышарларының функциялық тұрғыдан бірдей емес екендігі туралы мəселені ең алғаш 1861 жылы ағылшын неврологы Хьюлинг Джексон көтерді деп саналады. Сосын Поль Брока жəне Карл Вернике «сөйлеу орталықтарын» ашқан соң жартышарлық асимметрия бойынша кейінірек ашылған жаңалықтардың нəтижесінде адам миының сол жартышары сөйлеуге, қозғалыс белсенділігіне, денені кеңістікте бағдарлауға, ұтымды ойлануға қатысты үстем деп санала бастады. Мидың оң жартышары болса қосымша, маңыздылығы төмен автомат ретінде қарастырылды.
Дегенмен кейін келе мұндай ұстаным расталмады. Əртүрлі тəжірибелік деректердің жəне науқастарды бақылау нəтижелерінің біртіндеп жинақталуы ғалымдарды адам миының оң жартышары мидың белсенділігі төмен, қосымша құрылымы ғана емес, едəуір маңызды, өзіндік ерекшелікті функциялар атқаратыны туралы қорытынды жасауға мəжбүрледі.
Ғалымдар көптеген тəжірибелердің негізінде мидың жартышарлары арасындағы айырмашылық ақпараттың табиғатына емес, оны талдау тəсілдеріне байланысты екендігі туралы қорытындыға келді. Г.М. Вартапетова, Е.Э. Петрова мидың сол жартышарында вербалдық материалды талдау фонологиялық қағида бойынша: дыбыстық талдау жəне синтез арқылы орындалады, ал мидың оң жартышары сөзді тұтастай «гештальт» арқылы қабылдайды дейді [2].
Мидың оң жартышарының сөздік қоры бірден қалыптаспайтындығы жəне өзіндік ерекшеліктері бар екендігі байқалған. Бұл ауызша да, жазбаша да сөйлеуге қатысты. Адам техникалық жəне поэтикалық мəтіндерді қабылдаған кезде оның миының оң жəне сол жартышарлары белсенділігінің арақатынасы əртүрлі болатындығының дəлелденгеніне ерекше назар аудару керек. Екі жағдайда да ол сөздік конструкцияларды қабылдайтын болса да, техникалық мəтіндерді оқу кезінде мидың сол жартышары белсенді жұмыс істейді, ал көркем əдебиет оқыған кезде мидың оң жартышары белсенді жұмыс істейді. Осының дəлелі ретінде мидың оң жартышары зақымданған кезде ақындық өнер (сөздерді түрлі мағынада пайдаланумен байланысты қабілет) қатты зардап шегетін болып шықты [3].
Сонымен, мидың екі жартышары да сөйлеуді қабылдауды жəне сөйлеу белсенділігін реттеу функцияларына қатысады, бірақ оң жəне сол жартышарлардың ол функциялары мамандандырылған деуге болады. Ми жартышарларының мұндай мамандануы басқа да жоғары психикалық көріністерге қатысты көрінеді. Бұл мидың оң жартышары сол жартышарына қатысты жəрдемші функциялар атқаратын қарапайым құрылғы болып табылады деген көзқарасты теріске шығарды. Мысалы, мидың оң жартышары зақымданған соң мидың көріністі қабылдау, кеңістікте бағдарлану жəне кеңістіктік ойлау сияқты маңызды функциялары бұзылатыны анықталды. Мидың функциялық асимметриясы (МФА) туралы тəжірибелік деректердің жинақталуы нəтижесінде адам миы жартышарларының үстемдігі туралы тұжырымдама дами бастады. Ол тұжырымдамаға сəйкес мидың сол жартышары вербалдық-символдық функцияларға маманданған, ал оң жартышары кеңістіктіксинтетикалық функцияларға маманданған [1].
Бұл тұжырымдаманы дайындауға жəне мидың оң жартышарының рөлін анықтауға өзінің бірқатар ғылыми жұмыстары үшін 1981 жылы Нобель сыйлығын алған нейрохирург Роберт Сперри ерекше үлес қосты. Р. Сперри жəне оның əріптестері мидың əрбір жартышары бір-бірінен тəуелсіз ақпарат алатын бірқатар ерекше арнайы тесттер жəне техникалық тəсілдер ойлап шығарды [4].
Миының жартышарлары арасындағы байланыс үзілмеген, дені сау адамдармен жүргізілген зерттеулер ми жартышарларының мамандануының бар екендігін негізінен дəлелдеді. Мысалы, көптеген ғалымдар дені сау адамдардың миының жартышараралық асимметриясына электроэнцефалографиялық (ЭЭГ) зерттеулер жүргізді. Ол зерттеулерде ЭЭГ-да альфа-ырғақтың өзгеруі барынша анық көрінетін өзгерістері тапсырма олардың қайсысына жолданғанына байланысты сол немесе оң жартышарда байқалады. Қарапайым арифметикалық есептер шығаруға жəне жекелеген сөздерді немесе сөз тізбектерін ойлап табуға аналитикалық тəсілдемені пайдалануды талап ететін тапсырмалар кезінде, сыналушы адамдар миының электрлік белсенділігінің өзгеруінен оның сол жартышары белсенді жұмыс істейтіні белгілі болды.
Мидың оң жартышары нақты заттардың бейнелерімен жұмыс істеуге маманданған, кеңістікте бағдарлануға жауапты жəне кеңістіктік ақпаратты оңай қабылдайды, оны тұтасты бөліктері бойынша тануға қабілетті, яғни мидың синтетикалық қызметіне жауапты. Оң жартышар жағдаяттарды жəне олардағы адам өз қызметінің нəтижесінде алғысы келетін өзгерістерді тұтас көре білумен байланысты көрнекті-бейнелік ойлауды қамтамасыз етеді. Оң жартышар логика заңдары бойынша емес, сызықтық типті ассоциациялар заңдары бойынша қызмет ететіндігі жəне оң жартышарлық тетіктер шешуші рөл атқаратын қорытындылар бірлі-жарым казуальдық байланыстарға емес, көптеген конвергенциялық детерминанттарға негізделгендігі туралы болжам айтылған. Сол жартышар алгоритмдерді қалыптастыру заңдары бойынша қызмет істейді, ал оң жартышар эвристикалық түрде жұмыс істейді, ұйымдастырылған ақпаратты қабылдауды қамтамасыз етеді. Сурет салу жəне формалар мен түстердің үйлесімділігін қабылдау қабілетін, музыкалық есту қабілетін, əртістікті, спорттағы табыстарды мидың оң жартышарының функциясымен байланыстырады.
Мидың жартышараралық асимметриясының дəл ойлау стильдік ерекшеліктерін түсіну үшін В.Л. Бианкидың мидың индуктивтік-дедуктивтік латералдық мамандануы туралы болжамы қызықты болып табылады. Ол болжамға сəйкес мидың оң жартышары оқыту (үйрету) үрдісінде дедукция қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни алдымен ақпаратты синтездеуді, содан соң талдауды жүзеге асырады. Ал мидың сол жартышары алдымен тітіркендіргіштерді талдап, содан соң оларды синтездеп, индукция қағидасы бойынша жұмыс істейді [4]. Суретшілер ақпаратты негізінен оң жартышарлық ойлаудың мүмкіндіктеріне сүйеніп өңдейтіндігі, ал ғалымдар сол жартышарлық ойлаудың мүмкіндіктеріне сүйеніп өңдейтіндігі D.К. Сhаpman еңбектерінде көрсетіледі.
Сонымен, мектеп жəне жоғары оқу орындарында оқыту процесі МФА көрсеткіштеріне байланысты ұйымдастырылса жəне оның негізінде білім алушының психикалық ерекшеліктері есепке алынса, академиялық көрсеткіштердің нəтижесі жақсарары анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет